" өсімдіктер систематикасы" пәні бойынша


Диатомды балдырлардың филогенезі



бет4/56
Дата27.04.2018
өлшемі22,84 Mb.
#40251
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56

Диатомды балдырлардың филогенезі. Қазіргі уақыттағы диатомдылар эволюциялық дамудың соңғы кезеңіндегі балдырлар. Олардың ішінде көптеген ерте заманда пайда болған туыстастар, тіпті түрлер осы уақытка дейін сақталып келді. Диатомды балдырлардың ішінде пеннатталар класы барлық континентте таралып, әртүрлілігі жағынан басымдық көрсетеді. Центрикалық кластың өкілдері түщы суларда кездеспейді десе де болады, теңіз суына қарағанда өте аз.

Диатомдылар бөлімінің басқа балдырлармен тікелей байланысы жоқ. Дегенмен, эволюциялық дамуы жэне филогенетикалық жағынан хризомонадаларга жақындайды. Бұларды жақындастыратын белгі - тек хлоропласттарының сары түстілігі, қабаттарының қаттылығы және центрикалық класының зооспорага ұқсас сперматозоидты қозғалыс жағдайының болуымен бірге, сондай-ақ қор заты ретінде май, полисахарид-лейкозиннің жиналуында, ал кейбір диатомды балдырларда жиырылғыш вакуолясының байқалуында. Диатомдылардың ішінде центрикалық кластың өкілдерінің бірінші пайда болғаны, одан пеннатталардың шыққаны жоғарыда айтылды. Диатомдылар - біртүтас тәуелсіз, өз бетімен белгілі бір бағытта дамыған күрделі құрылымды организмдер. Диатомдыларды жоғарыдағы ұқ- састық белгілеріне қарай өте ерте уақытта жылтырауық сары балдырлармен бірге біртектен шығып, әрқайсысы әрі қарай бір-біріне байланыссыз өз беттерімен дамыған организмдер деп қарауға болады.

Бекіту сұрақтары:

1. Диатомды балдырлардың басқа балдырлардан қандай айырмашылығы бар

2. Диатомды балдырлардың жасуша құрылысы қандай, фотосинтез нәтижесінде қандай қор заттары жиналады.

3.Диатомды балдырлардың классификациясы.

4.Көбею ерекшеліктері.

5. Диатомды балдырлардың практикалық маңызы қандай.
Қолданылған әдебиеттер:

1. Абдрахманұлы О. Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы. Астана 2012 ж

2. Әметов Ә.Ә. Ботаника. - Алматы, 2000

3. Вассер С.П., Кондратьева Н.В. Водоросли. 1991.



Дәріс 4. САРҒЫЛТ ЖАСЫЛ - XANTPHYTA НЕМЕСЕ ӘР ТҮРЛІ ТАЛШЫҚТЫ-HETEROCONTOPHYTA БАЛДЫРЛАР БӨЛІМІ


Қарастырылатын сұрақтар:

1. Сарғылт-жасыл балдырлардың жалпы сипаттамасы

2. Жасуша құрылысы

3. Сарғылт-жасыл балдырлардың көбеюі

4. Сарғылт-жасыл балдырлардың систематикасы

5. Сарғылт жасыл балдырлардың филогенезі

Жалпы сипаттамасы. Әр түрлі талшықты балдырлар көптеген морфологиялық ерекшеліктері арқылы сипатталады. Олардың ішінде барлық структуралық қүрылыстар: амебоидты, монадалы, пальмеллоидты, коккоидты, жіптесінді, әр түрлі жіптесінді, пластинкалы және сифондылар кездеседі. Сонымен, бұл бөлім вегетативтік кезеңінде қозғалғыштығын сақтайтын түрлермен бірге, көбінесе қозгалмайтын бір клеткалы, қауымды, көп клеткалы және клеткалы құрылысы жоқ организмдерден тұрады. Басқа балдырлардан басты айырмашылығы - талшықтарының әр түрлі ұзындықта және құрылысының да әркелкі болуында. Екі талшықтың бірі ұзын, ол алға қарай бағытталған және қауырсын құрылымды болып келеді. Екіншісі қысқа, артқа қарай бағытталған, жай құрылымды. Екінші бір ерекшелігі - түстерінің сарғылт жасыл болуы, оның хлоропластасында хлорофилдің а, с пигменттерінен басқа, сары түсті лютеин, виола-, антера-, зуе-, во- шериа-,гетеро-, диадино-, диато-, неоксантиндердің болуында. Соған орай, көпшілік уақытта сарғыш, қоңыр сарғыш, сарғыш жасыл, кейде көкшіл түсті болып келеді. Хлорофилл в жэне қ оңыр, жылтырауық сары, диатомды балдырларға тән фу- коксантан пигменттері әр түрлі талшыктарда болмайды.

