+ алкогольмен байланысты жедел интоксикация
***
Әйел 26 жаста онкологиялық бөлімшеге тамағында бірдеңе тұрғандай, жұтынғанда жағымсыз сезім, онкологиялық ауру алдындағы үрейге шағымданып түсті. Күйеуімен ұрыстан кейін және ажырасу қаупінен кейін бір аптадан кейін ауырды. Анамнезінен өзін әрқашан сау сезінеді, бірақ уайымдау кезінде ентігу, ауа жетпей сезімі пайда болды. Сымбатты көріну үшін арықтау диетасын ұстаған. Қарап тексергенде аңқасы гиперемияланған, тынысы жиілеген, тексеру кезінде денеде қалтырау. Гастродуоденоскопияда патология анықталмады. Онкологиялық ауруға тән объективті мәліметтер жоқ. Қандай маман кеңесі қажет?//
+ психиатр//
***
Баласының өлімін бастан кешірген әйел 2 ай бойы ешқайда шықпайды, шашын тарамайды, үйін жинамайды, тамақ дайындамайды. Күні бойы жылайды, баласының өліміне өзін кінәлі санайды, осы үшін оны бәрі жек көреді деп ойлайды. Бұрындары психикалық патология болмаған. Мүмкін болатын диагноз?//
+ реактивті депрессия//
***
Науқас 47 жаста, сауыншы. 10 жыл бойы бруцеллезбен ауырады. Бас ауруына, жайсыздықа, дене температурасының көтерілуіне, бүкіл денесіндегі ауру сезіміне шағымданады. Қарап тексеруде: тері жабындылары бозғылт, перифериялық лимфа түйіндері, бауыр,көкбауыры ұлғайған. Ірі буындар аймағы ауру сезімді. Науқас әлсіз, көңіл-күйі төмендеген. Бөлме ішінен «өлтірем»деген әйел дауысын естіген, дауыс шынайы әйел дауысы. Ең тән болжама диагнозды табыңыз.//
+ интоксикациялық психоз,галлюцинациялық синдром//
***
26 жастағы ер адам қайталамалы құсу, әлсіздік, эпигастральды аймактағы ауыру сезіміне, 15 ретке дейін сұйық көп мөлшерде нәжіске шағымданып жұқпалы аурулар ауруханасына келді. Эпиданамнезінде: кеше кешкісін гриль тауығын жеген. Қарап тексергенде: температура – 36,0°С, әлсіз, шөлдеу мазалайды. АҚҚ – 85/60 мм сын.бағ. Пульсі минутына – 95 рет. Іші жұмсақ, кіндік аймағындағы ауыру сезімі байқалады. Қарынның тітіркену симптомдары жоқ. Нәжісі сұйық, сасық иісті, жасыл түсті.Таң ертеңнен бері кіші дәретке бармаған. Қандай емдік шара бірінші кезекте жүргізілуі тиіс?//
+ тамыр ішілік регидратация
***
48 жастағы әйел адам, балтыр бұлшық еттеріндегі қатты ауыру сезіміне, дене қызуының жоғарылауына, бастың ауыруына, белдің ауыруына. Жедел ауырған. Анамнезінде: жаз бойы табиғатқа шығып демалған, Қапшағай көлінде шомылған. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр, дене қызуы – 39,9ºС. Денесі мен қолдарында аздаған петехиальді бөртпе байқалады. Барлық лимфа түйіндері ұлғайған. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,5 см-ге төмен анықталады. Зәрінің түсі – қанық-сары. Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?//
+ лептоспироз//
***
47 жастағы ер адам, ауруының 4-ші күні қаралды. Шағымдары: дене қызуының 39,0ºС-қа дейін жоғарылауы, бастың ауыруы, ұйқысыздық. Анамнезінде: алыс жолға жүретін жүк тасымалдайтын көлік жүргізушісі болып жұмыс істейді. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр. Эйфориялы, қозған. Беті қызарған. Көз склерасының тамырлары инъекцияланған. Денесі мен аяқ-қолдарында көптеген розеолезді-петехиальді бөртпе байқалады. Жүрек тондары бәсеңдеген, ЖСЖ-140 с 1 мин. АҚҚ-120/80 мм.с.б. Тонометрді шешкенде манжетінің орнында теріде петехиялар көрінеді. Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?//
Достарыңызбен бөлісу: |