+ допамин//
***
Артериальді гипертензиямен ауыратын 53 жастағы әйелде, гипертониялық криз фонында кеуде артындағы қарқынды ауыру сезімі, тұншығу, көпіршікті қақырыққа шағымданады. Об-ті: тыныштықта ентігу, өкпесінде әр калиберлі ылғалды сырылдар, үндерінің бәсеңдеуі, тахикардия, АҚ 220/100 мм сб.б. ЭКГда: STV3-V55 мм көтерілуі. Көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?//
+ эналаприл//
***
Әйел 68 жаста. Стационарға гипертониялық криз клиникасымен түсті. Анамнезінде 15 жылдан бері артериялық гипертензия. Түскен кезде АҚ 210/120 мм с. б. Милы симптоматиканы ескере отырып жұлынның пункциясы жүгізілді, субарахноидалды қан құйылу анықталды. Көрсетілген дәрілердің қайсысын қолдағанда БАРЫНША тиімді кризді басады?//
+ нимодипин//
***
23 жастағы әйелде амоксициллин қабылдағаннан бірнеше минуттан кейін әлсіздік, құсу, тері қышуы, мойнында, кеудесінде, арқасында және қолында көпіршікті бөртпелер пайда болды, бетінің ісінуі және гиперемиясы пайда болды. АҚ 70/50 мм рт. ст. Науқасқа шұғыл көмек көрсетудің бірінші кезеңінде қандай препаратты енгізу қажет?//
+ адреналин//
***
52 жастағы әйел рентгенконтрастты затты енгізу кезінде ысу сезіміне, құсуға, тыныс алудың қиындауына шағымдана бастады. Көптеген көпіршікті бөртпелер, бетінің гиперемиясы және ісінуі пайда болды. Науқас тыныс алуы қиындаған және бир минуттан кейін есін жоғалтады, диффузды цианоз. Асфиксия кезінде адреналин және 30 мг преднизолон енгізудің әсері болмады. Келесі кезеңде қандай шараларды жасау керек?//
+ коникотомия//
***
Ер адам 67 жас 2 жыл көлемінде «Бауыр циррозы вирусты В+Д» диагнозымен қаралады. ЖРВИ- мен ауырғаннан кейін 2 күн аралығында айқын әлсіздік, ұйқышылдық, күшінің жоғалуы, туғандарының айтуы бойынша есте сақтаудың төмендеуін, дезориентацияны байқаған. Соқпалы діріл, есінеу. Іші метеоризма және асцит салдарынан ұлғайған.Іш қату. Диурез – 600 мл/тәул. Гемоглобин – 97 г/л. АЛТ – 0,32 ммоль/л, АСТ – 0,48 ммоль/л, жалпы билирубин 117 мкмоль/л, тікелей - -42 мкмоль/л, Натрий – 113 – ммоль/л, калий – 5,7 ммоль\л. Науқаста қандай мүмкін болатын асқыну дамуы мүмкін?//
Достарыңызбен бөлісу: |