Жасуша кұрылысы. Клетка құрылыстарында да бір-бірінен айыр машылықтары бар. Қарапайым амебоид, монада, сирек гемимонада құрылымды түрлерінде клетка қабықшалары жұқа, нәзік плазмалеммадан тұрады. Мұның өзі жалған аяқтар шығарып, формасын өзгерте алады. Екінші Сһlorocardion сияқты түрлерінде клетка қабықшалары жұқа, нәзік, бірақ жалған аяқтар шығарып, дене формасын қалай болса солай өзгерте алмайды. Мұндай организмдердің клетка қабықшасы перипласттан тұрады.

Кейде «жалаңаш» клеткалардың сыртында қоңыр түске боялған үй-шіктері болады. Басым көпшілігінің клетка қабықшасы пектинді, аздаған түрлерінде целлюлозалы, кейде пектинмен целлюлоза араласып келеді. Клетка қабықшасы көшпілігінде тығыз орналасады. Клетка қабықшалары бүтін не екі жартыдан тұрады. Кейінгілерінде кебінесе тең не тең емес екі жартыдан немесе бірнеше бөліктерден тұрады. Жіптесінді формалары мұндай жағ- дайларда әр түрлі ортаның әсерінен клетка қабықшалары ң әріпі тәрізді бөлшектерге ажырасып кетеді. Кейбір өкілдерінде клеткаларына әктас, кремнезем сіңген әр түрлі орнаменттері болады. Клетка қабықшалары кейбір өкілдерінде скі қабатты қабықтан, ішкі целюолозадан, сыртқы пектиннен тұ- рады. Тығыз клетка қабықшасы организмге белгілі форма беріп, протопластқа жанаса тығыз орнасады. Кейде кілегейленуіне байланысты протопласттан алшақ жатады. Клетка бір ядролы, сирек көп ядролы. Ядро клетканың есеюі кезінде және көбейер алдында сандары артады. Көп ядролылығы көбінесе сифонды құрылыстыларға тән. Ядроларында ядрошықтары болады. Хлоропласталары астауша, дөңгелек, лента, жұлдыз пішінді, бірден бірнешеуге дейін барады. Шеттері тегіс қалақты немесе бірнеше бөліктерге тілімделген, клетканың қабырғалық қабатына қарай орналасады, сирек жағдайда ғана клетканың орталық бөлімінде жатады. Хлоропласттарын эндоплазматикалық тор қоршап жатады да, хлоропласты қабықшасы мен қоса төрт қабатты мембрана системасын кұрайды. Хлоропласттың стромасында параллель орналасқан үш тилакоидты ламелласы, ал көпшілігінде қоршай орналасқан ламелласы болады. Хлоропласттың электрондық қүрылымы коңыр, жылтырауық сары және диатомды балдырлардың хлоропласттарына ұқсайды. Кейбір түрлерінде ғана пиреноидтары болады, ол пластидте орналасады. Қор заты ретінде крахмал жиналмай, май тамшылары, хризоламинарин және волютин жиналады.


Монада, амебоид құрылымды қозғалғыш өкілдерінде хлоропласттың алдыңғы жағында орналасқан көзшесі болады. Xanthophyceae класында көзше хлоропласттың бір бөлігі болып есептеледі. Ол хлоропластта мембрананың астында орналасады. Ал Eustigmatophyceae класының зо- оспорасында хлоропласттан тысқары орналасқан. Монада қүрылымды өкілдерінің гетероконтты, гетероморфты, гетеродинамикалық талшықтары болады. Алға қарай бағытталған негізгі ұзын қауырсынды талшығы қозғалыс қызметін атқарса, артқа қарай бағытталған қысқа, қауырсынсыз талшығы бағыттау қызметін атқарады. Екі талшығы да апикальды, супапикальды немесе вентральды талшық ойығынан шығады. Талшықтарының сыртында мастигонема деп аталатын өте қысқа, жіңішке латеральды түкті өсінділері болады. Артқы талшықтың түбінде қомпиған парабазальды денешігі орналасады.

Vаисһегіа балдырының синзоос- морасының көптеген барлық талшық- іары тегіс, ұзындықтары біркелкі дэрежеде, ал антерозиодтарының бір мары гетероморфты, гетероконтты, гетеродинамикалық талшықты. Мо- пада, амебоид құрылымды формаларының жиырылғыш вакуолясы болады, ал ащы теңіз суларында тіршілік ететін түрлерінде болмайды. Жиырылғыш вакуолялардың саны да әрқайсысында әр түрлі, 1-2 кейде көп. Басқа қүрылысты формаларда оііың дамуының алғашкы сатысында ғана болуы мүмкін.

Көбеюі. Бір клеткалы формаларында клетканың тең екіге бөлінуі,

қауымды, көп клеткалы формаларында қабаттың фрагментациялануы не жеке клеткаларға бөлшектенуі арқылы вегетативтік көбейсе, Heamatococcus сияқты түрлерінде саусақ пішінді бір не көп клеткалы өсінділердің аналық организмнен үзіліп түсулері арқылы көбейеді. Ал Vаuсһеrіа регенерация жолымен қабаттың зақымдалған не тіршілігін жойған бөлімдерінде перделер пайда болып, организм қайтадан алғашқы тіршілік қалпына келеді. Вошерия балапан бүршіктер арқылы вегетативті жолмен көбейеді. Жіптесінді формаларында акинеттер түзіледі. Жыныссыз көбею амебоидтар, зо- оспоралар, синзооспоралар, гемизооспоралар, автоспоралар, синав- тоспоралар, апланоспоралар, синапланоспоралар, гипноспоралар түзілу арқылы болады. Амебоидтар арқылы көбею тек амебоид құрылымды балдырларға тән. Кей уақытта вегетативтік бір клеткалы формадан пайда болған зооспоралар талшықтарын тастап, амебоидты формаға айналады. Зооспора арқылы көбею көп тараған. Зооспора, қозғалмайтын апланоспора клеткаішілік протопласт заттарының екінші рет бөлінуінен түзіледі. Зооспоралардың формалары әр түрлі. Оның бір ядросы, көзшесі, талшығы, жиырылғыш вакуолясы, бір хлоропласты болады. Вошерия синзооспора арқылы көбейеді, оның көптеген ядросы, хлоропласты, көптеген изоморф- ты, изоконтты талшықтары болады. Гемизооспораның спорадан айырмашылығы жиырылғыш вакуолясы мен стигмасы болады, талшықтары болмайды. Кейбір хантофиттер жетілмеген зооспоралар немесе геми- автоспоралар арқылы көбейеді, Көпшілік әр түрлі талшықтылардың даму кезеңінде, әсіресе коккоидты кұрылымдыларда автоспоралар арқылы көбею кең тараған. Мұндай споралар аналық клетканың ішінде жатқанда қабыққа оранады. Аплоноспоралар арқылы көбею көптеген трихальды, гетеротрихальды, жалған паренхимозды фор- маларға тэн. Сифонды қүрылымды Vаисһеrіа, Воtrydiиm синапланоспоралар арқылы да көбейеді. Кейбір Воtridiopsis сияқтылар қалың қабықпен қапталған қор затына бай, ты- ныштық жағдайына көшкен гипноспоралар арқылы көбейеді. Кейде оның сыртына әр түрлі түздар жиналып, бүдырланып келеді. Акинеттер мен гипноспоралармен қатар, қолайсыз жағдайларға төзімді, тынышталған эндогендік цисталар да құралады. Қолайлы жағдайларда өсе келе зооспораларға, амебоидқа айналады. Бір ядролы цисталармен бірге көп ядролы цисталарда құралады. Кей жағдайда ботридиумның барлық қабаты көп ядролы макроцистаға айналады.

Жынысты көбею. Оогамиялы жыныс процесі Vаисһеrіа -да, ал изо- гамия арқылы көбеюі ғана болады. Жыныс органдары антеридий, оогоний бір өсімдікте, сирек әр өсімдікте өседі. Антеридийден дамыған қос талшықты ан- терозоид оогониге еніп, жұмыртқа клеткасын ұрықтандырады. Зигота немесе ооспора бірнеше қабатты қалың қабыққа оранып, тыныштық жағдайынан кейін өсе келе жаңа өсімдікке айналады. Зиготалық мейоз толық дәлелденбеген, алайда вошерияның даму кезеңі гаплоидты деп есептеледі.

Сарғылт жасыл балдырлардың жүйесі. Морфологиялық жағынан жасыл балдырлармен ұқсастығына байланысты көпшілік уақытқа дейін әр түрлі талшықтыларды жасыл балдырларға жатқызып келді. 1899 жылы А. Лютердің ұсынысы бойынша, жеке группаға бөліп, әр түрлі талшықтылар деп атады. Алайда, әр түрлі талшықтылар деген ат жалпы балдырлар жүйесіне келмейді, оның себебі жылтырауық сары және қоңыр балдырларда да әр түрлі тал шықтары бар. Сондықтан 1930 жылы Хапtһорһусеае деген ат берілді. Әр түрлі талшықты балдырлардың негізгі жүйесі тең талшықты жа- сыл балдырларға сәйкес келеді. Сондықтан бұлар жасыл балдыр- лармен параллель эволюциялық дамуына байланысты теориялық маңызы ерекше. Сарғылт жасыл балдырларға әр түрлі құрылымды 2500 түр жатады. Бұл бөлім нашар зертгелген балдырлар. Соған байланысты бұл балдырлар тобын жіктеуде ортақ пікір жоқ. Соған қарамастан, кейінгі уақытта көпшілік альголокгар: ксантоподалылар, ксантомонадалылар, ксантокапсалылар, ксантококкалылар, ксантотрихалылар, ксантосифондылар, эустисматалылар деп 7 класқа бөлінеді

