Ң о в о л гт л с а ры повестер мен әҢгімелер ьжазушы баспасы



Pdf көрінісі
бет23/49
Дата21.05.2024
өлшемі11,82 Mb.
#202678
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   49
АҢ КЕМЕ
П О В Е С Т Ь
Орысшадан аударған
Қ АЛТАЙ Ш Х А М Е ТЖ А НО В


Ол екі ертегі білетін. Біреуі — өзінен басқа тірі жан- 
ға белгісіз — оәби қиялынан туған. Екіншісін атасы 
айтып берген. Кейін екеуі де ғайып болды. Айтайын 
дегенім де сол еді.
Ол жылы баланың жетіні толтырып, сегізге аяқ 
басқан кезі.
Алдымен портфель сатып алынды. Жылтыраған 
сыдыртпалы бауы, кішкентай ңұлпы бар қара порт­
фель еді, майда-шүйде салатын кішкентай қалтасы 
және бар. Портфель болғанда қандай! Осы күнгі оқу- 
шы балалардың ңолынан күнде көріп жүретін кәдуілгі 
портфель бар емес пе,— сол. Бар, гәп осыдан басталды.
Атасы оны жол-жөнекей соға кеткен автолавкадан 
сатып алған. Таудағы малшыларға шай-қант, киім-ке- 
шек, кездемелер апарып жүретін автолавка анда-санда 
Сантас ңойнауындағы орман қорығына да соғатын.
Осы бір ңорықшалар отырған ңотаннан жыныс шат- 
ңал, аңғар сайларды аралап, жоғары қарай жамырай 
өскен тау орманы бар. Бұл ңотанда небәрі үш-ақ үй 
тұрады. Автолавка мұндағы орманшыларға тым жиі 
соқпағанымен, кейде бұрыла кететіні бар.
Үш үйдің ортасындағы жалғыз ер бала автолавка- 
ны алдымен көруші еді.
— Келе жатыр, машина магазин келе жатыр,— деп 
екі санын шапаттап, есік-терезелерден айқай салып, 
сүйінші сұрайтын.
Ыстыңкөлдің жағасынан басталатын арба жол көл 
жиегін бойлай отырып, ойлы-қырлы машаңаты мол 
шатңал сайларды қуалай, әрең дегенде бұларға да жете- 
тін. Мұндай жолмен жүрудің өзі оңайға түспейді. Ңа- 
рауыл тауының етегіне келгенде шьщырау түбінен 
томен ңарай әзер жылжып, орманшылардың ауласына 
келіп бір-аң тоқтайды. Ңарауыл тауы болса тиіп тұр,
1
177


зказ келісімен бала құдайдың ңұтты күні осы таудың 
басына шығып алып, дүрбісімен Ыстыңкөлге қарайтын. 
Жол үстінде келе жатңанның барлығы — атты-жаяу- 
лысы болсын, машина-трактбры болсын бәрі де ала- 
ңандағыдай айқын көрінеді.
Жаздың бір ыстың күндерінің біріндө тоғандағы 
суға шомылып жатңан бала таудан бермен түсіп келе 
жатңан машинаны көрді. Тоған есіктің алдында ағып 
жатңан тау өзенінің жайпауыз жағасында ңұм ңиыр- 
шаң, бөрге тастардың үстіне салынған. Мұның өзін 
таспен ңалап берген атасы. Егер осы тоған болмаса, бұл 
бала алдаңашан тірлікпен қоштасар ма еді, кім білсін. 
Әжесінің айтуына қарағанда, мұның сүйегін саудыра- 
тып адуын тау өзені алдаңашан Ыстықкөлге айдап 
апарып, тастар еді. Көлдегі балыңтар, баңа-шаяндар 
мұның сүйегіне мәз боп жүрмес пе. Мұны ешкім ңай- 
ғырып, ңынжылмайды, бұл суға кетсін, отқа түссін, 
басқаға керегі шамалы. Шүкір, әзір беті аулақ, ондай- 
дан аман. Егер солай бола ңалған күнде, ңұдай біледі, 
мынау өжесі 
ңұтқарам 
деп қол 
ұшын беруге 
ұмтылмас. Ңанасынан шыңса бір сәрі, өзінен тумаған 
соң бәрібір — кемпірдің айтуына ңарағанда бүл өгей 
бала. Өгейдің аты ңашанда өгей, қанша бағып-қақңан- 
мен өгейлігіне баса береді. Өгей деген не сұмдық... 
Япыр-ау, мұның өгей болғысы келмесе ңайтеді? Қар- 
шадай басынан неге бұл өгей атанады? Мүмкін, бұл 
бала емес, сол кемпірдің өзі өгей шығар?
Жарайды, бұл туралы да, атасының ңалап берген 
тоғанына да кейін оралармыз...
Сонымен жаңағы автолавканы көрді. Ол таудан ең- 
селей түсіп келе жатңанда, артында будаңтаған шаңы 
бұлтңа шапшыды. Баланың ңуанышында шек жоң, дәл 
осы жолы өзіне портфель алынатынын сезгендөй жүре- 
гі алып ұшады. Судан жалма-жан атып шықты да, ты- 
райған денесіне штанын іле салып, мұздай суда жаура- 
ганына қарамастан, үстін кептіруге де қарамай авто- 
лавканың келе жатқанын алдымен хабарлау үшін 
жалғыз аяң жолменен аулаға беттеп тұра жүгірді.
Тастардан секіріп, бұталардан атыла жөнелген бала 
алды-артына ңарайтын түрі жоң, секіре алмағанынан 
ойқастай өтіп, еш нөрсеге тоңтамайды. Бұл маңайда 
өскен бұталар да, шөптер де, мынау жатқан дөңбөк 
тастар да баланың ойынша тегін емес. Бүлардың ба- 
ланың өздеріне назар аудармай бара жптңанына рен- 
жіп, аяғынан қағып ңалуына болады ғон. ♦Магазин
178


машина келді! Мен саған кейін соғамын»,— деді ол 
аптығып, «шөгіп жатқан күйеге». Белуарынан жергө 
сіңіп кеткен мьгна бір сарғылт тасты ол осылай атай- 
тын. Былайғы күндері оның жанынан тегін өтпейтін
өрдайым сол «түйенің» өркешінен сипайтын. Атасы, 
өзі мініп жүрген шолаң мәстегінің жал-құйрығынан 
«сен осы жерде тұра-тұр, мына шаруаны бітіріп ала- 
йын» деп ңалай сипаса бұл да тас түйесін солай мәпе- 
лейтін. Мұның ана бір тасңа ңойған аты да ңызық: 
ортан беліне дейін ағарып келіп, жоғарғы жағы 
ңошңыл ңараға айналатын тасты ол «ерттеулі ат» 
дейтін. Кейде үстіне шығып алып, атқа мініп бара 
жатңандай мәз болатын. Мұның «ңасңыр» деп атайтын 
тасы да бар. Осы бір көк шулан тас жалы тікірейіп, 
қойға шапңалы тұрған ңасңырдан айнымайтын.. Бұл 
оған әрдайым еңбектеп барып, үстіне ңарғып мінетін. 
Ең жақсы көретін мынау жарңабаңтың басында енді 
өзенге қойып кеткелі тұрғандай асылып ңалған тасты 
бұл «танк» деп атайтын. Осы танк ңазір өзенге қойып 
кетсе, өзеннің суы бұрынғыдан да ак, көбік атып, бұр- 
ңырай жөнелгелі тұр. Өзінің кино да көріп жүрген 
танкілері ылғи сүйтеді ғой. Ағысты баса көктеп тарт- 
ңаны ңандай ғажап десеңізші... Бала киноны сирек 
көретін, сондыңтан да оның көргенінің барлығы көкі- 
регінде сайрап қала береді. Атасы кейде таудың арғы 
етегіндегі совхоздағы асыл тұқымды мал фермасына 
келген киноға апаратын, сонда осы танкілердің тала- 
йын көрген-ді. Мынау өзен жағасындағьі суға қойып 
кеткелі тұрған танк содан кейін пайда болған. Осы 
маңайда «ңайрымды», «ңатыгез» тастар да бар. Кей- 
біреулеріне «аңымақ тас», «айлакер тас» деп те ат 
қойған.
Өзен жағасына өскен бұта шөптерге де «Сүйкімді», 
«Ңорқаң», «Батыр», «Ашушаң» деп неше түрлі ат- 
тар қоятын. Әсіресө мұның ата жауы мынау тұрған 
тікенек ңалуен, бала мұнымен талай шайқасңан. Ңұр- 
тамын деп талай рет белін үзіп, тамырын жұлып күні- 
не он ңайтара шабуыл жасағанмен бұл шайңастың 
шегі болмайтын, ол одан сайын өршіп өсө берөтін. Мі- 
неки, мынау жатқан шырмауық, ңанша арам шөп 
болса да өзі ақылды, гүлдері ңандай тамаша. Осы 
маңайдағы өсімдіктердің ішінде жаңа шығып келе 
жатңан күн шұғыласын алдымен құшаң жайып ңарсы
179


алатын осы. Басқа өсімдіктерге ертеңі не, кеші не, 
дәнеңеге түсінбейді, оларға бәрібір. Ал шырмауық бол- 
са, мұның жөні басқа. Күннің шапағы түсе бастаса-аң 
көздерін ашып, күліп ңоя береді. Алдымен бір көзін 
ашады, одан екіншісін, сөйтіп бірінен соң бірі ңаулап 
қоя береді де, бүкіл гүл жайнап, жадырай жөнеледі. 
Ағы, көкшілі, сарғышы самсап көңіл ңуантып, көз той- 
дырады... Егер осылардың жанында үн шығармай 
бағып отырсаңыз, өздері жаңа ғана оянып, бір-бірімен 
сыбырласып сөйлесіп жатңан сияқты. Бұлардың осы 
сырын ңұмырысқаға дейін біледі. Күн шығысымен, 
олар осы шырмауықты бойлай, ерсілі-қарсылы жүреді 
де, кейде кілт тоқтап ңалып, гүлдердің өзара сырласып 
жатңанын тыңдайды. Мүмкін, бұлар өздерінің түнде 
көрген түсін бір біріне баяндайтын шығар?
Күндіз, бала түс таянғанда мынау ңаулап өскен 
Шыралжынның ішіне барып жатңанды жаңсы көреді. 
Гүл жармайтын биік өсетін Шыралжын өзінің хош 
иісіменен бауырына тартады. Бұл бірімен бірі тамыр- 
ласпай, әр жерде аудан-аудан боп өседі. Және мұның 
маңына қоныстас болуға басқа өсімдіктің шамасы кел- 
мейді. Шыралжын баланың нағыз досы, әсіресе, әлде- 
неге ренжіп көңлі жабырқағанда, ешкімге көрінбей 
осының ортасына келіп, жасырынып жылап алады. 
Мұның исі сонау ңалың қарағайдың исінен айнымай- 
ды, шыралжынның ішіне кірсең жып-жылы. Оның 
үстінде, аспанды анық көріп жатасың. Шалңаңнан 
жатып алып, көк аспанның тұңғиық теңізін барлап 
жатқан деген қандай раңаті Алғаш, көзің жасқа толып 
кеткенде дәнеңе көрмейсің. Содан кейін бұлттар жыл- 
жып келеді де, аспан өрінде сен не ойласаң соның 
бәрін істейді. Бұлттар бөрін біледі, сенің қазіргі жа- 
бырқау халіңе көңіл айтңандай, бүкіл дүниеден безіп, 
ңанат байлап ұшып кеткелі жатңаныңды ол да сезеді. 
Осындайда «ойпыр-ау, бала жоғалып кетті ме, енді 
ңайдан табамыз?» — деп жұрт абыржып жүрсе, қандай 
қызың болар еді... Сондықтан жұртты әбігерге салмай 
осылай жат«,аныңды бұлт мақұл көреді де, аспан өріне 
неше түрлі өрнектер салып, ңимыл қозғалыстарымен 
қызығына батырады. Бұлтта ақыл бар дентінім сол,— 
өйткені ол сенің ойыңдағыны табады. Бір аудан бүлт 
сол баяу ңимылының өзінен неше түрлі ойыншықтар-
18 0


