+ реактивті депрессия//
***
Науқас 47 жаста, сауыншы. 10 жыл бойы бруцеллезбен ауырады. Бас ауруына, жайсыздықа, дене температурасының көтерілуіне, бүкіл денесіндегі ауру сезіміне шағымданады. Қарап тексеруде: тері жабындылары бозғылт, перифериялық лимфа түйіндері, бауыр,көкбауыры ұлғайған. Ірі буындар аймағы ауру сезімді. Науқас әлсіз, көңіл-күйі төмендеген. Бөлме ішінен «өлтірем»деген әйел дауысын естіген, дауыс шынайы әйел дауысы. Ең тән болжама диагнозды табыңыз://
+ интоксикациялық психоз,галлюцинациялық синдром//
***
26 жастағы ер адам қайталамалы құсу, әлсіздік, эпигастральды аймактағы ауыру сезіміне, 15 ретке дейін сұйық көп мөлшерде нәжіске шағымданып жұқпалы аурулар ауруханасына келді. Эпиданамнезінде: кеше кешкісін гриль тауығын жеген. Қарап тексергенде: температура – 36,0°С, әлсіз, шөлдеу мазалайды. АҚҚ – 85/60 мм сын.бағ. Пульсі минутына – 95 рет. Іші жұмсақ, кіндік аймағындағы ауыру сезімі байқалады. Қарынның тітіркену симптомдары жоқ. Нәжісі сұйық, сасық иісті, жасыл түсті.Таң ертеңнен бері кіші дәретке бармаған. Қандай емдік шара бірінші кезекте жүргізілуі тиіс?//
+ тамыр ішілік регидратация
***
48 жастағы әйел адам, балтыр бұлшық еттеріндегі қатты ауыру сезіміне, дене қызуының жоғарылауына, бастың ауыруына, белдің ауыруына. Жедел ауырған. Анамнезінде: жаз бойы табиғатқа шығып демалған, Қапшағай көлінде шомылған. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр, дене қызуы – 39,9ºС. Денесі мен қолдарында аздаған петехиальді бөртпе байқалады. Барлық лимфа түйіндері ұлғайған. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,5 см-ге төмен анықталады. Зәрінің түсі – қанық-сары. Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?//
+ лептоспироз//
***
47 жастағы ер адам, ауруының 4-ші күні қаралды. Шағымдары: дене қызуының 39,0ºС-қа дейін жоғарылауы, бастың ауыруы, ұйқысыздық. Анамнезінде: алыс жолға жүретін жүк тасымалдайтын көлік жүргізушісі болып жұмыс істейді. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр. Эйфориялы, қозған. Беті қызарған. Көз склерасының тамырлары инъекцияланған. Денесі мен аяқ-қолдарында көптеген розеолезді-петехиальді бөртпе байқалады. Жүрек тондары бәсеңдеген, ЖСЖ-140 с 1 мин. АҚҚ-120/80 мм.с.б. Тонометрді шешкенде манжетінің орнында теріде петехиялар көрінеді. Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?//
Достарыңызбен бөлісу: |