Сынып жұмысы 30 сабақ. Мектепке барып келемін Сабақтың мақсаты:
Өлеңді түсініп оқисың;
Қажетті ақпараттарды белгілейсің;
Оқулықтан тапсырма 1-тапсырма «Борт жинау» әдісі Айтылым; 71 бет 1 тапсырма
Осы суреттерге қарап, мектепке келуің мен мектептен қайтуың жайлы әңгімеле
Оқулықтан тапсырма 2-тапсырма «Ақынжандар» әдісі Оқылым; 72 бет 2 тапсырма
Өлеңдерді түсініп оқы.
Мектепке Ашық күнде жарқырап, Жаңа жауған жатыр қар. Адамдардың беттерін Домбықтырып тұр ызгар.
Жатырсындар неге ұйықтан? Күн шығып қалды, балалар. Таңертенгі аязбен Мектебіңе жөнел, бар. Міржақып Дулатов
Сабақтың тақырыбымен мақсатын меңгереді
Сурет бойынша әңгімелейді
Мектепке сағатт 07:30 келемін. Сыныбыма кіріп, кітаптарымды шығарып, сабақтың басталуына дайындаламын. Одан кейін сабақ 12:00 де бітеді. Сөмкемді алып үйге қайтамын
Өлеңді мәнерлеп оқиды
Дескриптор Сурет бойынша әңгімелейді 2 балл Дескриптор Өлеңді мәнерлеп оқиды Қ.БТамаша!
71 бет
72 бет
ұжымдық жұмыс
10 минут
Оқулықтан тапсырма 3 -тапсырма "Таным" әдісі Айтылым; 72 бет 3 тапсырма
Өлеңдерді түсініп оқы
Мектептен Мектептен қайтып балалар, Қызарып беті суықтан. Үй алдында Майлыаяқ Жатыр еді суықтап. Құйрығын бұлғап еркелеп, Қылды ықылас шындықтан. Куле шулап кірсе үйге, Самауыр тұр бу шыққан. Тойып алып тамаққа, Балалар жатып тыныққан. Міржақып Дулатов Сөздік Самауыр ( самаурын ) – оттығы ішінде, шай қайнататын темір ыдыс.
Аптаның қай күндері сабаққа барасың, ал қай күні демаласы?
Айтылым; 73 бет 4 тапсырма
Өлеңнен суретке қатысты жолдарды тап
Айтылым; 73 бет 5 тапсырма
Екі өлеңді салыстырыңдар
Өлең қалай аталады?
Авторы кім?
Жылдың қай мезгілі туралы айтылған?
Оны неден аңғардың? Сол өлең жолдарын тап.
Мектепке
Міржақып Дулатов
Қыс мезгілі
1.Таңертеңгі аяз; 2.Жаңа жауған қар 3.Адамдардың беттерін домбықтырып тұр ызғар.
Мектептен
Міржақып Дулатов
Қыс мезгілі
1.Үй алдында Майлыаяқ жатыр еді суықтап 2.Самауыр тұр бу шыққан
Өлеңді мәнерлеп оқиды
Сұрақтарға жауап береді
Аптаның: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбе, жұма күндері сабаққа барамыз Демалыс күндер: сенбі, жексенбі
Өлеңнен суретке қатысты жолдарды табады
Жатырсындар неге ұйықтан? Күн шығып қалды, балалар. Таңертенгі аязбен Мектебіңе жөнел, бар
Дескриптор Өлеңнен суретке қатысты жолдарды таба алады 2 балл Дескриптор Екі өлеңді салыстырып айтады 2 балл
72 бет
73 бет
Сабақтың Соңы
5 минут Бекіту ұжымдық жұмыс
Сабақты бекіту «Ізден» әдісі Айтылым; 76 бет 6 тапсырма
Ойланып жауап бер
Сабақтан кейін ата – анаңы тосып тұр едің. Әдемі көліктегі бейтаныс адам саған:
Үйге тапсырма: « Мектепке» өлеңін жаттау 72 бет
Сұраққа жауап береді
Мен бейтаныс адамдардың көлігіне отырмаймын. Себебі ата – анам бөтен адамдармен сөйлеспе, көліктеріне отырма деп ақылдарын айтқан.
Дескриптор Сұраққа жауап береді 3 балл 10 балл
73 бет
Рефлексия 2 минут
Рефлексия
Бүгінгі сабақта түсінгенім:
Қызықты болған сәттері:
Түсінбеген тұстары:
Бүгінгі сабақтан алған білімдерін ойымен бөліседі
№ орта мектеп МКМ (білім беру ұйымының атауы) Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Бөлім:
Менің мектебім
Пәні
Әдебиеттік оқу
Педагогтің Т.А.Ә.
Күні:
Сынып: 2
Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы
31 сабақ. Мектептегі оқу ( Әдебиеттік оқу 1- бөлім 74- 76 бет «Атамұра» баспасы, 2022 ж.)
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
2.1.2.1 – шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша немесе өз сөзімен мазмұндау, үзіндісін мазмұндау, сахналау;
2.3.2.1 – мұғалім көмегімен үлгі бойынша шағын ертегілер, жұмбақтар жазу немесе дайын ұйқастарды қатыстырып шумақтар мен санамақтар құрастыру
Сынып жұмысы 31 сабақ. Мектептегі оқу Сабақтың мақсаты:
Мәтіннің бөліктерін түсініп оқисың
Оқиғаны болжап айтасың
Оқулықтан тапсырма 1-тапсырма «Борт жинау» әдісі Айтылым; 74 бет 1 тапсырма
Мақал мәтелдердің мәнін түсіндір
1. Күш - білімде, білім - кітапта. 2. Ғылым - теңіз, Білім қайық. 3. Білегі күшті бірді жығады, Білімі күшті мыңды жығады.
Оқулықтан тапсырма 2-тапсырма «Таным» әдісі Оқылым; 74 бет 2 тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.
Ауылға келген мұғалім Ауылына келген, еуропаша киінген, сұңғақ бойлы Ахметден деген аққұба жігітті Мағжанның әкесі Бекен ізетпен қарсы алды. Қой сойып, қонақ етеді. Ас үстінде Ахметден өзінің башқұрт жігіті екендігін баяндайды. Бұл хабар Бекеннің және Гүлсім апайдың да құлағын елең еткізеді. Балаларына мұғалім керек еді. Сейтіп, Ахметден Бекен ауылының мұғалімі болып орналасады. Бекен мектепке арнап жеке отау тігіп береді. Мектептің ішіне тақта, үстел, орындық, бор, дәптер, қалам сиякты барлық керекті заттар қойылады. Сонымен Бекеннің үйінде ашылған мектепте оқу басталады. Әттең, не керек, ересек балалар оқуға еркін кіріскенмен, төрт жастағы кішкентай Мағжанды ешкім есіне алмайды... Дегенмен үш жасында атасы Жұмабайдан: «Менің атымды осы немерем түбінде әлемге әйгілі ететін болады»,- деп бата алған кішкентай Мағжан қарап отырмайды.
Сонда кішкентай Мағжан не істеді деп ойлайсың? Болжап айт.
Әуелі мектептің есігінен сығалап жүреді. Бірнеше күннен соң босағаның жанына барып отырып алады. Ол мұғалімнің бір сөзін де босқа жібермей тыңдап, ұғып алуға тырысады. Кішкентай баланың бұл қылығын ересек балалар керіп күле бастаса, мұғалім қайран қалады. Бір күні мұғалімнің тақтаға жазған сөздерін Мағжанның үлкен ағасы Мүслім дұрыстап оқи алмай турады, сол кезде кішкентай Мағжан ...
Оқиғаны жалғастырып айт.
Сонда Ахметден мұғалім жас баланы қолынан устап жетектеп әкеледі де, ең алдыңғы партаға отырғызады. «Бүгіннен бастап, Мағжан, сен де менің шәкіртімсің!» - дейді. Сөйтіп, төрт жасар Мағжан мектеп есігін ашады.