Қ. Күзембаев, Т. Құлажанов Г. Күзембаева Азық-түлік өнімдерін тану



Pdf көрінісі
бет56/212
Дата07.02.2022
өлшемі2,23 Mb.
#85163
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   212
Байланысты:
kuzembaev k kulazhanov t kuzembaeva g azyktulik onimderin ta

Бөрікгүл (артишок)
- жылу сүйгіш өсімдік. Оның гүлдері жиналып, себет 
қүрайды. Бөрікгүлде қант мелшері (12,7%) жоғары. Шсірілген күйде, сонымен 
қатар түздық жасауда, консервілеуде колданады. 
100 


3.2.8. Асқабақты кекөністер 
Асқабакты көкөністерге қияр, асқабак, кәді, патиссондар, карбыз және 
қауын жатады. 
Қияр (огурцы)
-асқабақ тұқымдасына жататын бір жылдық өсімдік. 
Жарық, ылғалды және жылы жерлерде жақсы өседі. Суыкқа тезімсіз. Сабағы 
жатаған не өрмелегіш, бес қырлы, ұзындығы 1,5 м-дей. Жапырағы кезектесіп 
орналасқан, ұзын сағақты, түкті. Тамакка қолданылуы бойынша кекеністердін 
ішінде орамжапырактан кейін екінші орынды алады. Олардың калориялығы 
төмен, дәмдік қасиеті жоғары болғандықтан балғын түрде де, маринадтау және 
түздау үшін де кең колданады. Тамакка жетілмеген түрінде нәзік, тығыз 
жұмсағы бар, каоығы жасыл қиярлар қолданады. Жетілген кезде кабығы мен 
жүмсағы дерекіленеді, тұқымды камерасы сулы және қышқыл болады. 
Қүрамында 95-96% су, 4-5% қүрғак зат, оның ішінде 2-2,5% қант, 2,2-2,7% 
көмірсу, 1% белок, А,С, В витаминдері бар. Қүрамындағы пектин заттары 
асқорыту процессіне оң эсер етеді. Өлшемі бойынша кияр майда (үзындығы 71-
90 мм), орташа (91-120 мм) және ірі (120 мм-ден жоғары) больга белінеді. 
Жетілу мерзімі бойынша ерте пісетін және кеш пісетін; бетінің күйі бойынша 
тегіс және бүдырлы болады. 
Қияр сапасына қойылатын талаптар. Сыртқы түрі бойынша кияр балғын, 
бүтін, сау, ластанбаған, механикалық закымданбаған, пішіні мен түсі 
ботаникалык сортына сәйкес болу керек. Жүмсағы тығыз, жетілмеген сулы, 
кабықсыз түқымдары болу керек. Саудаға шіріген, буланған, солып қалған, үсіп 
калған, сары, түкымдары дөрекі қабыкты қиярды жіберу рүқсат етілмейді. 
Асқабак (тыква)
-бір жылдық және кеп жылдық шөптесін өсімдік. Бақша 
дакылы. Оның көпшілігі Америка күрылығында. Қабығы катты ірі жемісті. 
Жемісінде кант, каротин бар. Майлы сорттарының ұрыктарынан май алынады. 
Дәрілік касиеті де бар. Бір гектардан 300-500 ц, ал суармалы жерде 1000 ц дейін 
өнім алынады. Асқабак асханалық, мал азыктық және техникалық сорттарға 
бөлінеді. 
Асханалық аскабақ жүмсағьгада 3-5% қант, 0,6% минералды заттар, 
шамамен 1% белок және 1% пектин заттары болады. Минералды заттардың 
ішінде фосфор кышқылы үлкен орын алады. Аскабақ каротинге бай (1,5 мг% 
дейін), осыған байланысты асқабақтьщ жүмсағы сары түсті болады. 
Асханалық сорттары ботқа, көже, езбе жасау үшін қуырылған түрде де 
колданады. 
Кең тараған сорттары: Мозолевская, Белая медовая, Крупноплодная, 
Испанская, Витаминная. 
Асқабақтың стандартты жемістері балғын, жетілген, cay, пішіні мен түсі 
ботаникалык сортка сәйкес болу керек. Баска сорттардыд коспасы 10% аспау 
керек. Өлшемі ең үлкен келденең. диаметрі бойьшша анықталады және ол 
үзынша пішінді асқабақ үшін 12 см, жазық және домалақ пішінді асқабақ үшін 
15 см кем болмау керек. 
101 


Аскабақ партиясында езілген, жарылған көкөністердің болуы рүксат 
етілмейді. 
Кәді (кабачки)-
асқабақ тұқымдасы. Барлық жерлерде өсірілетін 
кекөністік, жемдік (шала піскен жемістері), майлы (түкымынан алынады) 
өсімдік. Өнімділігі гектарынан 200-300 ц. Тағамға 3-10 күндік түйнек салған 
жас кәді ғана жарамды. Себебі ол жүмсак, іші қуыстанбаған, тығыз, дәні 
жетілмеген болады. Кәдінің құрамында 93% су, 4,9% қант, 0,3% клетчатка, 15 
мг% С витамині және минералды тұздар бар. Кәдіден кептеген тағамдар 
әзірлейді. Кәдіден уыпдырық жасайды. Кең тараған сорттары: Греческий, 
Грибовский, Сотэ, Цуккини. 
Кәді балғын, аурулармен зақымданбаған, жүмсағы тығыз, қуыстанбаған, 
тұқымдары жетілмеген болу керек. 
Патиссон
- асқабақ түқымдас бір жылдық шөптесін есімдік. Жылы, 
жарық, ылғалды жерде жақсы еседі. Тамаққа 3-5 күндік түйнектері қодданады. 
Көкөністердің түсі әдетте ақ, сонымен катар сары және қызьш сары түсті де 
болады. Оның кұрамында 6-6,5% құрғақ зат, соның ішінде 4,1% қант, 1,3% 
клетчатка, 20-30 мг% С витамині бар. Патиссонды пісірілген, куырылған түрде, 
сонымен катар маринадтау үшін қолданады. 
Қарбыз (арбуз) -
жемісі қызыл, қызғылт, күрең қызыл, ак, сарғыш, 
массасы 0,6-16 кг асқабак түкымдасына жататын бір немесе көпжылдык өсімдік 
туысы. Қарбыз жоғары қант мөлшерімен(11%) ерекшеленеді, оның іінінде 
фруктоза үлесі үлкен.Мал азықтық карбыздьщ массасы 10-15 кг, ал 
күрамындағы қанттың мөлшері 2-3% болады. 
Қарбыз асханалық және цукаттык болып бөлінеді.
 Асханальщ карбыз 
балғын түрде дессертті өнім ретінде, бал, шарап жасау үшін, ал 
кішкентайларын түздау үшін колданылады. Асханалык сортты карбыздар қант 
мөлшері, жеміс пішіні, түсі және қабығының суреті, түкьшдарыньщ өлшемі 
және түсі, жүмсағының консистенциясы, жетілу мерзімі бойынша 
ажыратылады.
 Цукаттық қарбыздардың
қабығы қальщ болады, жеуге онша 
жарамсыз, тек цукат жасау үшін қолданылады. 
Стандартты жемістер балғын, жетілген, бүтін және аурулармен 
зақымданбаған болу керек. Жемістердің пішіні мен кабығынын түсі 
шаруашылық-ботаникалық сортка сәйкес болу керек. Жүмсағы жетілген, бірақ 
аса пісіп кетпеген болу керек.Түқымдарының түсі сортына сәйкес болу керек. 
Жемістердің өлшемі ең үлкен көлденең диаметрі бойынша аньщталады және 
ерте пісетін сорттар үшін - 13 см, ал кеш пісетін сорттары үшін- 17 см кем 
болмау керек.Мыжылған, жарылған немесе езілген, піспеген, аса пісіп кеткен, 
зиянкестермен зақымданған, шіріген, аурулармен закымданған карбыздарды 
сауда орындарына жіберу рүксат етілмейді. 
Қауыи (дыня) -
түріне байланысты массасы 200 г-нан 16 кг-ға дейін 
аскабақ түқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Қауьш бағалы 
емдік тағам, күрамьшда 16-18% қант, 0,6% ароматты және минералды заттар, С 
(20 мг%), Bj (0,05 мг%), РР (0,4 мг%), каротин (0,7-2 мг%) витаминдері, пектин 
заттары бар. 
102 


Карбызға карағанда қауындар сақтау кезінде жетілу кабілеті бар. 
Сондыктан алыс жерлерге тасымалдау және сақтау үшін оларды онша піспеген 
күйінде жинайды. 
Қауын сорттарын пішіні бойынша:шар тәрізді, цилиндр тәрізді, үзынша 
келген; өлшемі бойынша: майда, орташа, ірі; бетінің күрылымы бойынша: тегіс 
қабыкты, торлы, бүдырлы деп ажыратады. Қауынның кең тараған сорттары: 
Колхозница, Комсомолка, Гуляби, Зимовка т.б. 
Қауындардың піскенін түсінің өзгеруі, жүмсағыньщ консистенциясы, 
ароматтың түзі.туі, түқымдардьщ белінуі бойынша аныктайды. 
Қауынды тіліп, кептіріп кақ жасайды, қауын күрт қайнатады, тосап, 
повидло, мармеладка қосады. 
Стандартты кауьгадар балғын, жетілген, бүтін және аурулармен 
закымданбаған болу керек. Жемістердің пішіні мен қабығының түсі 
шаруашылық-ботаникалык сортқа сәйкес болу керек. Жемістердің өлшемі ең 
үлкен көлденең диаметрі бойынша анықталады және ерте пісетін және майда 
сорттар үшін - 10 см, ал орташа және кеш пісетін сорттары үшін- 15 см кем 
болмау керек. Жарылған немесе езілген, зиянкестермен зақымданған, шіріген, 
аурулармен зақымданған кауындарды сауда орындарына жіберу рүқсат 
етілмейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   212




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет