12.3.3. Түды тұқымдастары
Тұқы (карп) тұқымдастары - түрлері көп түкымдастардың бірі. Бұл
балыктарда ір арқа қанатшасы және айқын білінетін бүйір сызығы бар.
Қабыршағы ірі, денесіне тығыз жабысқан. Тұқы тұқымдастарьша сазан, табан
балық, торта, рыбец, тұқы, тарань, чехонь, шармай, дөңмандай, қаяз, амур және
т.б. жатады.
Түқы (карп) тұқымдас балыктардьщ еті нәзік, орташа майлы, дәмді, бірақ
майда бұлшык аралық қылтанақтары көп.
Түқы (карп)
— тұщы суда өседі. Оның қабыршақты, кабыршақсыз және
жылтьф түрлері болады. Әдетте көбінесе жылтыр тұкыны өсіреді, оньщ
қабыршағы мүлде жоқ, тек бүйірлерінде ғана бірнеше ірі кабыршағы болады.
Салмағы 500 грамнан 1,5 килограмға дейін жетеді. Оның еті аспаздық
тағамдардың барлық түрін жасауға жарайды.
Сазан
— түқылар тұқымдасына жататын балыктардыц бірі. О л Қара теңіз
бен Азов, Каспий, Арал теңіздерінде, Балкаш, Зайсан көлдерінде, Сырдария,
Іле, Ертіс,
Қаратал т.б. өзендерде көп кездеседі. Сондай-ақ Тыньпс мұхитқа
құятын көптеген өзендерді мекендейді. Сазан - ірі балық (салмағы кейде 16-22
кг жетеді).
Ірісіні
ң ұзындығы 33 см жоғары, майдасы - 33 см дейін. Бүл балык
тәтті және майлы, етінен неше түрлі аспаздық тағам әзірлеуге болады,
Сазанның ірілерінің басы майлы және етті болып келеді, сондықтан оны
қайнатып жеген жөн.
Достарыңызбен бөлісу: