Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасының құрылымы мен мазмұнындағы және оның әдістемелік кешенінің басты ерекшеліктері:
- балалардың жас кезеңдерінің ескерілуі;
- білім беру салаларының өтпелі тақырыптар арқылы кіріктірілуі;
- баланың білім, білік және дағдыларының жасына сәйкес даму деңгейінің көрсеткіші - күтілетін нәтижеге бағдарлануы;
- білім беру үдерісінің өтпелі тақырыптар жүйесімен ұзақ мерзімді (перспективалық) және қысқа мерзімді (циклограмма) жоспарлануы;
- баланың бағдарлама мазмұнын игеру деңгейін анықтаудың әдістемелік ұсынымдарының жүйеленуі.
Осы бағыттағы тәрбие мен оқыту мазмұнын балаға игерту, оларды тәрбиелей отырып, мектепке оқуға даярлау кәсіби қалыптасқан педагогтың құзырындағы жауапты қызмет екені баршамызға мәлім. Іске сәт, әріптестер!
Әдебиеттер 1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпығаміндетті стандарты, 2015 ж. 2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы, 2016 ж. 3. Ильясова А.Н. Становлние и развитие педагогической теории Казахстана (1900-1960 гг), Алматы, 1997. 4. Храпченков Г.М. К вопросу о методологических основах историкопедагогических исследований. – Қайнар, 1997.
Достарыңызбен бөлісу: |