Ң о в о л гт л с а ры повестер мен әҢгімелер ьжазушы баспасы



Pdf көрінісі
бет19/49
Дата21.05.2024
өлшемі11,82 Mb.
#202678
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   49
22
Түс ауып, күн ңайтқанда жерленді Шора. Мелшие 
ңалған бұлттардың арасынан күн дидары ауру көздей 
сығырайып әрең көрінеді. Ауада үлпілдек қар әлі ңа- 
лықтап жүр. Шораны ақырғы сапарға алып шыңқан 
ңаралы тізбек ақ даланы қақ жарып ағып болып, ақ 
даладан алғаш рет арна салып келе жатқан сияңты. 
Алдыда шанағын жайдаңтаған ашың машинаның үс- 
тінде аң жуып арулап аң киізге орап, ңұндақтап таста- 
ған Шораның денесі жатыр. Жанында әйелі, балалары, 
туыстары отыр. Басқалардың бәрі салтатты. Тек екеу 
ғана машина соңынан жаяу келеді. Біреуі — Шора- 
ның ұлы Самансұр, біреуі — Танабай. Танабайдың же- 
тегінде досының аты — ер-тоңымы иесіз, қаралы тұл 
Гүлсары бар.
Айылдың шетіне шыға жол үстін теп-тегіс, ұлпа 
ңар басңан екен. Ңаралы тізбек өткен жерде ат тұяғы 
шұбарлаған жап-жалпаң жолақ ңарайып ңала берді. 
Адамдар Шораның аңырғы жолының белгісін салып 
бара жатқандай. Жол келіп төбе үстіндегі знратқа ті- 
релді. Шораның жолы қайырылмастай боп осы бір тө- 
беге жетіп тоқтады.
Танабайдың жетегінде жетім ңалған Гүлсары. Іші- 
нен оған: «Солай, Гүлсары, екеуміз Шорадан айырыл- 
дық. Енді Шора жоқ... Ана жолы сен неге маған айңай 
салып тоңтатпадың? Құдай саған тіл бітірмеген ғой. 
Ал, мен болсам тілім бар адам бола тұра, тілсіз хайуан 
сенен жаман екенмін. Досымды жолға тастап, қайы- 
рылмастан, ңарамастан кете беріппін. Шораны мен өл- 
тірдім, аяусыз ащы тіліммен өлтірдім...» — деді.
Зиратқа жеткенше, бүкіл жол бойы Танабай Шора­
дан кешірім сұраумен болды. Мүрдегө Самаіісұр екеуі
156


түсіп, Шораны өзінің мәңгілік мекен-жайына жатңы- 
зып болып та Танабай ңайта-қайта:
— Кеш мені, Шора. Қош. Естимісің, Шора, кеш ме- 
ні!..— деп тіледі.
Әуелі Шораның үстіне уыс-уыс топырақ түсті, со- 
дан бара-бара топырақ тасңыны күрекпен жан-жаңтан 
борап берді. Шұңқыр толып, жас топырақ төбе пайда 
болды.
Кеш, Шора!.. Кешіре гөр!..
Астан соң Самансұр Танабайды оңаша шығарып 
алып:
— Танеке, сізде шаруам бар еді, сөйлесейік,— 
деді.
Екеуі аула арңылы адамдардың арасынан, түтіні 
будаңтаған самауыр, жер ошаңтардың тұсынан өтіп, 
үй артындағы бауға шыңты. Арыңтың ернеуімен жаға- 
лай жүріп отырып, бақшадан өтіп, ңұлаған ағаштың 
жанына барып тоқтады. Әлгі ағапща отырысты. Әркім 
өзімен өзі, екеуі де үнсіз. «Өмір деген осы,— деді Та­
набай.— Мына Самансұр күні кеше жүгіріп жүрген 
бала еді, енді ер жетіпті. Ңайғыдан да есейе түскен, сі- 
рә. Енді Шораның орнын осы басты. Енді екеуміз қатар 
кісідей сөйлесеміз. Өзінің жөні де солай ғой. Әкенің 
орнын ұлы басар. ¥лдар ұрпаңты жалғастырады, әке- 
лердің ісін алға апарады. Әкесіндей болсын, ылайым. 
Бізден де гөрі аңылдьі, бізден де гөрі білімді болып, 
бізден де гөрі биікке көтеріліп, өздерін де, өзгені де ба- 
ңытты етсін балалар. Біз сол үшін де әкеміз, баланы 
бізден де білімдар, білікті болсын деп тілейміз. Өмір- 
дің мәні сонда ғой.»
— Самансұр, енді еен үй иесі боп ңалдың,— деді 
Танабай шалдарша саңалын сипап ңойып.— Енді сен 
Шора орнына Шорасың. Мен сені Шораны тыңдаған- 
дай тыңдамаңпын. Сөйле!
— Мен сізге әкемнің аманатын айтпаңпын, Тане­
ке,— деді Самансұр.
Танабай Шораның даусын естіп тұрғандай селк ете 
ңалды. Енді аңлап қараса баласы әкесінен, әкесінің 
жас кезінен аумай қалған екен. Шораның жас кезін 
Самансұр білмейді, Танабай біледі. Аумайды-ау, ау- 
майды. «Әкең өлсе-өлсін, әкеңді көрген өлмесін» деген 
осы-ay. Шораны білетін адам барда, Шора өлмек емее.
— Ңұлағым сенде, балам.
— Мен келіп жеткенде әкем әлі тірі екен, Танеке. 
Ңайтыс боларынан бір сағат бұрын, кеше кешке жет-
157


тім ғой. Ақтық демі біткенше аңылынан танған жоқ. 
Сізді, Танеке, өте көп күтті. «Танабай ңайда? Келмеді 
ме?» деп сұрады да жатты. Біз оны Танекең жете ал- 
май жолда келе жатыр, әне келеді, міне кеп қалады, 
деп алдауратып баңтық. Сірә, сізге әлдене айтпаң бол- 
ды-ау деймін. Айта алмай кетті.
— Солай, Самансұр, солай. Көрісуіміз керек-аң 
еді. Несін ійтасың. Өзіме өзім кешпеспін. Мен кінәлі- 
мін. Кезінде келе алмаған кінә өзімнен.
— Сөйтіп өкем сізге мынаны айт деп тапсырды. 
¥лым, менің Танекеме айт: кешірім сұраймын одан, 
маған өкпе сақтамасын көңілінде. Аупарткомгв менің 
партбилетімді өзі алып барып тапсырсын. Ұмытпай 
айт: менің билетімді Танабай өз қолымен тапсырсын. 
Осыны айтты да, әкем талықсып кетті. Ңиналып жат­
ты. Сөніп бара жатып та әлдекімді күтіп жатңан- 
дай болды. Ерні ңыбырлап, әлдене деп жатып, жы- 
лады.
Танабайда үн жоң. Өксіп отырып, сақалын тарам- 
дай берді. Дүниеден Шора өтті. Танабай екеуі бір кісі- 
дей еді. Шора енді өзімен біргө Танабай болмысының 
жартысын, өмірінің жарымын ала кетті.
— Рахмет, Самансұр, айтқан сөзіңе рахмет. Сенің 
өкеңө дө рахмет,— деді аңыры Танабай жылағанын 
ңойып.— Мені біраң бір нәрсе ңинап тұр. Мені партия- 
дан піығарып жібергенін білетін шығарсың?
— Білемін.
— Мен ңалайша партиядан шығарыла тұрып Шо- 
раның партбилетін аупарткомға апармақпын? Оған 
правом жоң.
— Ңайдам, Танеке. Өзіңіз біліңіз. Мен өкемнің 
аңырет алдындағы аманатын сізге жөткіздім. Өкемнің 
ақырғы сөзін орындауыңызды сұраймын сізден.
— Сөзіңнен садаға кетейін, Самансұр. Бірақ әлгін- 
дей бәлеге ұшырадым ғой. Өзің апарып тапсырсаң ңай- 
теді, Самансұр?
— Жоң, болмайды. Әкем, өрине, аманатты кімгө 
тапсырарын біліп айтты ғой. Сізгө өкем сенгенде, мен 
неге сенбеймін? Аупарткомдағыларға айтыңыз: ком­
мунист Шора Саяқовтың ақтың сапар алдындағы ама­
наты осылай болды деңіз.
Таң қараңғысында Танабан анылдан аттанды. 
Баңытты күндер де, басқа іс түскен ңиын-ңыстау кун- 
дер де айнымай ер ңанаты болған есіл жорға Гүлсары 
ңатқақ жолды тұяғымен қаршылдатып, сарнап ала жө-
158


нелген. Бұл жолы ол ңаза тапңан досы коммунист Шо­
ра Саяңовтың ерекше тапсырмасымен аттанған Тана- 
байды алып ұшып келеді.
Алдыңғы жақта көзге ілінбес жер шетінен таң тол- 
ғатып атып келе жатты. Ақ таңның аялы құрсағынан 
жаңа күннің сәулесі туып келе жатты. Ақ мұнардың 
арасынан алтын сәуле алңалай жайылып, алаулап жа- 
нып жаңындай түскен.
Гүлсары шығып келе жатңан күнге қарай, аспанда 
өлі сөнбей жарқырап тұрған жалғыз жарық жұлдызға 
қарай заулап барады. Аңырап жатқан ңатқаң жол ай- 
тулы жорғаның таптап түскен тұяғынан бір сарынды 
соғылған барабанша тарсылдады. Танабай жорға мін- 
бегелі ңашан. Гүлсарының шабысы әлі сол баяғы зар 
күйінде екен. Ңарсыдан соқңан жел аттың жалын жел- 
біретіп, Танабайдың бетін аймалады. Айтары жоқ, 
Гүлсары өлі тұғырынан таймаған, күш-ңуаты ңайтпа- 
ған, өлуетті асыл шағында екен де.
Бүкіл жол бойы Танабай ойлай-ойлай басы ңатқан 
бір нәрсе: неге ғана Шора өлер алдында өз партбилетін 
аупарткомға апарып өткізуді күні кеше партиядан 
ңуылған Танабайға аманат айтып қалдырады. Бұл не- 
нің белгісі? Сынамаңшы болды ма? Әлде бұл Танабай- 
ды партиядан шығарумен келіспегенінің белгісі ме 
екен? Енді мұны аныңтау ңиын, енді сұрап біле алмай- 
сың! Енді ңайтып Шора ешуаңытта тіл ңатпайды! Бұл 
өмірде: «Енді кайтып ешуаңытта...» деген сияңты 
үрейлі сөздер де бар, амал не.
Жан-жаңтан әрқауым ойлар тағы да қамалап, ұмы- 
тайын-аң, мүлдем естен шығарып тастайын деген жай- 
ларды ңайтадан ңоздырып, көз алдыңа келтіреді. Бітті 
осымен дейін десе, бітпепті елі. Шораның соңғы амана- 
тын атңару керек әлі. Ңазір ол Шораның партбилетін 
алып аупарткомге келеді. Шораның жағдайын, оның 
ңандай адам болғанын, елге ңадірлі, өзінө ңимас 
жан болғанын айтады. Өзі туралы да айтады, өйтке- 
ні Шора мен Танабай бір ңолдың ңос саусағы сияңты 
адамдар.
Жастың шағын да, жас кезінде Шора мен екеуі ңан- 
дай ңиын-ңыстау күндерді бастан кешіп, ңандай жұ- 
мыс атқарғандарын да айтады. Білсін аупарткомдағы- 
лар. Мүмкін, түсінер. Танабайды Шорадан тірісінде де, 
өлгеннен кейін де бөлектеуге болмайтынын түсінер 
жұрт. Тек тыңдар ңұлақ болса екен. Іштегі жатқан 
сырды аңтаруға мүмкіндік берсе екені
159


Танабай секретарьдың кабинетіне ңалай кіретінін, 
алдындағы столға Шораның партбилетін ңалай қояты- 
нын, жай-жапсарды қалай айтып түсіндіретінін көз ал- 
дына елестетіп келе жатыр. Өзінің кінәсін мойнына 
алып, кешірім сұрайды. Әйтеуір партияға қайтып ал- 
са екен, партиясыз өмір оған өмір емес, партиядан тыс- 
қары өмірдің ешңандай мәні, маңсаты жоқ енді ол 
үшін.
Ал, «сен партиядан шығарылған адамсың, партия- 
лың документті әкелуге қандай правоң бар?» — десе 
ше? «Сен коммунистің билетіне қол тигізбеуің керек 
еді, сенен басқа кісі табылар еді ғой аупарткомге әке- 
ліп тапсыратын»,— десе ше? Ау, біраң бұл Шораның 
өлер алдындағы тілегі ғой! Ақтық демі таусылып бара 
жатып жұрт алдында айтңан аманаты ол! Сенбесең- 
дер, бұған Шораның ұлы Самансұр куә. «Онда тұрған 
не бар? Өлер алдында сандырақтап жатып адам не де- 
мейді?» десе ше? Сонда Танабай не айтпақ? Такабай 
осылайша ой ңыспағында отырғанда, Гүлсары даңғы- 
раған қатңақ жолдың танабын ңусырып, жазық жер­
дей сынаптай сырғып өтіп, Александровканың ылди- 
ына ілініп, сорғалап бара жатыр еді. Айтулы жорға 
Танабайды ауданға көзді ашып-жұмғанша-ақ алып 
жетті. Ңалай келіп үлгергенін Танабай өзі де білмей 
ңалды.
Танабай аудан орталығына келіп кіргенде мекеме- 
лердің есіктері енді-енді ашылып еді. Еш жерге бұрыл- 
мастан, Танабай аңкөбік болған ардаң жорғаны тура 
аупарткомның алдына жетіп бір-аң тоқтатты. Атты ма- 
мағашқа байлап, үстінің шаңын қағып-сілкіп, Танабай 
дүрс-дүрс соңқан жүрегін тоқтата алмай кеңсеге ңарай 
беттеді. Не дер екен? Ңалай ңарсы алар екен? Коридор 
қаңырап тұр. Елден кісілер әлі жетіп үлгірмеген. Та­
набай тіке Ңашқатаевтың кабинетіне тартты.
— Амансыз ба? — деді ол хатшы әйелге.
— Саламатсыз.
— Жолдас Ңашқатаев өзінде ме?
— Өзінде.
— Мен соған келдім. Мен «Ақтас» колхозының шо- 
панымын. Фамилиям — Бақасов.
— Білемін ғой,— деп бірезулей мырс етті әііел.
— Білсеңіз, айтыңыз ана кісіге: біздің гьарторгіміз 
Шора Саяқов жолдас қайтыс болды, қаза болар алдын-
160


да партбилетін аупарткомге апарып өткізуді маған 
тапсырды. Міне, сол жағдаймен келіп тұрмын.
— Жарайды. Бір минут күте тұрыңыз.
Хатшы әйел көп күттірген де жоқ, бірақ Танабай 
тағат тапсашы, бір орында отыра алмай, шыдамы тау- 
сылды.
— Жолдас Қашқатаев бос емес,— деді өйел каби- 
неттің есігін нығарлай жауып тұрып.— Саяңовтың би- 
летін есеп секторына тапсырсын дейді. Коридормен жү- 
ріп оңға бұрылсаңыз, табасыз.
«Есеп секторы... коридормен оңға». Бұл н е?— деп 
Танабай есеңгіреп біраз отырды. Содан соң барып істің 
мән-жайына түсініп, бірден көңілі жүдеп сала берді. 
Бұл ңалайша? Шынымен-ақ осылай оп-оңай ма? Мен 
ойлап ем...
— Менің жолдас Ңашңатаевқа айтайын деген сө- 
зім бар. Неғылды, айтыңызшы барып. Өте ңажетті сө- 
зім бар.
Хатшы әйел ңипақтап тұрып кабинетке кірді де, іле 
қайта шыңты:
— Ңолы тимейді. Өте тығыз жұмысы бар.— Содан 
соң Танабайға жаны ашыған сыңаймен: Әңгіме ана 
жолы бітіп еді ғой,— деді. Енді сыбырлай сөйледі.— 
Ол сізді ңабылдамайды. Қайта беріңіз одан да.
Танабай коридорды бойлай жүріп, оңға бұрылды. 
«Есеп секторы» деген жазуды көрді. Есіктен тесік жа- 
сап ңойыпты. Ңольімен тыңылдатып дыбыс берді. Те­
резе ашылды.
— Сізге не керек?
— Билет өткізейін деп едім. Біздің парторг Шора 
Саяңов ңайтыс болды. «Ақтас» колхозы.
Танабай ңойынына қол салып, бауы бар былғары 
ңалтадан Шораның билетін алып шыңқанша сектор 
меңгерушісі сабыр саңтап күтіп тұрды. Былғары кал- 
тада күні кеше Танабайдың өз партбилеті жүретін, 
бұл жолы Шораның партбилетін салып әкелген. Билет^ 
ті тесіктен ұсынып берді.
«Ңош бол, Шора!»
Сектор меңгеруші әйел тізімге партбилеттің номе- 
рін, Шораның фамилиясын, атын, өкесінің атын, пар- 
тияға кірген жылын жазды. Шора туралы соңғы есте- 
лік жазылып жатңандай. Сонан соң Танабайға ңол 
қойдырды.
— Бітті ме? — деді Танабай.
— Бітті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет