бар бәле содан. Ңанша жыл болды, әлі сол бір қысыр
жылан...
«Сені ме, сені...» — деді іштей Оразңұл,— жұдыры-
гын тістене түйіп. Жылаған үнім шығып кетпесе екен,
деп өзін-өзі әзер ұстай, ентіге булығады. Үйге келісімен
ойелін қамшының астына алары белгілі. Оның ішкен
сайынғы салты осы. Осы бір тоң мойын өгіз қара ашу
қысңанда хайуан болып кетеді.
Бала осының артында жалғыз аяқ жолмен келе
жатты. Кенет Оразқұлдан көз жазып қалғанына таң
қалды. Ол өзен жаңқа атын бұрып, түсті де, жүгенді
тастай салып қалың қау шөп аралас шатбұталарды ңақ
жарып жүріп кетті. Құларман теңселіп зорға барады.
Мойнын ішіне тартып, екі қолымен бетін басып алған.
Өзеннің жағасына жетті де жүресінен отыра кетті. Сөй-
тіп, қосңолдай алған мұздай суды бетіне себе берді.
Оразқұлдың мына қалпын көріп: «Е, басына күн
өтіп кеткен екен ғой, мынау ыстықта»,— деп ойлады
бала. Ол Оразқұлдың еңіреп өксігін баса алмай отыр-
ғанын сезген де жоң. Оразқұл болса қарсы алдынан
шықңан баланың өз баласы болмағанына ыза-қорлық-
тан жылайды. Тым болмаса портфель алған баланың
қуанышына ортақ боп, адам сияңты бір-екі ауыз жылы
сөз айта алмағанына опық жейді.
Достарыңызбен бөлісу: