Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет92/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ӘУЕз
ӘУЕз


91
табандылық пен шыдамдылықты 
көрсеткен еді. Ол «талапты, табанды 
жеңеді» деп жиі айтатын.
Қаламгер өмірден алған түрлі әсе-
рін, айталық табиғат сұлулығын, ән
мен күйдің жүрек қылын тербете-
тін әсемдігін қуанышты не қайғылы
жағдайдан туған әсерін аса көркем-
дікпен бере алса, шығарманың өз 
оқырманын тез баурап алатынды-
ғында сөз жоқ. Әрине, ақын, жазушы 
айналасындағының бәрін бірдей қа-
былдай бермейді, оларды ми мен 
жүрек елегінен қайта-қайта өткізіп
өзінше қорытып, өзіндік дүние етіп 
алады. «Тегінде – деп жазды ол,

 
зор дарынды, ойшыл, білімді, алғыр 
адамдардың ой-сезімі, санасы, барлық 
интеллект сипаттары бір-ақ қана ір-
геден туады, бір ғана арнадан тарай-
ды деп түсінбеймін, өзімізге мәлім 
сүйікті ұлы жандардың қай-қайсы-
сын алсақ та сезім саласын, ой-дү-
ниесін қалыптаған негіздер бір жақ-
ты болмайды». Шығармашылық әле-
мінде ойды жинақтай, синтездей алу
әрекеті де күшті дамыған болуы ке-
рек. Ол өзінің сезім мүшелеріне әсер
еткен түрлі құбылыстарды, не бір-
біріне қарама-қарсы тұрған объек-
тілерді тәптіштеп сұрыптайды да, 
жекелеген бейнелердің (образдар-
дың) штрих, детальдарын бөлшек-
теп, ажыратып, бұдан тұтас, жаңадан 
бір образ құрастырады. Осындай жол-
мен жасалған көркем шығарма ғана 
адамның жан-дүниесіне енеді де, оның 
ақыл-ойы мен сезім дүниесін билей-
тін болады. Мәселен, өзі сомдаған ұлы 
Абай бейнесі жұрт армандаған, бар 
жақсыдан қорытылған асылдың асылы, 
оның бетіне шыққан нәрі, типтік 
бейненің сом алтындай сығындысы.
Ғұлама жазушының этнопсихология, 
ұлттық мінез туралы айтқан түйін-тұ-
жырымдары да сапалығымен көзге
түседі. Ғалым әр халықтың, не ұлт-
тың өзіне тән мінез-құлқы, темпера-
менті, талғам түсінігі, әдет-ғұрпы, 
салт-санасы болатындығын әркез ес-
керіп отырған. Ол сондай-ақ, бұл ай-
тылғандардың біршама тұрақты да 
тұрлаулы болатындығын, қоғамдық 
сананың ұлттық бояуларға қануы 
қажеттігін айтқан. Автор халықтың 
ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан 
ортақ рухани тіршіліктері (фольклор, 
тіл, дін, өнер, дәстүр, салт, әдет-ғұ-
рып, т.б.) ұлт психологиясының 
ерекшеліктерін танып-білдіретін бас-
ты өлшемдер дейді.
«Қазақ халқының – деп жазды М.О.
Әуезов, ақындық қабілет дарыны 
өмірде ақынның ерекше типін ту-
ғызды». Оның «ақынның ерекше 
типі» деп отырғаны – қазақ өнерінің 
тарландары 

айтыс ақындары. 
Өлең-жырды бірден табан астында 
жанынан шығарып айту, суырып-сал-
ма қабілеттілік, қиыннан қиыстыру-
лар, хас шеберлік, тіл байлығы, өз 
қабілетіне табыну, халқымыздың ұлт-
тық психологиясының басты ерек-
шеліктерінің бірі. Ол халқымыздың 
«естірту», «жоқтау», «көңіл айту», «бет 
ашар», т.б. тұрмыс-салтқа байланыс-
ты туындаған өлең-жырларынан 
да қазақ халқының психологиялық 
кейпін жақсы көретіндігін, қоғамдық 
прогресс барысында ұлттық психо-
логия өзгеріске түсіп, жаңа мазмұн-
ға көшіп отыратындығын да еске 
салады, ...заттық тәрбиелік халықтық 
жағдайлар, орталар өзгерумен қатар-
ласа, ілесе адамның өз психикасы... 
мүмкіндігінше басқа сапаға ауысып, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет