+ эдниттің жағымсыз әсері//
***
К. атты науқас, дезодорант қолданғаннан кейін ерін аймақтарында ісіну, мұрын-ерін қыртысының тегістелуі пайда болды. Біртіндеп ісіну бүкіл бетіне және мойнына жайылды, тыныс алуы қиындады. Объективті: терісі бозғылт, беті және мойны ісінген, ТЖ минутына 24 рет, АҚҚ 100/70 мм с.б.б., ЖСЖ минутына 90 рет. Тынысы әлсіз везикулярлы, аздаған құрғақ сырылдар. Неғұрлым тиімді тағайындау://
+ преднизолон//
***
Көбінесе төстің сол жақ қырында, науқас алдыға қарай сәл еңкейіп отырғанда жақсы естілетін жоғары жиілікті, үрлемелі диастолалық шу неғұрлым тән://
+ қолқа қақпақшасының жетіспеушілігіне//
***
З. атты науқас, 43 жаста сол жақ қолға және жауырын астына берілетін төс артындағы ауырсынуға шағымданады. Қарағанда: жүрек тондары тұйықталған, аздаған тахикардия. АҚҚ – 110/70 мм с.б.б. ЭКГ: STV2-V4. сегментінің элевациясы. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі зерттеу әдісі://
+ коронарография//
***
Науқас 48 жаста, ірі ошақты миокард инфарктына байланысты емделуде. 2-тәулікте кеуде клеткасында қатты ауырсыну, ентігу, аз өнімді қақырықпен жөтел, қан түкіру пайда болып, жағдайы күрт нашарлады. ЭКГ: миокардтың алдыңғы қабырғасының жіті инфарктісі. Рентгенограммада: оң жақ өкпенің ортаңғы бөлігінде үшбұрышты қараю анықталады. Науқаста неғұрлым мүмкін дамыған асқыну://
+ өкпе артериясы тамырларының тромбоэмболиясы
***
Науқас 19 жаста ентігуге, бас ауыруына, көз алдының "қарауытуына", аяқтарының жансыздануына, тез шаршағыштыққа шағымданады. Объективті: кәрі жілік артерияларындағы пульс кернеулі, жылдам, сан артерияларында әлсіз, аз кернеулі. АҚҚ қолдарында 170/90 мм с.б.б., аяқтарында 100/70 мм с.б.б. Жүрек аускультациясында: Боткин-Эрба нүктесінде және жүрек ұшында естілетін паравертебральды аймаққа берілетін әлсіз систолалық шу. Рентгенологиялық: қабырғалар узурациясы. Неғұрлым мүмкін диагноз://
+ қолқаның коарктациясы
***
Жүректің ревматизмдік созылмалы ауруымен ауыратын 30 жастағы науқаста: ортопноэ, акроцианоз; өкпенің төменгі-бүйір бөліктерінде дауыссыз ылғалды сырылдар; жүрек ұшында қолтық астына берілетін дөрекі пансистолалық шу; тахиаритмия, бауырдың үлкеюі, аяқтарының ісінуі. Неғұрлым тиімді тактика://
+ диуретиктер//
***
Науқас 67 жаста, жатқан кезде пайда болатын ауыр ентігуге, кейде түнгі уақыттағы тұншығуға, аз өнімді құрғақ жөтелге шағымданады. Анамнезінде бірнеше рет миокард инфаркты болған. Тексергенде: өкпе артериясында ІІ тонның акценті, өкпеде дауыссыз ылғалды сырылдар, гепатомегалия, аяқтарында айқын ісіну, асцит. ЭКГ: сол қарыншаның алдыңғы-бүйір қабырғасында тыртықты өзгерістер. ЭхоКГ: айдау фракциясы - 36%. Алдыңғы қабырғада, пердеде, жүрек ұшында және сол жақ қарыншаның бүйір қабырғасында гипокинезия аймақтары. Неғұрлым тиімді тактика://
+ лазикс//
***
Науқас 73 жаста реанимация бөлімшесіне ауыр жағдайда түсті. Төс артындағы қатты басып ауырсыну ауруханаға жатқызғанға дейінгі кезеңде жүргізілген емнің нәтижесінде басылған. Объективті: терісі сұр түсті, суық жабысқақ тер басқан. Өкпеде – іркілісті сырылдар. Жүрек тондары тұйық, айқын тахикардия, АҚҚ 30/0 мм с.б.б. ЭКГ: STV2-V6 сегментінің депрессиясы. Жіті жүрек жетіспеушілігін емдеу мақсатында неғұрлым тиімді тағайындау://
+ допамин//
***
32 жастағы науқас әйел рецидивті түйінді эритемаға, еріндерінің және беттерінің шырышты қабаттарындағы афтозды жараларға шағымданады. Тексергенде: қынаптың шырышты қабатында увеиттің белгілері және жаралар анықталған. Неғұрлым мүмкін диагноз://
Достарыңызбен бөлісу: |