МӘНЖАЗБА Тақырыбы: Волейбол ойыны кезіндегі негізгі тактикалар
Орындаған:Совет Ақбота Тексерген: Муса А.
2020-2021жж
ЖОСПАРЫ
Кіріспе-------------------------------------------------------------3
Негізгі бөлім-----------------------------------------------------4
Қорытынды бөлім---------------------------------------------8
Қолданылған әдебиеттер-----------------------------------9
Кіріспе
Спорт және қимыл ойындары – дене тәрбиесінің сезімталдыққа негізделген тәсілі, олар денсаулықты сақтауға және нығайтуға өте тиімді.
Сірә, спорт ойындарының ең қолайлы, кең тараған түрі волейбол болса керек. Енді осы ойынның адам организіміне әсері туралы қысқаша тоқталайық.
Ойын тактикасының қарапайымдылығы және доп үшін тікелей тартыстың жоқтығы волейболдың кқпшіліктің жаппай айналысуына жол ашты.
Ал волейболшылардың организіміне түсетін салмақ мөлшері орташа деңгейде. Денеге аса күшті әсер ететін қимыл – жүгіру мұнда аз қолданылады. Волейбол ойнау реакциясы жылдамдығын, ептілікті, төзімділікті қалыптастыруға көмектеседі, тыныс, жүрек, тамыр, бұлшық ет жүйелерін нығайтады, ой шаршауынан арылады, жалпы алғанда организімге игі әсер етеді, волейбол адамды коллективтік қимылға, жеке бас мүддесінің команда мүддесіне бағындыра білуге, тәртіпті болуға, өзгелерге дер кезінде көмекке келуге үйретеді.
Дәрігерлер мен дене шынықтыру, спорт мамандарының бірауызды пікірінше, волейболдың емдеу-сауықтыру мүмкіндіктері орасан зор.
Сондықтан да осынау тамаша ойын әрбір мекеме, жоғары оқу орны, мектеп, демалыс орны, тұрғын жайда берік орын алса, нұр үстіне нұр болар еді.
Споттық ойын ретінде волейболдың пайда болуы және дамуы. Хақаралық барша бұқарасына волейболмен шұғылдануға жолдың ашықтығы. Халықты сауықтыруға және бұқаралық спортты дамытуға волейболдың міндеті. Соғыстың алдынғы жылдарындғы Волейболдыңдамуы. Волейбол республикалық кешендік спорт мектептерінің бағдарламасында. Соғыстан кейінгіалғашқы жылдарда және соғыстан деінгі жылдарда волейболдың дамуы салыстырмалы мәліметтер. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан волейболы. Қазақстан волейболшыларының Қазақстан және Орта Азия Спартакиядаларының бағдарламасының біріншіліктерге қатысуы.
1956-жылға дейінгі біріншіліктері мен чемпионаттары. Қазақстан волейболшыларының халқаралық жарыстарға қатысуы. Қазақстан волейболшылары- Олимпиадалық ойындар, Әлем және Европа чемпиондары.
Волейболдың дене тәрбиесі және тұрғындарды сауықтыру жүйесіндегі орны. Разрядты талаптардың және бақылау нармативтерінің ғыдыми әдістемелік негізі.
Спорттық разрят және дәреже алу үшін разрядтық талаптар және волейболшылардың техникалық-тактикалық дайныдығының нормативтері.
Дене шынықтыру иниститутунда жоғары дәрежелі мамандарды даярлау (оқытушылар және жаттықтырушылар) волейболдың арғы қарай дамуының маңзыды шарттардың бірі. Волейбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан жүгіру, жүру, секіру, лақтыру т.б. жаттығулардан тұрады. Бұл ойынды он жасар баладан бастап қай жаста болмасын ойнай береді. Сондықтан да, волейбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді де ағзаға пайдалысы болып табылады. Ойын барысында нақты қозғалыс нәтижесінде ең бастысы адамның кординациясы қалыптасады. Қандай жаттығу болмасын, қозғалыс барысында нақтылы орындалады. Айталық, щабуылдау кезінде допты қарсыласының алаңға дәл түсіру, болмаса допты әріптесіне дәл бере білу, допты қарсыласының алаңына алдап тастау т.б. Демек адамның барлық қабілет-қасиетін қалыптастыратын ойынның бір түрі.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Волейбол ойын тәсілдерін үйрету және оны жетілдіру жолдары
Адам өмірінде спорттың яғни дене тәрбиесінің тигізер пайдасы зор. Спортпен айналысқан адам ширақта, жылдам, төзімді болып келеді. «Дені саудың жаны сау» деп бекер айтылмаған. Спорт адам өмірінің ұзаруына, оны былай қалағанда салауатты өмір сүруде толтырмас құрақ.
Жалпы білім беретін орта мектептің алға қойған негізгі мақсаты – оқушыларға салауатты өмір салтына сай қағидаларды енгізе отырып, болашақтың тірегі пайдасын тигізу үшін дені сау, күшті, епті, қиындықтан қорықпайтын төзімді, өабілетті азамат тәрбиелеу – болып табылады.
