95
Ақын
оқу-білімнің адамның рухани
жағынан қалыптасуына зор пайда
тигізетіндігін де дұрыс көрсете білген,
ол оқыған адамның ой-өрісінің кең
болатындығын, оқудың адам баласы-
на көрсететін ықпалының зор екенді-
гін, он жасар оқыған баланың да ой
түюге
шамасы келетіндігін; ал оқы-
маған адамның жиырма жасында да
бала болып жүре беретіндігін айтып,
оқу-білім арқылы адамның ақыл-
ойы, зердесі, дүние танымы өсіп оты-
рады, дегенді тұжырымдайды. Ақын
толғауларында
осы айтылғандардан
басқа да психологиялық, педагоги-
калық мәні
бар көптеген пікірлерді
кездестіруге болады.
БАҒДАР
– субъекттің дайын, пейіл-
ді болуы; белгілі бір объекттің пайда
болатынын күн ілгері білген кезінде
пайда болады және осы объектке
қатысты іс-әрекеттің орнықты мақ-
саткерлік
сипатта өтуін қамтамасыз
етеді. Психологияда Б. жануарлар-
дың мақсатқа бағытталған әрекетін,
ағзаның алдын ала мәлім жағдаяттар-
ға бейімделуінің
психофизиология-
лық механизмдерін, психикалық про-
цестердің таңдамалылығы мен ба-
ғыттылығын, тұлғаның іс-әрекетінің
ұғынылмай реттелуінің, мінез-құлық
қалыптасуының механизмдерін зерт-
теуде қолданылады, әлеуметтік пси-
хологияда Б. топтың мүшесі ретінде
тұлғаның белгілі бір әлеуметтік объек-
тілерге қатынасын,
әлеуметтік мі-
нез-құлықтың өздігінен реттелуі, ор-
нықтылығы және үйлесімділігі меха-
низмдерін, әлеуметтену процесін, бағ-
дардың мыс., насихат ықпалымен
өзгерулерін зерттеу кезінде, сондай-
ақ белгілі бір жағдаяттарда тұлғаның
мінез-құлқының ықтимал нысанда-
рын
болжамдау кезінде пайдаланы-
лады. Іс-әрекеттегі бағдардың негізгі
функциялары: а) іс-әрекеттің орнық-
ты, дәйекті, мақсатқа лайық сипатқа
өтуін анықтайды; ә) субъектті стан-
дартты,
бұрын кезіккен жағдаяттар-
ға шешімдер қабылдау қажеттілігі-
нен босатады; б) іс-әрекеттің енжар-
лығына, қырсыздығына себепші бо-
латын және субъекттің жаңа жағдаят-
тарға бейімделуін қиындататын фак-
тор ретінде де көрінуі мүмкін. Бағ-
дардың мазмұны оны туындатқан объек-
тивті
фактордың, іс-әрекеттің құры-
лымындағы орнына тәуелді болады.
Достарыңызбен бөлісу: