+ сарысулық темірді тексеру, себебі гем биосинтезі бұзылған //
***
Науқас, 56 жаста, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуіне, тершеңдікке, сүйектердің ауырсынуына, тәбетінің төмендеуіне, сол жақ қабырға астындағы ауырлыққа шағымданады. Объективті: терінің және көзге көрінетін шырышты қабаттардың айқын бозаруы. Іші спленомегалия салдарынан ұлғайған. ҚЖА: гемоглобин-105 г/л., эритроциттер-3,15х1012/л, тромбоциттер-450х109/л, лейкоциттер-205х109/л, лейкоформула: бласты 1%, промиелоциттер 3%, миелоциттер 7%, метамиелоциттер 11%, таяқшалар 21%, сегменттер 47%, эозинофилдер 7%, базофилдер 3%, ЭТЖ 40мм/сағ. Цитогенетикалық анализде Филадельфиялық хромосома анықталды. Төмендегілердің қайсысы «бірінші қатардың» дәрісі және неліктен?//
+ иматиниб, себебі ол Bcr-Abl ферментін клеткалық деңгейде тежейді//
***
В. деген 53 жастғы науқас басы, жүрек тұсының ауыруы, су процедураларынан кейін күшейетін тері қышуы, аяқ саусақтарының күйдіріп ауыруына шағымданады. Қарағанда: терісі қызарған көгілдір түсті, склерасы инъецирленген. Куперман симптомы оң. Жүрек үндері тұйық. АҚ-170/100 мм с.б. Көк бауыр қабырға доғасынан 3 см төмен, тығыз, ауыру сезімінсіз. Қанда: эр-6,9 млн., Нв-201 г/л, ТК-0,9, лейк-11,3 мың, таяқша-7%, сегм-60%, эоз-4%, лимф-25%, мон-4%, тромб-480 мың, ЭТЖ-1 мм/сағ. Қандай ем қолданасыз, негіздеңіз://
+ дезагреганттар, себебі олар АДФ рецепторларымен бірігіп, тромбоциттер агрегациясын төмендетеді//
***
16 жасар қызда тері жабындарының бозғылттығы, терісінде геморрагиялық бөртпелер, дене температурасының 39оС жоғарылауы, сүйек перкуссиясы кезінде ауырсыну, шеткі лимфа түйіндерінің үлкеюі, гепатоспленомегалия байқалған. ҚЖА: эритроциттер - 2,1х109/л, гемоглобин – 64 г/л, лейкоциттер – 4,6х109/л, тромбоциттер - 56х109/л, бласты, СОЭ - 48 мм/сағ. Лейкограммадааралық формалары жоқ, зәр қышқылының деңгейі 0,7 г/л құрады (норма 0,3 г/л дейін).Еміне қандай дәрілер қосқан дұрыс және неліктен//
Достарыңызбен бөлісу: |