дың суретін салады. Әңгіме сол бұлттар салған сурет- 
тің не екенін жіті аңғаруда.
Шыралжынның іші сондай, ңұлаңңа ұрған танадай 
тыныш. Ңанша биік болғанмен сенен аспанды жасыр- 
майды. Шыралжынның бір ғажабы хош иісі мен осы 
мінезі...
Өсімдіктер туралы бұл бала көп нәрсе біледі. Анау 
жайылымда өсетін күміс қылаулы селеуге кейде мен- 
сінбей қарайтын. Селеу негізінде аңмаң болу керек. 
Басында ми жоқ, нағыз қалтаң бастың өзі. Оның ба- 
сындағы үпілдірігі желсіз күн көре алмайды, үп етіп 
самал соңса-ақ солай ңарай еңкейіп, мәз болып ңала- 
ды. Және біреуі болса екен-ау, сол жайылымдағысы- 
ның бәрі ңатаң бұйрың алғандай селеу дегенің безек 
ңағып, ұшарға қанат жоқ, кірерге жер жоң, әбден бере- 
келері қашып, жер жастанып, бірінің үстіне бірі ңұлап 
жатңаны. Әттең, аяғы жоқ, аяғы болса беті ауған жа- 
ғына тұра ңашудан тайынбайды... Біраң бұлар ңу, осы- 
ның бәрін әдейі істейді, найзағай басылып, жаңбыр 
тоңтасымен ңайтадан бастарын көтеріп, жел қалай соң- 
са, солай иіліп-бүгіліп, тұра береді...
Өзімен бірге ойнайтын достары жоң бала осындай 
табиғаттың ортасында өзімен өзі болып жүре беретін. 
Жаңа ғана көрінген автолавка осылардың бәрінен қол 
үзіп, тұра жүгіруге мәжбүр етті. Ңанша дегенмен, авто­
лавка саған мынау жатқан тастардан, айнала қорша- 
ған өсімдіктерден өзгеше ғой. Автолавкада керек дү- 
ниенің бәрі бар!
Бала үйге жақындағанша ңотанның сырт жағынан 
автолавка да аулаға келіп кірді. Бұл жердегі үйлердің 
есік-терезесі өзенге ңараған. Сол ңорадан басталатын 
жайпауыт алаң өзеннің жиегіне барып тоқтайды. Өзен- 
нің арғы беті жарңабақтанып кетеді де, тау беттеген 
орман ішіне жоғалады. Сондыңтан ңотанға келетін жол 
үйдің арңалығында. Егер бала жүгіріп келмегенде, ав- 
толавканың қораға кіріп тұрғанын да ешкім байқамай- 
тын еді.
Ңазір еркек атаулыдан ешкім жоқ, бәрі де таң сәрі- 
ден шаруаларына кеткен. Әйелдер болса үйдің кәкір- 
шүкірімен айналысып жатқан. Бала келісіменен:
— Магазин машина келді, магазин машина кел- 
ді! — деп ашық есіктерден азан-ңазан айқай сала жө- 
нелді.
Әйелдер абыржып ңалды, өздерінің тиын-тебендеп 
жинаған аңшаларын іздеуге кірісті. Бәрі де үйлері-
181


нен бірімен бірі жарыса шыңты. Ең ар жағы кемпірге 
дейін:
— Көрдіңдер ме, айналайын, ең алдымен осы бай- 
ңайды бәрін,— деп марапаттаған болды.
Мұны естігенде бала осы автолавканы өзі алып кел- 
гендей мәз-мөйрам боп ңалды. Ңазір бұдан баңытты 
ешкім жоң, өйткені қуанышты хабарды әкелген өзі. 
Міне, осыларменен жарыса ңақтығысып, автолавканың 
ашылған есігінің алдына бұл да жетті. Лавкадағы мү- 
лікті көрісімен-ақ әйелдердің баланың бар-жоғымен ісі 
болған жоң. Мұны ңайтсін олар. Лавкадағы мүліктер- 
ді көргенде естері шыңты. Небәрі үш-аң әйел, ожесі, 
Бекей апай, Бекей апай болса — осы баланың туған 
шешесінің сіңлісі, осы ңотандағы орман ңорықшылары- 
ның бастығы Оразңұлдың әйелі. Үшіншісі — орман 
жұмысшысы, ңолына емшектегі ңызын көтере шык,- 
қан — Сейдахметтің келіншегі Гүлжамал. Не бәрі үш 
өйел болғанмен, бір қора адамдай ауланы бастарына 
көтерді. Лавканың мүліктерін аударыстыра-төңкерісті- 
ре, бірінен соң бірін жұлқылап, өбден берекесін алып 
бара жатңан соң дүкенші «шуламаңдар енді, былай бір 
төртіп саңтасаңдар еді»,— деуге мәжбүр болды.
Дегенмен, мұның айтңан уәжі өйелдерге онша өсер 
ете ңойған жоң, ең алдымен барлығын алатын адамдай 
бәрі де жаныға ұмтылып, аздан соң таңдай бастады. 
Енді таңдап алғанын ңайтарып беріп жатыр. Шетке 
шығарып ңойып, жазып көріп, қайта-қайта өлшеген 
болып, бір нөрсені он ңайтара сұраумен болды. Біреуі 
ұнамайды, ана біреусі ңымбат, мына біреусінің түсі 
келіспейді екен... Бала шеткөрілеу тұрған. Сауданың 
берекесі көрінбейді. Машинаны алғаш көргендей қуа- 
ныш, алып ұшңан жүрек ңайда кеткен, осынша негө 
ңуанды, осынша аптыңңаны несі? Енді оның көз ал- 
дында автолавка тек ңана өр түрлі ңоқырсыған зат тиеп 
алган қарапайым ғана машина болып көрінді.
Мына шуылдаң өйелдердің ештеңе алып оңдыратын 
түрі жоқ. Сатушы ренжи бастады. Соншама тау-тасты 
кезіп, осы ңуысқа несіне келді екен?
Айтқанындай-аң болып шықты. Әйелдердің де ап- 
тыгы басылып, бөрін көріп-біліп алған соц шаршап 
ңалғандай-ақ самарқау тартты. Енді бұлар сатушының 
алдында өзара өр түрлі себөп-дөлөлдер айтып, кешірім 
сұрағандай сыңай танытады. Ең алдымен ақшаның 
жоңтығын бастаған кемпір болды. Тегін дүниө жоң, air­
man болмаса не алмаңсың? Бекей апай болса, байымен
182


ақылдаспай ңолға ілінер дүние алуы неғайбыл. Дүнив 
жүзінде өйел атаулының ішіндегі ең баңытсызы осы 
Бекей апай, өйткені өмірі пұшпағы ңанамаған, баласы 
жоң. Ішіп алған сайын Оразңұл осы бір ңасіретін бетінө 
басып, таяқтан айырмайды. Мұның барлығы, әсіресе, 
атасына ауыр. Туған ңызыныц бұл халін көрген сайын 
бір өліп, бір тірілөді. Бекей апай бір-екі майда-шүйдө- 
мен ңоса екі жартылың араң алды. Мұны несіне алға- 
нын өзі білсін, бұл араңтың арты өзіне таяң, кемпір 
шыдамады:
— Мұның не, бейбақ-ау, өз сорыңа сатып алып тұр- 
мысың? — деді, сатушыға естіртпей сыздана сыбырлап.
— Жұмысың болмасын, өзім білем,— деп Бекей 
апай шолаң ңайырды.
— Жетісерсің, миғұла,— деді кемпір табалай тісте- 
не. Егер мына сатушы болмаса Бекей апайды жерден 
алып жерге салуға даяр. Ойбай, бұлар бір бірімен ұрыс- 
ңанда төбе шашың тік тұрады...
Гүлжамал өз жағдайын айтып, ақталып шыңты. 
Өйткені ұзамай Сейдахмет қалаға барады, аңшаның 
көбі ңалалы жерде жұмсалады ғой. Сондықтан бұл 
жерден еш нәрсе алғысы келмей отыр, бар себебі сол 
екендігін түсіндірді.
Осылайша автолавканың айналасында болған хикая 
сатушының айтуына ңарағанда, соқыр тиынның сау- 
дасы, мың сомның айңай-шуы боп шықты. Әйелдер үй- 
ді-үйіне тарңады. Бүйткен саудасы ңұрысын. Кетіп 
бара жатңан ңатындарға ңарап, бір түкірді де дүкенші 
аударылып, шашылып ңалған заттарын жайғастыра 
бастады. Енді машинаға от беріп, кетуге бет алды. Осы 
сәтте әлі селтиіп тұрған балаға көзі түсті.
— Әй, қалңан ңұлаң, саған не керек? Бұл ңай тұ- 
рысың? — деді ол. ІПынында да баланың ңұлағы үрік- 
кен текенің ңұлағындай алдына ңарай еңкіштене біткен 
екен. Мойны ырғайдай, ңауаң бас ңара балаға ңызыға 
қарап: — Бірдеңө алғың кеп тұр ма, ей? Бол енді тезі- 
рек, әйтпесе жабамын. Ақшаң бар ма өзіңнің?
Сатушы баланың көк тиыны жоғын біліп тұрса да, 
өдейі әзіл араластырып айтып еді, бала оған байсалды:
— Ағай, менің аңшам жоң қой,— деп басын шай- 
қады.
— Ңой, олай демө, сенде аңша бар. Сендер осында- 
гы нағыз аңшалы қалтаның өздерісіңдер. Әшейін жа- 
рымаған боп көрінгілерің келеді. Анау ңалтаңда ғой
183


