+ жедел бауырлық энцефалопатия
***
Бауыр циррозымен науқас «Жедел дизентерия» (диарея болған) өткерген. 2 күн левомицетинмен емделген. Іштің кебуі, тұрақсыз үлкен дәрет, құрсақ қуысында бос сұйықтық - асцит пайда болған. Науқас іштің ауруына және метеоризмге, ентігуге, аяғындағы ісіктерге шағымданады. ИТБ госпитализацияланды. Тексеру кезінде: науқас әлсіз, ұйқышыл, сұрақтарға біраз уақыт өткеннен кейін жауап береді, соқпалы діріл, сандарды байланыстыру тесті – 64 сек. ЭЭГ: альфа-ритм 4,2 в сек. Лактулозамен, электролиттер бұзылысының коррекциясымен, оттегі, нәруызды шектеу терапиясы басталды. Аммиак деңгейін төмендету үшін қандай препарат енгізу керек?//
+ L-орнитин-L-аспартат//
***
32 жастағы әйелдің гемограммасында Нв - 48 г/л, Эритроциттер - 1,9*10¹²/л, ТК - 0,75. Түскен кездегі жағдайы ауыр. Тері жабындылары және көрінетін шырышты қабаттары айқын бозғылт, геморагия жоқ. ЖСЖ – 106 рет минутына. Анамнезінде: 3 күн бұрын жатырлық қан кету, сонымен қоса соңғы 4-5 ай көлемінде дисфункциональды жатырлық қан кету. Науқасқа қандай жедел көмек көрсетілуі тиіс?//
+ эритроцитарлық масса трансфузиясы//
***
Науқаста қан құйғаннан кейін ыстықтау сезімі пайда болды,кеуденің ауруы, арқаның және іштің ауруына шағымданады. Объективті: науқас мазасыз, ЖСЖ – 120 рет мин, АҚҚ – 85/65 мм рт.ст. Науқаста осы жағдайда зәрінде қандай өзгерістер болуы мүмкін?//
+ гемоглобинурия//
***
47 жастағы ерк адам көп қозғалып, психикалық қозудан кейін, кенеттен есінен танды. Объ-ті: терісі ылғалды, инъекция iздерi бар. Бетінің бұлшық еттерінің жиырылуы, қарашығының кеңейюі анықталады. ТЖ-32 рет. Көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?//
+ 1 мл глюкогонды//
***
Асқынумен босанған әйелде жүрек айнуы, құсу, бұлшық еттік әлсіздік, іш өту және психикалық бұзылыстар байқалды. Объективті: акроцианоз, аяқ-қолдарының суық болуы, гипертермия. АҚҚ–50/30 мм с.б.б. Адренокортикотропты гормонмен сынама – теріс.
Келтірілген препараттардың ішінде бірінші кезекте қай препарат БАРЫНША тиімді?//
+ гидрокортизон
***
66 жастағы ер адам жалпы әлсіздік шағымымен ауыр жағдайда жедел жәрдем бригадасымен жеткізілді. Қарау кезінде: тері жабындылары бозарған, ылғалды, сұр цианоз, аяқ қолдары мұздаған. Жүрек үндері әлсіз, шоқырақ ритмі, ЖСЖ-115 рет мин. АҚ 80/40 мм с.б., айқын олигурия. ЭКГде: синусты тахикардия, QS V1-V6, ST V1-V6 сегменті монофазды қисық түрде изосызығынан көтерілген.
Жедел қантамыр жетіспеушілігінің шеткілік белгілерін жоюға қандай дәрілік затты тағайындаған БАРЫНША жөн?//
+ допамин//
***
Әйел 54 жаста. Пневмониямен ауырғаннан кейін «үру» тәрізді жөтел мазалап, жұтынудың қиындауы пайда болды, ентігу үдеді. Қарағанда: жүрек шекаралары ұлғайған, жүрек тондары әлсіреген, ырғағы дұрыс. ЖСЖ минутына 80, АЌ 130/65 мм с. б. ЭКГ: қарыншалық кешендер вольтажы төмендеген және ST сегментінің V 1-5 шықпаларында жоғарлауы. Кеуде қуысының мүшелерін рентгенологиялық зерттеуде: кардиомегалия, жүрек белі тегістелген. Кенет науқастың жағдайы нашарлады. Әлсіздік, тахикардия, суық тер, цианоз пайда болды, АҚ 60/40 мм с. б. Емдеу тактикасы қандай?//
+ перикард пункциясы//
***
59 жастағы әйел айқын бас ауыруына, бас айналуына, лоқсу, қайталамалы құсу, көз алдында шіркейлердің көрінуіне шағымданады. Қарағанда: жүрек шегі солға ұлғайған, аортада II тонның акценті. АҚ 230/120 мм.сб.бб. Осы жағдайды жоюға төмендегі дәрілердің қайсысын тағайындау БАРЫНША қажет?//
Достарыңызбен бөлісу: |