+ делириозды синдром
***
Қабылдау бөлімшесінде 17 жасар науқаста талма ауруы дамиды. Талма бірінен кейін бірі жүреді. Талма ортасында науқас ес жия алмайды. Төменде көрсетілген психикалық бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін://
+ эпилептикалық статус
***
Науқас 65 жаста, ұзақ уақыт қант диабетімен зардап шегеді, естің жоғалуымен орталық жүйке жүйесі қызметінің тежелуімен,сыртқы тітіркендіргіштерге жауап бұзылысымен,тыныс алу, қан айналым және басқа да өмірлік маңызды мүшелердің бұзылыстарымен сипатталатын ауыр жағдайда жан сақтау бөліміне түсті. Жоғарыдағы жағдай сананың өшуінің қай түріне тән?//
+ кома//
***
Ер адам 32 жаста жансақтау бөліміне мазасыздыққа, айқын үрейге, көз алдына елестеулерге, жүрек айну және құсу, әлсіздік, жүрек қағысына, АҚ 160/90 мм. рт. ст. дейін жоғарылауына шағымданып түсті. Туған күнін тойлаған кезде алғаш рет 500 мл арақ ішкеннен кейін ауырды. Анамнезінде холециститпен, бронхитпен зардап шегеді, алкоголь қабылдамайды. Қарап тексеру: Артериалық қысым 130/80 мм. рт. ст., пульс 90 соққы, өкпеде везикулярлы тыныс. Мазасыз, үрей, көру галлюцинациялары бар. Болжама диагноз?//
+ алкогольмен байланысты жедел интоксикация
***
Әйел 26 жаста онкологиялық бөлімшеге тамағында бірдеңе тұрғандай, жұтынғанда жағымсыз сезім, онкологиялық ауру алдындағы үрейге шағымданып түсті. Күйеуімен ұрыстан кейін және ажырасу қаупінен кейін бір аптадан кейін ауырды. Анамнезінен өзін әрқашан сау сезінеді, бірақ уайымдау кезінде ентігу, ауа жетпей сезімі пайда болды. Сымбатты көріну үшін арықтау диетасын ұстаған. Қарап тексергенде аңқасы гиперемияланған, тынысы жиілеген, тексеру кезінде денеде қалтырау. Гастродуоденоскопияда патология анықталмады. Онкологиялық ауруға тән объективті мәліметтер жоқ. Қандай маман кеңесі қажет?//
+ психиатр//
***
Баласының өлімін бастан кешірген әйел 2 ай бойы ешқайда шықпайды, шашын тарамайды, үйін жинамайды, тамақ дайындамайды. Күні бойы жылайды, баласының өліміне өзін кінәлі санайды, осы үшін оны бәрі жек көреді деп ойлайды. Бұрындары психикалық патология болмаған. Мүмкін болатын диагноз?//
Достарыңызбен бөлісу: |