біраз аңша бар, жасырып тұрсың ғой, ө? — деді, әдейі 
сенбей тұрған адамша әжуа аралас үнмен.
— Жоң, көк тиыным жоң, ағай,— деп бала шын 
пейілімен жыртың ңалтасын айналдырып көрсетті. 
(Екінші ңалтасын тігіп тастаған екен).
— Е, мына жыртың ңалтаңнан аңшаң түсіп ңалған 
екен ғой. Ойнап жүрген жеріңді барып қара, тауып 
аларсың.
Екеуі де аз уаңыт үнсіз қалды.
— Сен кімнің баласысың, ей? Осындағы Момьін 
шалдың баласы ма едің? — деді тағы да дүкенші. Бала 
жауап орнына басын ғана изеді.
— ІНамасы, немересі боларсың?
— Иә,— деді бала тағы да басын изеп.
— Шешең ңайда?
Бала тіл ңатпады. Бұл жайлы еш нәрсе айтңысы 
келмеді.
— Осы сенің шешең өзінің ңайда жүргенін де сез- 
дірмейді-ау, шынымен білмейсің бе?
— Білмеймін.
— Әкең ше? Оны да білмейсің бе?
Бала үндеген жоң.
— Ау, досым-ау, сенің ештеңе білмегенің ңа- 
лай? — деді дүкеңші ңуаңыланып.— Жарайды ендеше, 
олай болса амал не, әкел ңолыңды,— деді де бір уыс 
конфет ұсынды.— Сау бол, енді!
Бала ұялып бата алмады.
— Мә, ал деймін! Сенімен ырғасып тұратын уақыт 
жоң, кетуім керек, шырағым.
Бала конфетті қалтасына салып алып, енді маши- 
наны шығарып салу үшін ыңғайлана берді. Алдымен 
барақ жүнді Бәлтек төбетін шақырды, бұл өзі ертеден 
қара кешке көлеңкеде жататын нағыз маубас ит. Осы 
итті ұстап керегі не, көзін жоғалтып атып тастаймын 
деп Оразңұл талай ұмтылған, оны атасы: «Әуелі бір 
қасқыр ит тауып алайың, сосын бір жаңңа апарып қаң- 
ғыртып тастап кетерміз»,— деп саңтап келген. Бәлтек- 
тің ит деген аты болмаса, ең ар жағы күніне бір үруге 
ерінетін, қарны тойса жатып алады да, қарны ашқан 
кезде көрінгенге ңұйрығын бұлғақтатып, телміреді де 
жүреді. Оған өзінің танитыны болсын, танымантыны 
болсын — бәрібір. Тек телміруден басқа кәсібі жоқ. 
Бәлтек деген итіміздің бар қасиеті осы. Кейде әбден 
еріккеннен машинаның соңынан жүгіретіні бар. Онда 
да көп ұзамайды, бір шама селтеңдеп барады да, өлде-
184


неден шошынып үйге ңарай тұра ңашады. Мұндай да 
сенімсіз ит болады екен. Қанша дегенмен, бала үшін 
осы итпен жарыса жүгірген раңат. Айналасында өзі- 
мен ойнайтын тірі жан табылмағанда иттің өзі едәуір 
серік. Жаман болсын, жаңсы болсын, иттің аты ит 
ңой...
Дүкеншінің көзін ала беріп, бала Бәлтекке бір кон­
фет тастады. «Мыңты бол, біраз жүгіреміз әлі!»— деді 
ол итке ескертіп. Бәлтек ананы қағып салды да, тағы 
нең бар дегендей ңыңсылай құйрығын бұлаңдатып же- 
тіп келді. Бала енді тағы бір конфет тастауға бата ал- 
май тұр. Дүкенші ренжіп қалуы мүмкін ғой. Өйткені 
ол бір уыс конфетті итіңе бер деген жоң қой.
Дәл осы кезде атасы көрінді. Шал омартаға кеткен 
еді. О жаңта жүргенде үйдің сыртында не болып, не 
ңойып жатқаны көрінбейді. Дәл осы жолы автолавка 
орнынан қозғалмай тұрғанда келіп ңалғаны ғажап 
болды. Бұл да бір сәті түскен іс. Бұлай болмағанда не- 
мересіне портфель алынбайтын еді. Бала үшін дәл 
осындай олжалы күн болған емес.
Момын шалды осы маңайдағы салауатты жұрттың 
барлығы Елпек Момын дейтін. Ңайда барса да мұны 
танымайтыны жоқ, шал да бәрін біледі. Елпек атануы 
шалдың өзінен, өйткені бұл үлкен болсын, кіші болсын 
бәріне қол ұшын беріп, көмек көрсетуге әрдайым да- 
йын тұрады. Туыс болсын, көз таныс болсын, істейтіні 
сол, бәріне дайын, бәріне ңайрымды, бәрінің іші-бауры- 
на кіріп тұрады. Біраң мұның осы бір мейрімді елпек 
мінезі ешуақытта бағаланып көрген емес. Алтынды те- 
гін шашңан ңандай құнсыз болса, мұның еңбегі де сон- 
дай бағасыз. Момынның жасындағы шалдар ие бола- 
тын ңұрмет-іззеттің бірде-бірін бұл адам баласынан 
көрген емес. Мұны елеп, есіркеп жатқан ешкім жоң. 
Үлкен ас берілсе, той-томалақ болса әсіресе бұғы әуле- 
тінің белгілі кісісінің астары болса бар жұмыстың ба- 
сында Момын жүреді. Өйткені мұның өзі де осы Бұғы 
руынан. Өзінің руласының ас, құдайыларының бірде- 
бірінен қалып көрген емес. Өзінің осы рудан екендігін 
зор мәртебе, мақтаныш санайды. Мұндайда мал сою, 
қонақты ңарсы алып аттан түсіру, көлік жайғастыру, 
шай ңою, қазан асу, су тасу, отын жару сияңты жұмыс- 
тардың бәрі Момынның мойнында. Жан-жақтан сонша- 
ма қонақ жиналған астардың тірлігі аз бола ма? Мо- 
мынға не тапсырса бәрі ңас пен көздің арасында бітіп 
жатады. Кейбіреулердей бұл ңай шаруадан болса да
185


бас тартпайды. Осынша топырлаған ңонаңты тамаң- 
тандыру, шай беру сияңты жұмыстар ауылдағы келін- 
кепшіктерді ңанша әбігерге салғанмен, солардың орта- 
сында Момын жүреді. Сондыңтан да олар:
— Елпек Момын болмаса, біз түк бітіре алмао 
едік,— дейтін.
Сонша жерден немересін ертіп келген шал барған 
жерінде самаурын ңойып, жігіт-желеңнің жұмысына 
өзі кірісіп кетеді. Момыннан басңа біреу болса, мұндай 
іске ңорланып, терісіне сыймас еді. Ал Момын бөрібір, 
шыбын шаңқандай көрмейді.
Елпек Момынның ңонаңтарды осылай жайғасты- 
рып жүрген қылығына ешкім таңданбайды, сондыңтан 
да ол өмір бойы Елпек Момын атанып келе жатыр. Ел­
пек Момын атанғанына өзінен басңа ешкім кінәлі емес. 
Егер біреу «Аңсаңал, бала-шағаның ісіне араласып не- 
ңіз бар, бұл елдің жас жігіттері мен әйелдері не бітірө- 
ді?» — дей бастаса, Момын: «Марқұм, менің туысым 
еді (Бұғы руынан шыққанның бөрін туыс санайтын, ас 
иесінің «туыстығы» осы келген ңонаңтарға ңандай бол­
са, бұған да сондай). Олай болса, бұл ңызметті мен істе- 
мегенде кім істейді? Барлығымыздың түбіміз бір ғой. 
Әруағыңнан айналайын, осы өулеттің бөрі Бұғы анадан 
тарайды ғой, ол бізге бір-біріңмен тату, мейірімді бо- 
лыңдар, бір-біріңді сыйлаңдар, қолдаңдар, деп кеткен 
жоқ па?..» — дейтін.
Міне, Елпек Момын шалдың мінез-ңұлңы, бар бол- 
мысы осы.
Үлкен болсын, кіші болсын, мұнымен «сен> деп сөй- 
леседі. Кейбіреулер өзілдеп, өзінің ңұрдасындай ойнаса 
да, оған ренжіп ңабақ шытатын шал жоқ. Мұнымен 
ешкім санаспайды, оған ренжіп жатңан Момын жоң. 
Тегінде, жұрт ңұрметтемесө өзің кінәлі, құрмөттесін 
дейтін болсаң кеудеңді көтеріп, маңғаз бас аяғыңды 
деп бекер айтпайды ғой. Мұның бөрі Момын шалдың 
ңолынан келмейтін көсіп.
Өмірде бұл шал бес аспап — ағаш жону, есік-терезе 
жөндеу, шөп шабу, күде тұрғызу — әйтөуір қолы тнген 
шаруаның ңай жагы болса да, тап-тұйнаңтай болып 
шыға келеді. Жас күнінде Момынның тұрғызған күдесі 
өзгеден оңшау, тиянақтылығы сонша, қанша нөсер 
жаңбыр жауғанмен мұның жиған шөбі шірімейді. 
Итарңа етіп тұрғызған күдеге жауын да сіңбейді, қар 
да түрмайды. Соғыс кезінде еңбек майданына барып
186


Магнитогордың заводтарының қабырғасын қалап, ста- 
хановшы да атанды. Қайтып келіп, осы қорықта ағаш 
үй салып алды. Орман ісімен айналысты. Бұлайынша 
ңарапайым жұмысшы болғанымен осы орманды бағып 
отырған Момын. Бастың деген аты болмаса, күйеу ба- 
ласы Оразңұл уақытын көбінесе ел қыдыру, ңонақңа 
барумен өткізеді. Өлдеңалай үлкен бастықтар келіп 
ңалғанда Оразқұл бөрін өзі бітіріп отырғандай орман­
ды аралатып, аңға шығарып, жік-жаппар болып жүре- 
ді. Ңолдағы аз ғана мал да, омарта да — бәрінің тірлігі 
Момынның мойнында. Ертеден қара кешке дамыл тап- 
пайды. Жұмыстан қолы босамайды, сөйтіп жүріп, өзін 
құрметтейтін тірі жан көрген емес.
Былай, сырт пішініне қарағанның өзінде де Момын- 
ның аңсақал аталатындай қауңары шамалы. Жұрт 
кДтарлы байсалды жүру, сес көрсету, өз орнын табу дө- 
геннен ңұр алақан. Мұндай мейрімді, аңғал, аңкөңіл 
қауңылдап тұрған бала мінез адамның жұрттан сый- 
құрмет күтуі де ңиын. Мұндайларды өмір бойы «ңай- 
рымды болма, ңатыгез бол, саған керегі осы, қатыгез 
болсаң ғана халық ңатарында жүресің»,— деп ңанша- 
ма тоңпаңтаса да олар өзгермейді, сол қалпында, сол 
қайрым-мейрімнен ңол үзбей ңала береді. Иман жүзді, 
мейірбан шал өруаңытта «Саған не керек? Жаның нө 
ңалайды? Не жақсылық істесем ойыңнан шығам? Айт- 
саңшы енді өзің? Мен сенің ңай кәдеңе жарармын?» 
деп өрдайым тіленіп-сұранып тұрғандай.
Осы шеміршөксіз май мұрын, үйрек тұмсың, орта 
бойлы, ңағылез шал ертеден ңара кешке балаша дома- 
лайды да жүреді.
Ңұдай бұған жарытып сақал да бермеген. Сақал 
емес, сайңымазаң. Шыбын тайып жығылардай жылтыр 
иегінде үш-төрт сары ңылтанақ ербиеді. Сақал дегендв 
бар байлығы сол ғана.
Кейде жол үстінде кездесетін бір инабатты аңсаңал- 
дар болады, олардың жарау аттың үстінде отырысы да 
маңғаз, бақал деген бір ңұшақ, мол пішілген ішік, елті- 
рі жаға сегіз өрім ңамшы, ңұндыз бөрік, қарасаң көэ 
тойдырады. Ер-тұрманының өзіне күміс шантырған, 
оларға амандаспай, тағзым етпей ешкім өте алмайды, 
Анадайдан көрінгеннен пайғамбар келе жатңандай сес 
тастайды. Сөлем бермей көрші! Момын болса сол о бае- 
тан Елпек Момын боп туа салған. Тек бар бойындағы
187


бір ңасиеті өзінің беделін, өзінің жасын жұрттың ал- 
дында елемеуге, мән бермеуге бойын әбден үйретіп ал- 
ған. («Бұлай отырма, бұл сөз сенікі емес, неңе жетісіп 
ыржиясың? Сандал май отыр. 
О лай емес, 
бы лай 
емес» — өмірі естіп келе жатқаны осы. Сүйтіп жүріп 
Момын өзін дүниедегі бақытты адамның бірімін деп 
санайды. Кейбір адамдар көбіне науқастан гөрі, мықты 
боп көріну үшін, ақылды атану үшін, жұрттан артың 
саналу үшін, соны арман етіп, бар жігер-қуатын соған 
жұмсап, дегеніне жете алмай өледі. (Кімнің акылды 
болғысы келмейді, кімнің көрікті болғысы келмейді, 
кімнің атақты болғысы келмейді, кімнің әділ, кімнің 
қатал, кімнің батыл болғысы келмейді дейсіз?..)
Ал Момын болса, мұның бәрінен жұрдай. Ол бір 
аңңау, кем аңыл, есуас,— жұрттың бәрі шынында со- 
лай ой лайды.
Бұл дүниеде Момын ренжитін бір-ақ нәрсе бар, егер 
біреудің асы берілгелі жатса, ағайын жиналып ақыл- 
дасңанда Момынды шақырмаса бітті... Бұған ол қатты 
ңүйзеледі, өзін-өзі іштей жеп әбігер болады. Елемеді 
деп өкпелейді. Елеген күнде де бұдан ақыл сұрап жат- 
ңан тірі жан жоң, тек ішінде болса болды. Мұның ой- 
лайтыны ата-бабадан келе жатңан дәстүр бұзылмаса 
екен, тұқымдас емеспіз бе,— деген ғана.
Момынның да өз бойына лайық ңайғы-қасіреті же- 
терлік. Сол ішті жегідей жеген ңапас ойдан шыдамай 
кей түндері жылап та алады. Оны бөтен көз ешкім көр- 
мейді, біліп жатқан да бөгде адам жоқ.
Бірақ жақындары біледі.
Жаңа Момын, немересін автолавканың жанында 
тұрғанын көргеннен-ақ оның әлденеге ренжіп тұрға- 
нын бірден сезе қойды. Дүкенші бөтен адам болғандың- 
тан ең алдымен шал соған беттеді. Атынан ңарғып түс- 
ті де, екі ңолын ұсынып, ұмтыла берді.
— Ассалаумағалайкүм, байекесі,— деді ол әзіл 
араластыра.— Ңалай, керуеніңіз аман-есен жетті ме, 
саудаңыз сәтті жүріп жатыр ма? — деп өзі мәз-мәйрам 
болып, дүкеншінің қолын қайта-қайта сілкіп,— көрме- 
генімізге қаншама заман болды, хош келіпсіз!
Шалдың бұл сөзіне немғұрайды күле ңараған дү- 
кенші, мұның тозығы жеткен керзі етігіне, кемпірі тік- 
кен кенеп дамбалына, әбден илеуі ңанған пенжагіне, 
күнге ңақталып жаңбыр сіңген қара қоңыр қалпағына 
көз тастап, Момынға жауап қатты:
188


— Керуен қалпында. Бай-екесі өздеріңе арнайы 
келсе, сендер орман аралап, сай сағалап бет-бетіңе ңа- 
шып кетесіңдер, мұны қалай түсінеміз? Әйелдеріңе 
болса, «бір тиын шығарсаңдар жаның бірге шығады» 
деп тапсырасыңдар-ау шамасы. Ңанша мүлікті үйіп- 
төксең де көк тиын жұмсайтын сыңайлары жоқ.
— Айналайын, айыпңа бұйырма. Сенің келетініңді 
білсек табан қаңпай отыратын едік ңой. Жоққа жүйрік 
жетпейді, аңшаның жоғы рас. Мына күзге ңарсы кар­
тошка сатып, былай нетіп,— деді шал өзінен өзі қысы- 
лып.
— Мұндай ертегі маған түсінікті,— деді дүкенші 
оның сөзін бөліп.— Сендер сияқты шіріген байларды 
білеміз. Бүкіл тауды билеп отырсыңдар, жер жетеді, 
шөп жетеді. Ңаншама байлық сендердің ңолдарыңда. 
Үш күн жүрсең шегіне шыға алмайтын орман мынау. 
Мал ұстайсың ба, ұстайсың? Омартаң бар ма, бар. 
Тиын шығаруға келгенде ңалтырап ңоя бересіңдер. Не­
ге алмайсың мына жібек көрпені? Мына тігін машина- 
сынан біреу-аң ңалды...
— Ңұдайдың бір ақына, шырағым, ондайға ақша 
жоң,— деді Момын шал өзін өзі аңтап.
— Дәл осы сөзіңе сене қояды деп тұрмысың? Са- 
раңсың, шалым, сараңсың. Аңшаны басып жатырсың- 
дар, қайда жұмсайсыңдар сонда?
— Ңұдай білер, Бұғы ананың өруағымен ант ете- 
мін.
— Мына ши барңыттан ал ендеше, тым болмаса бір 
дені сау шалбар киерсің.
— Алар едім, амал ңанша, Бұғы ананың әруағы 
атсын тартынсам...
— Ой, сеніменен сөз бітпес,— деді дүкенші ңолын 
бір сілтеп.— Бекер келген екенмін. Оразңұл ңайда?
— Таңертең кетіп еді, Ақсай жақңа беттеді-ау дей- 
мін. Сондағы малшыларда шаруасы болса керек.
— Ңонақтап кеткен ғой, шамасы,— деді дүкенші 
түсіндім дегендей.
Ңолайсыз үнсіздік басты.
— Шырағым, сен енді ренжіме, ңұда халаса күз 
басталысымен 
картошкаларымызды 
сатып...— деді 
Момын ар жағын айтпай.
— Күзге дейін өлі қанша уақыт бар.
— Ңайтеміз, енді ренжіме. Әйтеуір. Ал енді тәңір 
жарылңасын, үйге кіріп шай ішіп шық.
189


— Шай ішіп отыруға келген жоңпын. Шаруам же- 
терлік,— деді дүкенші.
Ол лазкасының есігін жаба берді де, шалдың қапта- 
лында итінің құлағынан ұстап, машинаның ізінше 
тұра жүгіругө дайын тұрған оның немересіне көзі 
түсті.
— Тым болмаса портфель алсайшы, мына баланың 
оңуға баратын кезі болған жоң па? Жасы нешеде 
өзінің?
Дүкеншінің мына сөзі Момынның ойынан дәл шың- 
қандай болды. Бұдан бірдеме алып ңалмаса, тым өкше- 
леп бара жатыр. Шынында да портфель керек болғанда 
ңандай, немересі биыл күздө мектепкө барады ғой.
— Мынауың аңыл болды-ау,— деді абыржып ңал- 
ған Момын,— ойыма да келмепті. Биыл жетіден сегізге 
шығады ғой, бері жақындашы, қалңам! — деп немере- 
сін шаңырды.
Шал ңалтасын ңарманып, жасырып жүрген бес 
сомдығын шығарды. Ңай заманда ңалтасына салғанын 
өзі де білмейді.
— ¥ста мынаны, ей, ңалңан ңұлаң! — деді дүкен- 
ші ңулана көзін ңысып, балаға портфельді берді.— Ен- 
ді оңы, сауатыңды ашпасаң — мынау атаңмен бірге 
таудың тағысы болып ңала бердім дей бер.
— Оңығанда ңандай? Бұл өзі пысық, аңылды,— 
деді Момын шал, қайырып алған тиынын санап жа- 
тып.
Қолындағы судай жаңа портфельді ыңғайсыздана 
ұстап тұрған немересіне көзі түсіп, өзінің бауырына 
тартты.
— Міне, сәті түсті деген осы. Күздігүні енді мек- 
тепке барасың,— деді ақырын ғана. Өзінің көн жарғаң 
боп қалған алаңаньімен баланың басынан сипады.
Осы сәтте баланың көмейінө бірдеңе кеп тығылған- 
дай, жүрегі алабұртып кетті. Атасының киімдерінің 
ңоңырсың исі мен тарамыс боп ңалған жүдөу ңалпын 
сезді. Пішеннің исі, жұмыс адамының терінің исі мұ- 
рын жарады. Бұл дүниеде баланың арңа тұтар, үміт кү- 
тер, жанашыр бір адамы болса, осы Момын. Атасы ба- 
ладан жанын аямайды, үстінө түсіп, елпек ңағады да 
жүреді. Осы бір аңңау — адал, салауаттылар Елпек 
Момын атайтын шал бұл баланың асқар тауы. Жүрт 
не десе о десін, осы домаланған шал өзінің ең бір қадір 
тұтар, қайрым күтер атасы. Бөрінен де бары жақсы. 
Өйтеуір өз атасы ғой.
190


Бала дәл бүгін осындай қат-ңабат ңуанышңа ие бо- 
лармын деп ойлаған жоқ-ты. Күні бүгінге дейін мектеп 
те ойына кіріп шыңпаған. Бұған дейін мектепке бара 
жатңан балаларды Ыстықкөлдің жағалауындағы ау- 
ылдарға атасымен барғанда ғана көрген. Ол таудың ар 
жағында — Бұғы өулетінің бір атақты шалының асы- 
на барғанда болған. Бүгіннен бастап бала портфелінен 
айрылған жоң, қуана маңтанып, осы ңотандағы отыр- 
ған үйлердің бәріне көрсетіп шыңты. Алдымен атам 
алып берді деп, өжесіне көрсетті. Одан кейін Бекей 
апайға, Бекей апайы портфель алғанына қуанып, бала- 
ның өзін де мақтап біраз жерге апарды.
Бекей апайдың мұндай көңілді кездері өте сирек 
болады. Көбінесе қабағын қарс жауып, томсарады да 
жүреді. Бұл бала туған немересі болса да жылы қарап 
баурына тартпайды. Өз қайғысымен өзі, немересімен 
ісі де жоң. «Әттең дүние, баласы болса мұның мінезі де, 
қылығы да өзгеше болар еді»,— дейді кемпір. Ортала- 
рында өздерінен шыңңан жас иіс жүрсе Оразқұл да дәл 
мұндай болмас еді. Баланың жүрген жері базар, қуа- 
ныш, береке емес пе. Мүмкін, онда Момын шал да дәл 
мұндай көрінгеннің айдауында жүрмес еді. Момын 
шалдьщ екі ңызы болды, біреуі осы Бекей апай, екінші- 
сі баланың шешесі. Кіші ңызы бала көтермесе де өзінің 
ішінен шыңқан шұбар жылан, балаңнан нәресте көр- 
меудің өзі қасірет. Осының барлығын кемпір айтады, 
не оймен айтатынын өзі білсін...
Портфелін Бекей апайға көрсеткеннен кейін бала 
Гүлжамалдың үйіне ңарай беттеді. Гүлжамалдың өзі 
мен ңызына көрсетті де, пішен шауып жатқан Сейдах- 
мет жаңқа тартты. Тағы да сол шөгіп жатқан «түйе» 
тастың жанынан зырғып өте шыңты. Оның өркешінен 
сипауға да мұршасы болмады. Бала ерттеулі «ат», 
«ңасқыр» тас, «танкке де» дейін аялдамай, өзендІ жа- 
ғалап ит мұрын тоғайшығын жарып өтетін жалғыз аяқ 
жолмен жортып келеді. Әні-міні дегенше кең алқап ша- 
бындықтың үстімен Сейдахметке де жетті.
Сейдахмет бұл маңда бүгін жалғыз өзі де. Атасы 
болса езі сыбағасымен Оразңұлға тиесі жердің шөбін 
алдақашан шауып алған. Шауып алу былай тұрсын, 
өжесімен Бекей апайға жинаттырып арбаға өзі артып 
ңораға тасып та алған. Бұл сапарда бала шамасы кел- 
генше атасына көмектесіп бірсыпыра еңбек сіңірген. 
Қазір сиыр қораның жанында екі мая тұр. Атасы оны 
сондай тиянақтап көтерді. Қара нөсер төксе де тамшы
191


тоқтамайды. Алыстан ңарағанда, атылатын арыстан- 
ның жалындай боп көрінеді. Атасының жыл сайын іс- 
тейтіні осы. Оразңұл өмірі бір айыр шөп шауып көрген 
емес, өзі бастык, болғасын ба, барлығын шалдың мой- 
нына артып қойған. «Керек десеңдер сендерді көзді 
ашып-жұмғанша жұмыстан қуып шығам»,— дейді 
Оразңұл. Оның шал мен Сейдахметке көрсететін ңыры 
осы. Онда да бұл сөзді мае болған кезде айтады. Шал- 
ды ол ңайдан қусын, бұл кетсе кім жұмыс істейді? Бұл 
шалсыз күн көре алар ма? Әсіресе, күзге қарағанда 
«Ағаш деген бетіне жайылып кететін отардағы ңой 
емес, бірақ бұл да солардан кем бап тілемейді. Егер 
өрт түсе ңалса, немесе көктемде таудан қар еріп сел 
қаптап келе жатса, ағаш деген жалтарып тұра ңаша- 
тын жанды дүние емес, сол тұрған жерінде міз баңпай 
ңұриды. Орманшының бағатыны ағаш, мұның әр түбін 
көздің қарашығындай саңтау керек». Ал Сейдахметті 
Оразңұл ңуа алмайды, өйткені Сейдахмет жуас, көн- 
терлі, не істе десе соған даяр. Еш нәрсеге араласпайды, 
сөз жарыстырып салғыласып жатқан ол жоң. Біраң 
соншалыңты қарулы, мінезі орныңты болғанмен барып 
тұрған жалңау, ұйқыдан бас көтермейді. Мұның ор- 
маншы болып жүргені де осы мінезі шығар. Атасының 
айтуына қарағанда: «Мұндай жігіттер тепсе темір 
үзіп, совхозда машина айдап, трактормен жер жырта- 
ды». Ал Сейдахмет болса, өзінің баңшасындағы кар- 
тошкасын отауға да ерінеді. Емшектегі баласын ңолы- 
на алып жүріп, бақшаның бар жұмысын Гүлжамал бі- 
тіреді.
Керекті шөбін шауып алуды осы уаңытңа дейін әкел- 
ген де Сейдахметтің өзі. Алдыңғы күні шал бұған біраз 
ұрысқан, «Өткен қыста саған жаным ашыған жоқ, 
малдарыңа жаным ашыды, сол үшін ғана шөп бердім. 
Ал енді биыл да шалдың шапңан шөбінен ауыз тием 
дейтін болсаң, онда шыныңды айт, ана шөпті мен-аң 
шауып алайын»,— деген. Сөздің төркінін аңғарған Сей­
дахмет бүгін таң атпай шалғысын алып тартқан-ды.
Біреудің жүгіріп келе жатңанын аңғарған Сейдах­
мет етегіне ңолын сүртіп, артына бұрылды.
— Сен не ғып жүрсің, мені біреу іздеп жатыр ма?
— Жоң, менің портфелім бар, міне! Атам алып бер- 
ді. Мен енді мектепке баратын болдым.
— Соны айтуға жүгіріп келдің бе? — деп Сейдах­
мет ңарқ-қарқ күлді.— Сенің Момын атаңның шылғн 
дені сау емес,— деп, саусағымен шекесін шертті.— Сен
192


де содан ұзамапсың. Ңане, бері өкеші, бұл өзі ңандай 
портфель екен? — Ол портфельді қолына алып әрі- 
бері көрді де, басын шайқап, мазаңтай күліп қайтып 
берді.— Айтпақшы, сен ңайдағы мектепке барасың? 
Сенің мектебіңнің өзі ңай жерде еді?
— Ңай жердегі несі? Фермадағы мектеп ше?
— Е, Желсайдағы мектепті айтасың ба? — деді 
таңданып Сейдахмет.— Ол тауды тікелей асып жүрген- 
нің өзінде аз дегенде бес шаңырым.
— Атам өзі күн сайын атпен ңатынаймыз деп 
отыр.
— Сонда әрі апарып салып, әрі алып қайтып жүрө 
ме? Шал да алжыған екен. Онан да сенімен бірге мек­
тепке өзі түссеші, партада бірге отырып, қол ұстасып 
шығатын шығарсыңдар.— Сейдахмет шек-сілесі ңата 
күлді. Момын шал мен немересінің партада ңатар отыр- 
ғанын көзіне елестетіп, өзінен өзі мәз болды.
Бала әлде неге ойланып ңалды.
— Менің әшейін әзілім ғой,— деді Сейдахмет.
Ол көзін ала беріп баланың тұмсығына шертіп қал- 
ды да, оның басындағы кепкасын тұқырта төмен басып 
ңойды. Момын шал орманшыларға беретін кепканы өзі 
киюге ұялатын. («Мен мұндайды киетін бастың па 
едім? Басымдағы қырғыз ңалпағымды өлгенше еш нәр- 
сеге айырбастамаспын»). Жазды күндері Момын шал 
жиегін сатинмен сырған атам заманғы киіз ңалпағын 
киіп жүреді. Бұл «бір кездердегі» ақ ңалпақ. Оның да 
әбден ңыры түсіп, жүн-жүні шыңңан. Ңыстыгүні киеті- 
ні де қой терісінен жасаған ескі бөрік. Орман жұмыс- 
шыларының көкшіл кепкасын немересінің еншісіне 
берген.
Балаға Сейдахметтің осыншама ңуанышты мазаң- 
пен қарсы алғаны ұнаған жоқ. Шапкасының күнқаға- 
рын жоғары көтерді, жүзінде едәуір реніш бар. Сейдах­
мет тағы да мұрнына шерте бергенде басын тартып 
алып салңын үнмен:
— Ңойсайшы енді.
— Ойбай, мынаның ашуын ңара! — деді күліп 
Сейдахмет.— Ңой, өкпелеме, портфелің шынында та- 
маша екен. Ал енді жалтырат табаныңды. Маған өлі 
ңаншама шөп шабу керек,— деп баланың арңасынан 
қақты.
Сейдахмет алаңанына түкіріп алып, ңайтадан шал- 
ғысына кірісті. Бала өлгі келген ізіменен баяғы өзінің 
тас серіктерінің жанымен үйге ңарач тартты. Өзінің
7-1690
193


бұрынғы достарына көңіл бөлуге бұ жолы да шамасы 
келген жоң. Қанша дегенмен портфельдің жөні басңа.
Бала өзімен өзі сөйлөсугө өбден еті үйреніп алған. 
Бұл жолы өзімен өзі сөйлесуді ңойып, портфельге тіл 
ңатты. «Сен оның айтңанына сенбе, менің атам Сейдах- 
мөт айтқандай кісі емес. Ол ңулың дегеніңді білмейді. 
Сосын жұрттың бәрі оны мазаңтайды. Мазақтайтын сө- 
бебі: атам ңулық-сұмдықтан ңұр алаңан. Ол өкөуміэді 
мөктвпкө апарып жүреді. Сен мектептің қай жердв еке- 
нін өлі білмейсің ғой? Бұл жерден онша алыс емео. 
Өзім көрсетемін. Анау Қарауыл таудың басына шы- 
ғып, дүрбімізбен көрерміз. Сосын мен саған өзімнің аң 
шаңқан кемемді көроетем. Біраң алдымен сарайға кі- 
pin шығу керек. Мен дүрбімді сонда тығып ңойғанмын. 
Оның үстіне бұзау бағамыз. Сол кездө мен таудың ба­
сына 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет