* Несеп-жыныс жүйесі *1*33*5


* Жүрек қан тамырлар жүйесі *3*12*1*



бет9/12
Дата26.05.2023
өлшемі72,3 Kb.
#177801
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Бектас 04.11
MedUniver.com-Оториноларингология Руководство для врачей Пальчун В.Т., Крюков А.И.
* Жүрек қан тамырлар жүйесі *3*12*1*
#149
*!49 жылдай гипертониялық аурумен ауыратын 55 жастағы ер адамда, соңғы жылдары мына шағымдары пайда болды: тез шаршап калуы және бетінің ісінуі. Тексеру барысында протеинурия және қан сарысуында креатининнің мөлшерін тым жоғары котерілгенін анықтады. Ер адам созылмалы бүйрек жетіспеушілігінен қайтыс болды. Бүйректің макроскопиялық көрінісін сипатта.
*+кішірейген, тығыз, беткейі ұсақ түйіршікті
*үлкейген, тығыз, беткейі ірі түйіршікті
*«үлкен шұбар бүйрек»
*өзгермеген, беткейі тегіс
*әртүрлі көлемде, беткейі біркелкі емес ірі түйіршіктермен көмкерілген

#150
*!Соңғы жылдары гипертониялық аурумен ауратын 58-жастағы ер адам мына шағымдарымен дәрігерге қаралды: қимыл қозғалыста пайда болған демікпеге, жүректің жиі қағуына және кеуденің жүрек тұсының сыздап ауруына. Көрсетілген шағымдар соңғы жылдары пайда болған. Артериялдық қысым көрсеткіші 170/90 мм.рт.ст. Жүректегі макроскопиялық өзгерістерді сипаттаңыз.


*+Сол жақ қарыншаның гипертрофиясы
*Оң жақ қарыншаның гипертрофиясы
*Бұқа жүрегіне ұқсас
*Инфарктіден кейінгі кардиосклероз
*Өкпе жүрегі

#151
*!60 жастағы әйел адам, терапиялық бөлімшеге миокардтің инфарктісі деген диагнозымен жеткізілді, сосын сол жақ қарыншаның жедел жетіспеушілігінен қайтыс болды. Жүректегі микроскопиялық өзгерістерді анықта.


*+ядросы лизис болған некроз ошағы, айналасы демаркациялық қабыну үрдісімен қоршалған тамырлар, қан құюлу, лейкоциттердің шоғырлануы
*атрофия, гипертрофия, ошақты лимфоцитарлық сіңбеленулер
*склероз, гиалиноз, некроз ошақтары
*казеозды некроз, айналасында Пирогова Лангханс жасушалары
*липоматоз, склероз

#152
*!37 жастағы әйел адам соңғы жылдары арақ ішімдігін тымбастан ішкен. Жүрек қарыншасының фибриллясынан кенеттен қайтыс болды. Жүректегі макроскопиялық өзгерістерді сипатта.


*атрофияланған, тығыз
*+гипертрофияға ұшыраған, болбыр
*көлемі өзгермеген
*тығыз, амилоид шөгіндісі бар
*бір күйі, май ошақтары жақсы дамыған

#153
*!70-жастағы әйел адам көп жылдан бері гипертониялық аурумен ауырады, ал ем-шараны тек қана артериялдық қысымның күрт көтерілген шағында қолданған. Уремиядан қайтыс болды. Бүйректегі микроскопиялық өзгерістерді сипатта


*+склероз, гиалиноз артериол және гломерулосклероз
*атеросклероз, гломерулопатия
*липосклероз, атеросклероз
*амилоидоз, гипертрофия
*некроз, атрофия

#154
*! 80-жастағы ер адам жүрек жетіспеушілігінің қарқынды күшеюімен ауруханаға келіп түсті. Анамнезі бойынша 2 жыл бұрын трансмуральды миокард инфарктісін алған. Жүрек тамыр жетіспеушілігінен қайтыс болды. Макроскопиялық тексеру барысында жүректің сол қарыншада ірі ошақты кардиосклерозы анықталды. Жүректегі микроскопиялық өзгерістерді және диагонозды айқындау үшін арналған бояуды анықтаңыз.


*+Склероз ошағы мен кардиомиоциттердің гипертрофиясы, Ван Гизон бояуымен тыртықтанған ошақ қызыл түске, ал кардмиоциттер сарғыш түске бояланады


*Судан бояуымен кардиомиоциттерде сары түсті май тамшылары көрінеді
*Гематоксилин эозин бояуымен кардиомиоциттерде мөлдір тамшылары көрінеді
*Перлс бояуымен кардиомиоциттерде ұсақ түйірлі пигменттері көрінеді
*ШИК реакциясы бояуымен кардиомиоциттерде түйіршікті белоктары көрінеді

#155
*!Қайтыс болған 50 жастағы ер адамның аорта қан тамырының интима қабатында сары немесе сарғыш-сұр түсті ошақты (дақ) анықтады, кейбір жерлерде осы ошақтар бірігіп жолақтар құрайды, бірақ тамырдың интима беткейінен көтіріңкі емес. Аорта интимасындағы микроскопиялық өзгерістерді және диагнозды анықтау үшін арналған бояуды атаңыз.


*+Судан 3 бояуымен интима қабатында қызыл түсті бос жатқан май тамшыларын және ксантомды жасушаларды көреміз
*Гематоксилин-эозин бояуымен интима қабатында тамшыларды көреміз
*Гематоксилин-эозин бояуымен интима қабатында түйіршікті белок массасын көреміз
*Ван-Гизон бояуымен интима қабатында қызыл түсті тыртықтарды көреміз
*Гематоксилин-эозин бояуымен интима қабатында сіңбеленген лимфоциттерді, лейкоциттерді көреміз

#156

*!55 жастағы ер адам, үш рет миокардтің жедел инфарктісімен ауырған. Келесі бір жүректің ұстамасында (стенокардия) ер адам қайтыс болды. Жүректегі макроскопиялық өзгерістерді сипатта.
*+Сол жақ қарынша қабырғасында көптеген тыртықтар мен миокардтің гипертрофиясы бар
*Оң жақ қарынша қабырғасында склероз ошағы, миокард гипертрофиясы
*Сол жақ қарынша артқы қабырғасында фиброз, май тіні ошақтары
*Сол жақ қарынша қабырғасында липоматоз, атрофия, склероз
*Жүректің ұшында липоматоз ошақтары мен склероз

#157
*!80 жастағы ер адам, жүрек жетіспеушіліктің қарқынды үрдісімен аурухана келіп түсті. Анамнезінде 2 жыл бұрын миокардтің трансмуральды инфарктісімен ауырған. Тексеру барысында жүрек шекарасының тым кеңейгенін, сосын жүрек ұшында пульсациясының бары анықталған. Жүректегі макроскопиялық өгерістерді сипатта.


*+Үлкейген, жүрек ұшындағы қабырға жұқарған, ақшыл түсті тыртықтанған, томпайып тұр
*Үлкейген, тығыз, гипертрофия бар
*Кішірейген, жұмсақ, атрофия бар
*Өзгермеген, тығыздау, гипертрофия бар
*Үлкейген, болбыр, май ошақтары да бар

#158
*!65-жастағы әйел адам миокард инфарктісіне тән кеуде тұсындағы төсасты ауруынан және ЭКГ-дегі өзгерістерден 10 сағаттан соң кенеттен қайтыс болды. Жүректегі макроскопиялық өзгерістерді сипатта


*+Сол жақ қарынша қабырғасында ақ-сарғыш ошақ бар, консистенциясы болбыр пішіні дұрыс емес, айналасы қан құюлумен жиектелген
*Сол жақ қарынша қабырғасында ақ сұрғыш ошақ бар, консистенциясы тығыз
*Оң жақ қарынша қабырғасында май жиналған ошақ, консистенциясы жұмсақ
*Жүрек ұшында көптеген склероз ошақтары мен липоматоз бар
*Сол жақ қарынша қабырғасында қан құюлу ошағы бар, консистенциясы тығыз

#159
*!. 65 жастағы ер адам, көп жылдардан бері гипертрониялы ауруымен ауырады. Уақыт өте мына шағымдар пайда болды – әлсіздік, тез шаршап-шалдығуы. Тексеру барысында қанда көп мөлшерде азоттық шлактар мен кіші дәретте белоктар анықталды. Бүйректегі макроскопиялық өзгерістерді сипатта.


*+кішірейген, беткейі ұсақ түйіршікті
*өзгермеген, әр жерде май тіні ошақтары
*үлкейген, тығыз, беткейі ірі түйіршіктелген
*кішірейген, өрескел тыртықтары бар
*үлкейген, беткейі тегіс

#160
*!20 жыл бойы гипертониялық аурумен ауыратын 65 жастағы әйел адамды неврологиялық бөлімшеге мына шағымдармен - бастың қатты ауруымен, сол жақ қол-аяғының қозғалысының бұзылуымен жеткізілді. Артериальдық қысым мөлшері 220/110 мм.рт.ст. Люмбальдық пункция кезінде жұлын-ми сұйықтығында эритроциттерді анықтады. Ауруханаға орналасқаннан соң 5 сағаттан кейін әйел адам қайтыс болды. Гистологиялық тексеру кезінде ұсақ артерия мен артериолдарда қандай өзгерістерді көреміз.


*+гиалиноз, склероз, қуыс тарылған
*май эмболиясы
*липогиалиннің шөгіндісі
*фиброз, некроз
*медиакальциноз


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет