+ антикоагулянттар//
***
Кеуде артындағы қарқынды аурыру ұстамасымен 69 жастағы әйелде морфин енгізген кезде тыныс алу орталығының әлсіреу белгілері пайда болды.
Көрсетілген дәрілердің қайсысын енгізу БАРЫНША тиімді?//
+ налоксон//
***
44 жасар науқас ауыр ағымды бронхиалды демікпемен 25 жыл бойы ауырады. Преднизолон 30 мг тәулігіне, беклометазон дипропионаты 600 мкг/тәул және сальметерол қабылдайды. Сальбутамолда қажеттілік – күніне 3-4 рет, тұншығу ұстамасы аздаған физикалық жүктеме кезінде пайда болады, өткір иістер, шаң, температура өзгерістері теріс әсер көрсетеді. Сонымен қатар, науқаста созылмалы гастрит, артериалды гипертензия 2 деңгей, қауіп тобы 3, ДМИ – 32. Қандай емдеу тактикасы ең дұрыс?//
+ беклометазонды флюнисолид немесе будесонидпен ауыстыру//
***
26 жастағы ер адам ашты тамақ пен ішімдік қабылдағаннан 30 - 40 минуттан кейін асқазан тұсындағы басып ауру сезіміне; сода қабылдағаннан кейін азаятын, қатты мазалайтын қыжылға; қышқылмен кекіруге шағымданады. Қарап тексергенде: тілі ақ жабынмен жабылған, терең пальпацияда асқазан тұсындағы жайылмалы ауырсыну сезімі. ЭФГДС да: асқазан кілегейлі қабаты қызарған және ісінген, антральды бөлігінде – бірен саран геморрагиялық эрозиялар. Науқасқа төменде келтірілген дәрілердің қайсысы БАРЫНША көретілген?//
+ лансопрозол//
***
Әйел 27 жаста, жүктілігінің 28-29 аптасы, УДЗ кезінде өт қапшығында өт шығу жолының ¼ жауып тұратын өттастары анықталды. Көп майлы тамақ жегеннен кейін ішінде белдемелі ауру сезімі, жүрек айну, 1 рет жеген тамағы аралас құсу болды. Жүктілік кезінде төменде көрсетілгендердің ішінде қайсысы берілген патологияның даму қауіпін жоғарлатады?//
+ эстрогендердің жоғары деңгейі//
***
39 жастағы ер адам 2 сағат бұрын пайда болған тыныс алудың қиындауына шағымданады. Қарау кезінде науқас мәжбүрлі қалыпта- тері жабындылары бозғылт және ылғалды, көп мөлшерде көпірікті серозды қақырық, тыныс алу актісіне өосымша бұлшық еттер қатысады, өкпенің барлық алаңы бойынша көптеген құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі, жүрек үндері тұйықталған, ЖЖЖ 120 минутына. Науқасқа оттегі-ауалы қоспа ингаляциясы мен преднизолон 30 мг жасалды. 20 мин кейін жағдайы: тыныс алу жеткіліксіздігі сақталуда, АҚҚ – 85/55 мм с.б. Берілген деңгейде науқасқа төменде көрсетілгендерден не жасау керек?//
+ преднизолон//
***
32 жастағы ер адамда ортопноэ, қозулы, ентігу, тыныс алуға қосымша бұлшықеттер қатысады, қысқа сөздермен сөйлейді, алшақтан ысқырықты сырылдар естіледі, көп мөлшерлі көпірікті ақ түсті қақырық бөлінумен жөтел, ТАЖ 30 минутына, ЖЖЖ 105 минутына, дем шығарудың шыңдық жылдамдығы қалыптыдан – 45%. Соңғы сағатта – сальбутамолдың 6 ингаляциясы тиімсіз. Қабылдау бөлімінде т/і метилпреднизолон мен эуфиллин басталды. 1 сағаттан кейін- дем шығарудың шыңдық жылдамдығы қалыптыдан 48%. Ары қарай қандай ем тактикасы ең дұрыс?//
Достарыңызбен бөлісу: |