+ жедел респираторлы вирусты инфекция



бет129/318
Дата30.05.2022
өлшемі2,85 Mb.
#145537
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   318
Байланысты:
UDAChI

+ Бехчет синдромы//

***
52 жастағы науқас әйел қолдың фалангааралық буындарындағы ауырсынуға және қозғалыстың шектелуіне шағымданады. Қарағанда: дистальды фалангааралық буындарда өлшемдері 0,5 см дейін, пальпацияда аздап ауырсынатын тығыз түйіндер. Буындары аздап деформацияланған, қозғалысы шектелген. Қол басы буындарының рентгенографиясында: буын қуыстары тарылған, остеопороз. Неғұрлым тиімді тактика://


+ СеҚҚП + хондропротекторлар//
***
Науқас 16 жаста, білезік, тізе, тобық буындарындағы ауырсынуға, дене қызуының 39С дейін көтерілуіне, жүрек қағуына шағымданады. Екі апта бұрын ангинамен ауырған. Қарағанда: сақина тәрізді эритема анықталады. Буындары дефигурацияланған, ұстағанда ыстық, қозғалғанда қатты ауырсынады. Жүрек шекаралары үлкейген, тондары тұйық. ЖСЖ-52/мин. Қанда: эритроциттер - 4,2 млн., Нв-140 г/л, лейкоциттер - 15 мың, ЭТЖ-40 мм/сағ. Неғұрлым тиімді емдеу://
+ амоксициллин + диклофенак + преднизолон//
***
Асқазан диспепсиясының жара тәрізді вариантына неғұрлым тән симптом://
+ аш қарынға және түнгі ауырсыну//
***
Науқас 54 жаста, тамақтан кейін 40-60 минут өткенде эпигастрий аймағында басып ауырсынуға және ауырлық сезіміне, қышқылмен, ауамен кекіруге, әлсіздікк, ашушаңдыққа шағымданады. Объективті: эпигастрийде ауырсыну анықталады. Қан анализінде: Нв – 90 г/л, эритроциттер – 3,8 х 1012/л, жалпы белок – 56 г/л. Рентгенологиялық: асқазанның үлкен иінінде және синусы аймағында қалтқыға кіріп тұрған алып қыртыстар анықталады. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі әдіс://
+ ЭФГДС нысаналы биопсиямен//

Науқас 39 жаста, дефекациядан кейін басылатын іштің төменгі бөліктеріндегі толғақ тәрізді ауырсынуға; тәулігіне 3-4 ретке дейін үлкен дәреттің жиілеуіне, әлсіздікке, ашушаңдыққа шағымданады. Тексергенде: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, іші жұмсақ, төменгі бөлігінде, әсіресе сол жағына таман, аздап ауырсынады. Анализінде өзгерістер жоқ. Колоноскопияда тоқ ішекте органикалық өзгерістер анықталмады. Неғұрлым мүмкін диагноз://


+ тітіркенген ішек синдромы//
***
Науқас 47 жаста, ішімдікті, цитрустыларды және кофені қабылдаумен байланысты қыжыл және төс артында ауырсыну мазалағанына бір жыл болған. Ауырсыну еңкейіп жұмыс істегенде күшейеді. Кейде құсу болады. Спазмолитиктер және аналгетиктер нәтижесіз. Неғұрлым тиімді тағайындау://
+ домперидон + рабепразол//
***
32 жастағы науқасты тамақтан кейін бір жарым сағат өткенде пайда болатын эпигастрий аймағындағы ауырсыну; қышқылмен кекіру, қыжыл мазалайды. ЭФГДС: асқазанның антральды бөлігінің шырышты қабаты айқын гиперемияланған, санаулы эрозиялар. Неғұрлым тиімді тактика://


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   318




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет