+ өкпе эмфиземасы//
***
Ауыр дәрежелі бөлікті пневмония анықталған 72 жастағы науқастың жоғары температурасы тез түскенде кенеттен айқын әлсіздік, бас айналуы, құлағының шуылдауы, жүрек айнуы, құсқысы келу сезімі пайда болды. Объективті: бозғылттық, айқын акроцианоз, суық жабысқақ тер, тахикардия, жіп тәрізді пульс, жүрек тондары тұйық, АҚҚ төмен. Науқас жағдайының күрт нашарлауының неғұрлым мүмкін себебі://
+ инфекциялық-токсикалық шок//
***
Науқас 72 жаста, өкпенің созылмалы обструкциялық ауруымен көп жылдан бері ауырады, дене қызуының көтерілуіне, шырышты-іріңді қақырықпен жөтелге, ентігуге, әлсіздікке, тершеңдікке, шағымданады. Бұл шағымдары суық тигеннен кейін пайда болған. Рентгенде оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде инфильтрация анықталады. Неғұрлым тиімді тактика://
+ кларитромицин + амброксол + ипратропиума бромид//
***
Науқас 46 жаста, әлсіздік, субфебрилитет, кеуде клеткасының оң жақ бөлігінде сыздап ауырсыну, жағымсыз иісті іріңді көлемді қақырықпен жөтел мазалайды. ТЖ – минутына 26 рет, оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде амфоралық тыныс. Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің рентгенограммасында қуыс анықталады. Неғұрлым тиімді тактика://
+ ошақты санациялау + қуысқа моксофлоксацин енгізу//
***
43 жастағы науқаста 4 ай бұрын субфебрильді лихорадка, аз өнімді жөтел, баяу үдейтін ентігу, әлсіздік пайда болған. Обьективті: жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Өкпеде әлсіз тыныс, базальды бөліктерде – крепитация. Рентгенде: өкпе суретінің күшеюі. Қанда: лейкоциттер-10,5 мың, ЭТЖ-23 мм/сағ. Пенициллинмен емдеу барысында науқастың ентігуі күшейіп, жағдайы нашарлаған. Сыртқы тыныс қызметін зерттеу: рестрикциялық типті тыныс жетіспеушілігінің белгілері. Неғұрлым мүмкін этиологиялық фактор://
+ саңырауқұлақ//
***
М. атты науқас, 48 жаста, тәулігіне 6-8 ретке дейін болатын тұншығу ұстамаларына, тәулігіне 4 рет қолданған сальбутамол ингаляциясының әсер етпеуіне шағымданады. Қарағанда: ТЖ – минутына 30 рет. Тынысы әлсіреген, кейбір жерлерде естілмейді. Неғұрлым мүмкін диагноз://
+ бронхты демікпе, ауыр дәрежелі, өршуі, ТЖ III
***
Ауылшаруашылық жұмысшысында шөппен жұмыс істегеннен кейін бірнеше сағат өткенде аралас сипатты ентігу, қалтырау, дене қызуының 390С дейін көтерілуі, аз өнімді кейде қан аралас қақырықпен жөтел пайда болды. Қан сары суында: преципитирлеуші антиденелер. Неғұрлым мүмкін диагноз://
+ экзогенді аллергиялық альвеолит//
***
Науқас 57 жаста, орташа ауырлық дәрежесіндегі персистирлеуші бронх демікпесімен және ІІ дәрежелі қатер тобы ІІ артериялық гипертензиямен ауырады. АҚҚ төмендету мақсатында үнемі эднит 5мг тәулігіне екі рет және индапамид 2,5 мг күн ара қабылдайды. Тұншығу ұстамаларын емдеуде беротек күніне 1-2 рет 2-3 мөлшерлі дозада қабылдайды. Жалпы тәжірибелік дәрігерге қаралды, шағымдары: тұрақты сипаттағы мазасын алатын құрғақ жөтел. Тұрақты құрғақ жөтелдің неғұрлым мүмкін себебі://
Достарыңызбен бөлісу: |