Мектептерде жаппай кең тараған ойындардың бірі – волейбол. Оқу барысында волейбол кейде жалпы жамыту дайындығы материалдық базасына сәйкес, спорт ойындарының бірі ретіндегі міндеті пән ретінде үйретіеді. Волейбол – командалық ойын, әр ойыншы өзінің қарсыласының іс-әрекетіне байланысты қозғалыс қимылдарын жасайды. Волейбол тарауы бойынша оқушылардың теориялық ақпараттар алуына, тактиканың және техниканың негізгі әдістері мен тәсілдерін үйренуіне, өздерінің мүмкіншілігіне сәйкес жаттығуына, екі жақты ойын кезінде үйренген дағдыларын жетілдіруіне мүмкіншілігі бар. дене тәрбиесінде волейбол ойынының кең көлемде таралуы оның әр түрлі жаттығуларға ыңғайлылығымен, жастардың демалыстарын дұрыс ұйымдастыруымен, денсаулықты және дене тәрбиесін жетілдірудегі жан-жақтылығымен, ойын ережесінің қарапайымдылығымен, керекті құралдардың және алаңның күрделі еместігімен түсіндіріледі. Ойын жағдайы жаттығушыларды жалпы мақсатқа жету үшін өзінің ойын кезіндегі іс-қимылын ұжымының мақсатына бағындыруға, жағдайға байланысты өзінің бар мүмкіншілігімен әрекет етуге, спорттық сайыс кезінде қиындықты жеңе білуге, ойын барысындағы шиеленіскен жағдайда дұрыс шешім қабылдауға тәрбиелейді. Бұлар оқушылардың ұжымдық сезімін; тез зейін қоюы мен шапшаң ойлауын, шешім қабылдағыштығын және өзінше қимылдар жасай білу дағдысын қалыптастырады.
Волейбол арасы тормен бөлінген арнайы алаңда екі команда бәсекеге түсетін спорттық ойын болып табылады. Ойынның мақсаты – қарсыластың алаңына доп түсетіндей етіп оны тордың үстімен бағыттау және қарсыласының осындай әрекетін болдырмау. Бұл үшін команда допқа үш рет қол тигізуге құқылы (және тосқауыл кезінде тағы бір рет қол тигізуге құқылы).
Ойын допты қосумен басталады. Допты ойынға қосушы соғу арқылы допты қарсы жаққа бағыттайды. Ойынның әрбір сәті доп сыртқа шығып кеткенше немесе команда қате жібергенше ойналады.
Команда ойынға қосылған допты қарсыласының алаңына соқса, ол ұпайға ие болады және оның ойыншылары сағат тілі бойынша бір орынға ауысады.
Волейбол ойыны тегіс әрі қатқылдау алаңда өткізіледі. Залда дайындалу (ойнау) барысында артық құралдардың барлығы (орындық, т.б.) алаңнан 3 м-ден кем болмауы және жеткілікті жарық болуы керек.
Ойын алаңының өлшемі 18х9 м тік төртбұрышты құрайды. Барлық сызықтардың ені – 5 м. Ортадағы сызық ойын алаңын әрқайсысының өлшемі 9х9 м болатын екі тең алаңға бөледі. Бұл сызық тордың асты арқылы бір бүйірден екінші бүйірге жүргізілген.
Әрбір алаңда алдыңғы аймақ (зона) ортадағы сызықпен, шабуылдау сызығымен шектелген. Шабуылдау сызығы ортадағы сызық белдеуінен 3 м қашықтықта жүргізіледі.
Допты ойынға қостаын аймақ – бұл жақтау сызығының артындағы ені 9 м-лік аймақ. Ол бүйірдегі ұзындығы 15 см-лік екі қысқа сызықпен шектеледі, олардың әрқайсысы жақтау сызықтан 20 см қашықтықта жүогізіледі. Екі қысқа сызық та допты ойынға қосу аймағына енгізілген. Ойынға қосу аймағы еркін аймақтың соңына дейін (3 м) созылады.
Тор бекітілетін бағандар бүйірдегі сызықтан 0,5 – 1 м қашықтыққа орнатылады.
Доп илеген жұмсақ теріден жасалған, дөңгелек болуы тиіс. Оның бояуы бір түрден боялған және ашық болуы керек. Көлемі – 65 – 67 см, массасы – 260 280 г.
Командада ең көп болғанда 12 ойыншы болады.
Волейбол ойнаушыларға мынадай гигиеналық талаптар қойылады: тырнағы өспеген болуы, сондай-ақ сақина, сырғаларын шешуі керек. Ойыншының қажетті киімі болуы қажет. Волейболмен жаттығу, үйрену жекелей, топтық немесе командалық түрде ұйымдастырылады. Жеке жаттығу, көбінесе волейболмен алғаш рет дайындалуды бастағанда, яғни жекелеген техникалық әдістерді үйренуде қолданылады.
Топпен және командамен ойнауға мүмкіндік беруі – волейбол ойынының кең көлемде тарауына әсер етіп отыр. Волейбол – командалық, ұжымдық ойын, сол себепті жаттығушылардың ұжымдық қарым-қатынастарын тәрбиелеп қалыптастыруда үлкен маңызға ие.
Ойын техникасы шабуыл техникасы (орын ауыстыру, допты ойынға қосу, беру, шабуыл соққысы) мен қорғаныс техникасына (орын ауыстыру, допты қабылдау, тосқауыл) бөлінеді.
Орын ауыстыру. Ойын барысында әр түрлі техникалық әдіс-тәсілдерді орындау үшін – ойыншы алаңда орын ауыстырулар жасайды. Мұндай орын ауыстырулар қорғанысқа және шабуылға байланысты техникалық-тактикалық әдістер жасағанда, өз орнын табу және шешім қабылдау үшін қолданылады. Техникалық-тактикалық мақсаттағы орын ауыстыруларды үйреніп, жетілдіруге қажет болатын жаттығулар:
бір орында жүгіруден қашықтыққа жүгіруге ауысу;
тізені көтеріп жүгіру;
жүгірісті секірумен алмастыру;
оң жақ және сол жақ бүйірге қарай жүгіру;
арнайы белгіге дейін жай жүгіруді шапшаң жүгіруге алмастыру;
допты еденге домалатып жіберіп, қуып жетіп тебу;
орын ауыстырудан кейін кез келген бағытқа секіру;
кез келген техникалық әдісті қайталау.
Қарсыласымен орындалатын жаттығулар:
қашқан серігін қуып жетіп, оған қолды тигізу;
допты алаңның ортасына қойып, әріптестер алаңның шетінде допқа арқасын беріп отырады, ысқырық бойынша екеуі де допқа қарай жүгіреді, допты әрқайсысы өзі иеленуге тырысады.
Допты беру техникасын үйрену жаттығулары:
Алаңда тордың жанында тұрып, ойыншы допты төменнен жоғары лақтырып, торды жағалатып береді:
а) әр түрлі бағытта (алға, пртқа, жоғары);
ә) әр түрлі қашықтықта (ұзын, қысқа, қысқартылған);
б) әр түрлі биіктікте (биік, орташа, төмен).
Әріптеспен жаттығулар:
екі ойыншы екі жақтағы бірыңғай сызықта тұрып, бір-біріне допты тордан жоғары көтеріп береді;
әр ойыншы шабуыл сызығында тұрады, допты беру үшін торға дейін жүгіріп келіп, қайтадан өз орындарына кетеді.
Допты төменнен тіке ойынға қосу. Допты ойынға қосу торға қарап тұрғанда орындалады. Шынтақ буынынан бүгілген бір қолмен белдің деңгейінде допты алда ұстап тұрады. Екінші қол сермеу үшін артқа қарай созылады. Саусақтар шамалы ғана алақанға қарай бүгіледі. Ойыншы допты жоғары қарай сәл лақтырып қалып, созылған қолмен допты ұру арқылы ойынға қосады.
Допты соғумен қатар ойыншы бір мезгілде артта тұрған аяғын жазып, алда тұрған аяғына дененің салмағын түсіреді. Допты ойынға қосқаннан кейінгі ойыншының қалпы доптың соңынан ұмтылғандай ыңғайда болады.
Допты берудің кең тараған түрі – екі қолмен жоғарыдан беру. Мұның артықшылығы – дәл және тура берілуінде. Мұндай берілуді орындау барысынды ойыншының аяғы тізеден сәл бүгіліп, қолы алға қарай шығып, беттің аядында болады, үлкен саусақ көздің деңгейінде болады. Ойыншы допты беруді орындаудан бұрын бастапқы қалыпты қабылдайды және допты қарсы алу үшін қажетті жағдайда орын ауыстырады.
Екі қолмен допты жоғарыдан беру үшін жасалатын жаттығулар:
допты жаттығушы екі қолмен төменнен жоғары лақтыру немесе бір жақ бүйірге жоғары, орын ауыстыру арқылы төмен түсіп келе жатқан допқа жақындап барып, допты жоғарыдан беруді орындайды;
қабырғаға жақын тұрып, қабырғаға бағыттап бұрып, 3 – 4 м-ден допты жоғары беруді орындайды.
Әріптесімен жасалатын жаттығулар:
ойыншы бастапқы қалыпта тұрады, серігі допты оның қолына лақтырады, ол серігіне жоғарыдан екі қолмен беру әдісін орындайды;
бір-біріне допты қайталап беру;
екі ойыншы да волейбол торының жанында тұрады, біреуі допты береді, екіншісі допты жоғарыдан екі қолмен торға түсіруге тырысады.
Төменнен қабылдау:
жаттығушы әр түрлі жағдайдан допты жоғары лақтырады, ойыншының бастапқы қалыбымен допты төменнен қабылдайды;
осылай, бірақ ойыншы допты жоғары-алға, жоғары-жанына лақтырады, ойыншы допқа жүгіріп шығып, допты төменнен қабылдап, қайта береді;
ойыншы допты еденге соғады, доп еденнен шоршығаннан кейін, жүгіріп жетіп, төменнен беруді орындайды. Әріптесімен төменнен беруде орындалатын жаттығулар жоғарыдан тура берудегі жаттығулар сияқты орындалады, тек төменнен орындалады.
Қарсыластың ойынға қосқан не шабуылдатып немесе алдайтын соққымен жіберген добын төменнен екі қолмен қабылдаған жақсы. Бұл жағдайда допты қабылдаудан көп қате кетпейді. Қол алда, алақандар біріктіріліп ұсталады. Қолдың қозғалысын қиындатпау үшін, оны еркін ұстайды. Соққыны жұмсарту үшін допты қабылдау кезінде екі шынтақты жақындатады, қолдарының қарын көтеріп, бұрады.
Допты жұдырықпен қабылдағанда, доп дәл тимей, шоршып, доп алаңның сыртына кетуі мүмкін. Допты алақанмен қабылдауға болмайды. Ойынның ережесі бұған рұқсат етпейді. Оған себеп, доп алақанда көбірек кідіріп қалуы мүмкін.
Допты қабылдауды көбіне орын ауыстырғаннан кейін, әсіресе қорғаныста ойнағанда орындауға тура келеді.
Волейбол ойынының техникалық элементтері:
Бастапқы қалып (ойыншының тұрғысы);
Допты ойынға қосу;
Допты командалас серігіне беру;
Шабуылдау соққылары;
Тосқауыл қою; әр түрлі секіру түрлері, допқа қарай ұмтылу, құлау.
І. Волейболшының тұрысы.
Жаңа ойнай бастаған оқушы-волейболшылар үшін дұрыс тұрудың (бастапқы қалыптың) маңызы зор. Бастапқы қалыптың көптеген түрі бар. Дегенмен, ең тиімдісі «орташа тұрыс» болып табылады. Тұрыс немесе тұру – ол ойыншыға кез-келген ойын әдісін орындауға мүмкіндік беретін бастапқы қалып.
ІІ. Орын ауыстыру.
Жаңа ойын барысында ойыншы алаң ішінде орын ауыстырып жүруіне тура келеді.
Орын ауыстыруға мынадай қимылдар енеді:
Қадамдар жасау – тік тұрған ойыншы әртүрлі бағытта ілеспелі (қосалқы) қадамдар жасайды, алға, артқа, оңға, солға, аттау және екі қадам жасау;
Секіріп қалу (секектету) – бұл екі қадам жасау, қимылдың соңына қарай алаң ішінде белгілі бір бағытта тез жүгіріп орын ауыстыру;
Жүгіру – басқа қалыпқа көшу үшін, яғни ойын тәсілін орында мақсатымен алаң ішінде белгілі бір бағытта тез жүгіріп орын ауыстыру;
Құлау – ойыншы өз қимыл-әрекетін өрістетуге, дәлірек айтқанда, өте қиын сәтте допқа тез жақындауға көмектесетін тәсіл: құлау доппен тікелей кездескеннен кейін ғана жүзеге асады, осыдан кейін ойыншы жаңа бастапқы қалыпқа келеді;
Секіру – қатты секіруден соң орындалатын ерекше қимыл.
ІІІ. Допты ойынға қосу.
Допты төменнен тура беру арқылы ойынға қосу.
Допты төменнен бір жақ жанына ойынға қосу.
Допты жоғарыдан тура беру арқылы ойынға қосу.
Допты жоғарыдан бір жақ жанына ойынға қосу.
Допты айналып ұшатын және айналмай ұшатын етіп ойынға қосу.
IV. Допты беру әдістері.
Тікелей шабуылдау соққысы – үш қадам жасап барып орындалады, бұл кезде ойыншы доппен секірудің барлық үш кезеңінде де, мысалы: ойыншы денесінің ұша бастау сәтінде, ұшудың жоғары нүктесінде және оның төмен түсу сәтінде кездесе алады.
Бір жақ бүйірден шабуылдау соққысы оны орындаудың техникасы өте күрделі және ол ерекше шеберлікті талап етеді.
V. Тосқауыл қою.
Тосқауыл қою – қарсыластың шабуылдау соққысынан соң доптың ұшына кедергі жасау мақсатымен тордың үстіңгі деңгейіне қолды қарсы тосу. Бұл қорғаныс әрекеті кей жағдайда қарсы шабуыл жасау тәсілі болып табылады. Тосқауыл жасауды бір, екі, кейде үш ойыншы бірігіп жүзеге асыра береді.
Қорыта келгенде: мектептегі дене тәрбиесі қозғалысының бастапқы буыны және оның бір бөлігі болып табылады.
Ойынның техникасы мен тактикасын оқыту
Ойынның техникасы мен тактикасын оқыту бір-бірімен тығыз байланысты жүреді. Техникалық дайындықтың негізгі міндеті оның әртүрлі жағдайларында жоғары дәлдікке жету үшін барлық техникалық тәсілдерді игеріп, оларды одан әрі жетілдіре түсу болмақ.
Волейболда төрт техникалық тәсіл бар: допты бір-біріне беру, ойынға қосу, шабуылдай соғу, тосқауыл қою.
Техникалық даярлықтың басты міндеті- жарыс барысында қорғаушыларды ойынды дұрыс жүргізуге үйрету. Бұл міндетті шешу үшін жекелей топтық және командалық әрекеттерді үйреніп, кездесудің тактикалық жоспарын дұрыс жасап, оны жүзеге асыра білуді қалыптастыру керек.
Шынығудың, техникалық және тактикалық даярлықтың өзара байланысы және тәуелділігі ойыншылар техникасының негізгі тәсілдерін менгере бастаған алғашқы сабақтардан-ақ жүзеге асыруы қажет.
Ойын техникасы
Ең алдымен шабуылдағы ойын техникасы мен қорғаныстығы ойын техникасын ажырата білгені жөн.
Волейболды оқытудың техникасы ол педагогикалық процесс.
Волейболдың техникасын, допты қабылдауды үйренуде шұғылданушылардың талаптарына, жаттығулардың санына өз бетінше шұғылдануына қызығушылығына, ойынның жоғары сапалығына, жаттықтырушының стилімен ойыншылардың сәйкестігіне байланысты.
Жаттықтырушы волейбол ойынының ілімін жоғары және сапалы түрде қолдану үшін, ол: кинофильмдар, бейне таспалар, квалификацияландырылған спортсмендердің тәжірибесін даопты жоғары және төменгі жақтан қабылдағандағы суретке түсірілген сәттерді өз тәжірибесінқосу, көбірек допты қалай қабылдауды көрсетіп, бұл әрекеттерді практикада қолдана білу болып табылады.
Волейбол ойынының ілімінің қолдану келесі кезектен тұрады: жаттықтырушы ойыншыларды жартылай айналдыра орналастырып ойынды бастау үшін физикалық жаттығудан бастайды.
Бастапқы кезде үйретілетін техникалық әрекеттерді көрсету үшін жаттықтырушы немесе тәжірибесі мол спортшы көрсетіледі,одан кейін бастапқы қалып түсіндіріледі.
Жаттығу кезінде жаттықтырушы негізгі әрекеттердіңқалай жасалатынын көрсетеді, одан кейін волейболистер бұл әрекеттерді қайталап көрсетіп үйренеді ал, ойыншы қателік жасайтын жағдайда бұл әрекеттерде треннирдің өзі тағыда қайталап көрсетіпберуі тиіс, ойыншы бұл әрекеттерді үйренгенге дейін.
Шабуылдағы ойын техникасы
Ойын техникасында дұрыс тұру және орын алмастыру ерекше маңызға ие болды.
Шабуыл техникасында тұрудың бір ғана түрі-негізгі түрі бар.Осындай тұрыста аяқ иықтың мөлшерінде қойылып,тізеден бүгіледі, жауырын тік, қол шынтақтан бүгіліп, кеуденің алдындағы жағында ұсталады.
Шабуыл техникасы тәсілдерін орындау кезінде ойыншы орын алмастырады. Орын алмастыру кезінде түрлі бағытта жүріп немесе жүгіріп атқарылады.
Шабуылдай соғу кзіндегі екі немесе бір аяқпен секіру, бір орыннан жүгіріп келіп скеіру қолданылады. Ойыншы дер кезінде орын ауыстырып, негізгі тұрыс қалпына енгенде ғана техникалық тәсіл дүрыс орындалуы мумкін.
Допты қабылдау жоғарғы дәрежеде болуы.
Волейболистер ойын әрекеттерін қалай меңгергендігі тексеру үшін, ойын кезіндегі қимылдардың көрсету талап етіледі. Мысалы: аяқтың қалай тұруын, допты жоғарғы жақтан қабылдауын т.б.
Тағы да үлкен рөл атқаратын ойындағы үрдістің бірі бұлшық еттердің қимылдары мен орындалу тәсілдері. Бірақ ең эфектті әдіс ол жаттығушылардың өз бетінше техникалық әрекеттерді үйрену болып есептееледі. Соған қарамастан тренердің ақпараттары көрсетпелері жоққа шығарылмайды. Мысалы, теқникалық әрекеттердің орындалуы бұлшық еттердің күшіне де байланысты екендігін ойыншыға жеткізу керек.
Мұндай көрсетпелер арқылы тез қимылдау жағдайына дәйектенеді. Бірінші үйрену этабында сатысында жаттығулар жеңіл формада жоспарланады. Спорттық техникалық әрекеттерді үйреткенде жаттығулардың жасалынуы толық және бөлшектелініп көрсетіледі. Жаттығуларды толық немесе бөлшектеп үйрету әдістері спортшының қабылдай алу қабілетіне байланысты. Техникалық қабылдаулардың байланысы әрбір ойында орындалады. Қабылдаулардың тәртібі ойында ауысқан кезде оған байланысты тез қимылдап сол фазаға орнығу қажет. Осындай жолмен яғни техникалық қабылдауларды зерттеген үйренген шақта оны ойын барысында ойынның соңына дейін жүзеге асыру негізгі жұмыс механизімнің техникасы болып табылады. Исключение допты ойынға қосу ал оның орындалуына орнықты және ешқандай өзгеріссіз жағдайда орындалады. Допты жоғарғы немесе төменнен ойынға қосу кезінде оның соған үйреншікті механизімнің пайда болуы, ойынның өзгермеуі орнықты жағдай. Допты жоғарғы немесе төменгі жақтан ойынға қосқан жағдайда сетканың қасында тұрған қарсыластары оны келесі бетке өткізу механизімін қалыптастыру керек. Бұдан кейін допты қабылдауды және допты ойынға қосуда белгісіз жаққа берілмеуін қамтамасыз ету керек.
Үйренер алдында ең бірінші ойыншы өз орнында секірмей допты полға, қабырғаға немесе қарама-қарсы жақтағы ойыншыларға береді. Одан кейін шабуылдаушы бір орында 2 қадам 3 қадам секіреді. Допты ойынға қосудың ең негізгі допты сетканың келесі бетіне түсіру. Ол үшін волейболшы сеткадан немесе қабырғадан 4-7 метр қашықтықта болуы тиіс. Содан соң допты ойынға қосу бір орында тұрыпта жүргізіледі. Екі жақты ойыншылар көп жаттығуы яғни барлық жаттығулардың 30-40%-ін жүргізу керек. Екінші этапта ойыншылар допты қабылдауға, тактикаға байланысты жаттығу жасау керек. Мысалы: сетканың бір бетінде тұрып екінші бетіне қолдың ұзындығын сақтап сеткаға тигізбей секіру. Әрқашан қабылдауда және допты ойынға қосқанда доптың ұшу троекториясы өзгереді және жылдамдана береді.
Допты қабылдаудың жоғарғы дәрежеде болуында оның орындалу әдісі үлкен рөл атқарады. Оны дайындалу ойынында қайталап көрсеткенде оның қателіктерін жаттықтырушы көрсетіп түзулейді.
Ең үлкен рөль атқаратыны жаттықтырушының кең көлемде ақпараттандырылғандығы, соның волейбол ойыншысында орындалып қозғалу процесінде әсерін тигізеді. Практикалық ойындарда техниканың қопталуы 45-55% уақытты алады. Екінші этапта ойыншының миы тынығып жүйке жүйесі орнына келуі, ойынның аяқталу кезеңі. Үшінші этап қабылдауды үйрену кезінде допты ойынға қосу ол қолдың орналасуына қарамай өз ритімінде орындау. Допты қабылдау зерттеу бұл этапта көру жолдастық ойындарда, жаттығуларда жарыстарда қолданылады. Ең қиын орынды алатыны жаттығулардың қиындатылған характері, ауыр нагрузка, ойындағы техникалық қабылдауды ыңғайлы емес жағдайда орындау және т.б.
Дайындық ойындар, техникалық дайындалу бұл этап 50-70% уақытты жаттығудан тұрады. Көп ойындар өткізгенде техникалық қабылдауларды қолдана білетін волейбол ойыншыларда төзімділік пайда болады, сол төзімділіктен олар ойында еркін ойнап қабылдаулардыдер кезінде қиын жағдайларда да қолданып жүзеге асырып отырады.
Қорғаныстағы ойын техникасы
Қорғаныс техникасында дұрыс тұру мен орын ауыстыру ерекше орын алады. Негізгі тұрыстан басқа, еңкейіп тұру немесе қорғанушының тұрысы бар. Мұндай тұрыста аяқ тізеден бүгіліп, ойыншы кез-келген қатты соққыны қабылдауға, кез-келген бағытта орын ауыстыруға әзір тұрады. Қорғаныста ойнаған кезде орын ауыстыру барлық бағытта адымдап немесе жүгіріп жүру арқылы жүзеге асырылады. Қарсыластың шабуылдаушысы соққысын тосқауыл қойғанда ойыншы бір орыннан секіріп және тор бойымен қозғалып барып тосқауыл жасайды. Қорғаныста қиын допты қабылдау үстінде ойыншы құлап барып та алады.
Қорғаныс техникасында роын ауыстыру және доптың астына шығу шабуылдағыға қарағанда ерекше мәнеге ие болады.
Ойынға қосылған допты және шабуылдаушы соққыны қабылдау
Ойынға қосылған допты немесе шабуылдаушы соққыны қос қолымен жоғарыдан немесе төменнен қабылдауға болады. Допты жоғарыдан қос қолмен беру «шабуыл техникасы» бөлімінде айтылған.
Қорғаныс техникасында біз ойынға қосылған допты және шабуылдаушы соққыны төменнен қос және бір қолмен қабылдау, допты шабуылдай беру жайларын қарастыру.
Допты қос қолмен төменнен беру
Допты ойынға қатты соғып және қалықтата қосу, сондай-ақ шабуылдаушы соққының қуытының арта түсуі бұл әдісті жиірек қолдануға мәжбүр етеді. Төменнен доп берудің бастапқы қалпы негізгі тұрыс немесе еңкейіп тұру болмақ. Түзу қолдан алға қарай созылып, шынтақтар бір-біріне жақындай түседі. Қолдың саусақтары бойынша орналасады: бір қолдың жұдырығы түйіліп, екінші қолдың саусақтары оны сыртынан қапсыра ұстайды да бос бармақтар бір-біріне паралель болады. Допты қабылдау кезінде жауырын тік болып, қол иық буынымен жұмыс істейді . Допты иықтан алға таман білекпен қабылданады.
Допты дұрыс қабылдап қайтару үшін алдын ала орын ауыстырып, доптың ойыншысының алдына келуін қадағалаған жөн. Кейде бір бүйірлі алыстау келген допты астынан бір қолмен алуға да болады. Мұндай да саусақтар қатты болады немесе білекпен алынады.
Допты жоғарыдан қос қолмен құлап, арқаға аунап барып беру
Қорғаныста ойнағанда осындай әдістер ұолданылады. Оны дұрыс жүзеге асыру үшін ойыншы орын ауыстырған соң еңкейіп тұру қалпына еніп, сонан соң допты береді. Сонан кейін иығы біртіндеп артқа қарай жіберіп артта тұрған аяғының өкшесіне отырады да, жинақталып барып құлап, арқасына аунап түседі.
Аунап түскен соң аяқты сермеп жіберіп, орынан тұрып, негізгі тұрыс қалпын қабылдайды.
Артқа аунап түсу бір бұйірге қисайып барып та атқарлуы мүмкін, мұндай ойыншы алдымен созылған аяғына қарай кеудесін бұрып, допты қабылдап, иығын кері қарай жіберіп барып арқаға аунап түседі.
Допты кеудемен құлап барып, қабылдау
Бұл ойыншы алға қарай орын ауыстырып үлгере алмай қалған жағдайда қолданылады. Ойыншы алға ұмтылып барып, допты алады да қолын жерге тік тіреп түседі. Сонан кейін ол қолын шынтағынан бүгіп, кеудесімен жер тірейді. Сонан соң, қол екі жаққа жіберіліп ойыншы кеудесімен жылжыйды.
Допты былайша қабылдаған кезде аяқ тізеден бүгіліп, аяқтың басы ашық ұсталуы, бас кейін қарай шалқайтылуы керек.
Тордан кері серпілген допты қабылдау.
Доты тордан серпілу ерекшеліктерін білу керек. Егер доп тордың жоғарғы жиегіне таман тисе оның серпіліуі күші аз болады да, ол төмен қарай тік түседі. Егер доп тордың төменгі жиегіне тисе, оның серпілуі әжептәуір.
Тордан 1-1,5 метрдей жерге жетеді. Доптың серпіліуінің осындай ерекшеліктерін біле отырып ойыншы торға жақындап келіп, еңкейіп тұрған қалыпта допты қабылдау керек.
Допты жерге тақтау қабылдаған жөн. Мұндайда ойыншыға тор кедергі келтірілмейді.
Қортынды
Ойынның техникасы мен тактикасын оқыту бір-бірімен тығыз байланысты жүреді. Техникалық дайындықтың негізгі міндеті оның әртүрлі жағдайларында жоғары дәлдікке жету үшін барлық техникалық тәсілдерді игеріп, оларды одан әрі жетілдіре түсу болмақ. Волейболда төрт техникалық тәсіл бар: допты бір-біріне беру, ойынға қосу, шабуылдай соғу, тосқауыл қою. Техникалық даярлықтың басты міндеті - жарыс барысында қорғаушыларды ойынды дұрыс жүргізуге үйрету. Бұл міндетті шешу үшін жекелей топтық және командалық әрекеттерді үйреніп, кездесудің тактикалық жоспарын дұрыс жасап, оны жүзеге асыра білуді қалыптастыру керек. Шынығудың, техникалық және тактикалық даярлықтың өзара байланысы және тәуелділігі ойыншылар техникасының негізгі тәсілдерін меңгере бастаған алғашқы сабақтардан-ақ жүзеге асыруы қажет.
Волейбол еңбекші бұқараны дене шынықтыру және спортпен тиянақты айналысуға, белсенді демалуға дайындаудың күшті құралдарының бірі.
Спорттық тартымдылығы – бәсекеде. Спорттық жекпе-жек техникалық шеберлікті жетілдірудің тамаша ынталандыру жолы. Ол әркімге күрес қуанышын сыйлайп, әсіресе жасөспірімдерді қызықтырады.
Жарысты ширақ ұйымдастыру, салтанатты түрде өткізу, жеңімпаз командаларды наградтау, құрыметті жүлдегерлерді сарапқа салу-осының бәрі ойынды халыққа әйгілеуге көмектеседі.
Волейболмен айналысу-тек дене тәрбиесінің ұтымды жолы емес, жастарды пайдалы, қызғылықты іске тартудың да тимді түрі. Спорт нұсқаулары мен жаттықтырушыларды күнделікті жұмысына А.С.Макаренконың ойынға жетекшілік ету және ойын коллективін тәрбиелеу жөніндегі бағалы педагогканың ұсыныстарды тимді пайдалана белген жөн.
1.Спортпен айналысу бәрін ұмыттратын әуестікке айналмасуын мұқият қадағалау қажет.
2.Оқушы өзінің жеке табысына ғана масаттанып қоймай, команданың табысын мақтан ететіндей қалыптастырудың маңызы зор.
3.Даңдайсуға жол бермей, қарсыластардың күшіне де сыйлау сезімімен қарауды тәрбиелеген жөн.
4.Командадағы жаттығу,ұйымшылдық пен тәртіп тағы үнемі назарда болуы керек.
5.Ойыншылардың табыстар мен сәтсіздіктерге деген салқын қанды қатынасын қалыптастыру шарт.
Қазақстанда алғашқы жарыс 1926 жылы Қызылордада ұйымдастырылды. Қазақстан волейболы 20 ғасырдың 60-жылдары жақсы дамыды. Ол спорт шебері, КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Октябрь Жарылғаповтың есіміне тікелей байланысты. Оның құрған «Буревестник» ерлер командасы 1969 жылы КСРО-ның, 1970 – 71 жылы Еуропа чемпиондарының кубогін жеңіп алды. Қазақстанда тәрбиеленген Валерий Кравченко, Олег Антропов, Надежда Смолеева 1968 жылы Мексикада өткен 19-Олимпиялық ойындардың, 1969 жылы Жәнібек Саурамбаев Еуропаның чемпионы атанды. Мұндай табысқа 1988 жылы Сеулдегі 26-Олимпиялық ойындарда Ольга Кривошеева, Елена Чебукина, Татьяна Меньшовалар жетті. Алматының АДК әйелдер волейбол командасы 1984 жылы КСРО-ның чемпионы атанды. Волейболшылардың халықаралық одағы 1924 жылы құрылған; 1992 жылдан осы одаққа Қазақстан Республикасының Волейбол федерациясы мүше.
1933 жылдың 30 қыркүйек пен 6 қазан аралығында елімізде 2 республикалық спартакиада ұйымдастырылып, бұл жарыстың бағдарламасына да воллейбол ойыны кірді. Бұл дүбірлі додада «СКИФ» чемпиондық тұғырдан көрінсе, алматылық «Авангард» екінші орынды қанағат тұтты. Қола медаль «Медик» командасының қоржынына салынды. 1954 жылдан бастап республикада ведомствоаралық жарыстар өткізіліп, бұл додаларда «Б» ерікті спорт қоғамының командасы үздік өнер көрсетіп, қарсыластарын тізе бүктірген. Кейін келе бұл команда «А» класстағы топқа өткен. Осы команда 1963 жылы елімізде өткен 3 спартакиадаға қатысып, Әзірбайжан, Эстония, Беларуссия құрамаларын тізе бүктірсе, Украина тобынан жеңіліс тапты. Ақтық сында құрамамыз Ленинград құрамасын 3-1 есебімен жеңсе, грузин командасы мен мәскеулік воллейболшылардан жеңіліс тапты. Осы жолы командамыздың бағы жанбай, тек 5 орынды қанағат тұтты. 1969 жылы Алматының «Б» командасы еліміздің кәсіподақтарының біріншілігінде жеңімпаз атанды. Екі жылдан кейін біздің команда Еуропа кубогінде керемет ойын көрсетіп, чемпион атанды.Осы табыстардан кейін алматылық воллейболшылар Кравченко мен Антропов КСРО-ның құрама командасына қабылданып, Мехикодағы олимпиада ойындарынан алтын медальмен елге оралған. Біздің әйелдер құрамасында өнер көрсеткен Смолеева алтыннан алқа таққан.
Волейболмен айналысу-тек дене тәрбиесінің ұтымды жолы емес, жастарды пайдалы, қызғылықты іске тартудың да тимді түрі. Спорт нұсқаулары мен жаттықтырушыларды күнделікті жұмысына А.С.Макаренконың ойынға жетекшілік ету және ойын коллективін тәрбиелеу жөніндегі бағалы педагогканың ұсыныстарды тимді пайдалана белген жөн.
Қолданылған әдебиеттер:
1.И.Ф.Андрущишин,К.В.Ильющенко.Волейбол. Алматы, 1999
2.Волейбол. Правила соревнований. Алматы, 2001
3.Асарбаев А.Қ. Волейбол-баршаға. Алматы,1992
4.Ильющенко К.В.Волейбол в Қазахстане. Алматы, 1979
5. Ахмеров Э.К. О техника волейболиста к мячу при нападающем ураде. Теория и практика физической культуры 1979
6. Железняк Ю.Д. Техника волейбола, подача мяча-физическая культура в школе, 1970
7.Поричев М.Чтобы выше пригать: Секреты тренировки в волейболе. Тренер.-1992.
Достарыңызбен бөлісу: |