Ксантоподалылар - Хаnthopodophyceae класы

Бұл класқа ең қарапайым амебоид құрылымды сарғылт жасыл балдырлар жатады. Басты ерекшелігіжүқа, нэзік плазмолемма жэне нерипласт клетка қабықшасының болуында, соған орай жалған аяқтар шығарып, амеба сияқты дене пішінін озгерте алады. Ксантоподалыларға изохлоридалықтар — Rhizochloris бір клеткалы не қауымды, суда бос жүзіп жүретін не жіптесінді балдырларға бекініп тіршілік ететін организмдер жатады. Басты өкілі хлорамеба - Бір клеткалы, жалаңаш, қысқа жалган аяқтар шығарып, амеба жағдайына көше алатын организм. Хлоропласты 2-6- ға дейін баратын дөңгелек пішінді, ядросы біреу, бір жиырылғыш вакуо-лясы бар. Көзшесі болмайды, сирек ксздеседі. Ризохлорис - бір клеткалы организм. Жұқа, нәзік перипласт клетка қабықшасының болуына байланысты жалған аяқтар шығарып, дене піші- нін өзгертеді. Клеткасында сарғылт жасыл 2-3-ке дейін баратын дөңгелек, жұқа хлоропласты, бір ядросы, жиырылғыш вакуолясы, күңгірт қызыл көзшесі болады. Клетканың екіге бөлінуі арқылы көбейеді. Тұщы суларда, қор заттары аз бөгетте, терең, сулы шұңқырларда кездеседі. Автотрофты және жалған аяқтары мен қатты түйіршіктерді қармап ұстап, голозойлы да қоректенеді.

Сфагнум жапырақтарының клеткаларында көп ядролы ірі плазмодий түрінде миксохлорис- кездеседі. Оның көлденең дөңгелек хлоропласттары, жиырылғыш вакуолялары болады.

Ксантомонадалылар - Xanthomonadophyceae класы

Бұл класс, атына орай, монадалы кұрылымды болып келуімен сипатта- лады. Басты ерекшелігі - тең емес екі талшығының болуы арқылы судың терең қабаттарында еркін қозғала алуында. Негізінен, біртекті қүрылысы бар бір клеткалы аздаған организмдер жатады, қауымды формалары белгісіз. Негізгі өкілі гетерохлорис, бір клеткалы, дорзовентральды құрылысты, денесінің алдыңғы жағында тең емес екі талшығы бар. Перипласт клетка қабықшасының болуына байланысты клетка формасын өзгерте алады. Клеткасында астауша пішінді 2 немесе бірнеше қабырғалық қабатқа қарай орналасқан хлоропласгтары, денесінің аддыңғы жағында бір жиырылғыш вакуолясы, клетканың ортаңғы бөлімінде бір ядросы болады. Клетканың екіге бөлінуі арқылы вегетативтік көбейеді. Қор заты ретінде хлоропластында лейкозин, май тамшылары жиналады. Бұлар миксотрофты да қоректене алады. Тұщы суларда, бөгет- тердің жиектерінде жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің арасында кездеседі


Ксантокапсалылар – Xanthocapsophyceae классы

Бұл класта қабат кұрылымыныц күрделеніп, оның ілгері қарай дами түскені байқалады. Пальмеллоидты құрылымды болып келуімен си- патталады. Ксантокапсалылар класының өткен кластардан басты айырмашылығы - қозғалмай тұщы, аздаған түрлері ащы суларда бекініп не суда қалықтап тіршілік ететін қауымды, сирек бір клеткалы, пальмеллоидты құрылымды организм болуында. Клеткалары бір ядролы, хлоропласттары біреу не бірнешеу, жиырылғыш вакуолясы бір-екі, кейде болмайды, көзшесі сирек. Клеткалары қалың кілегейдің ішінде ретсіз бос жатады не кілегейдің шетіне қарай белгілі бір ретпен орналасады. Кілегей ішінде орналасқан клеталардың белгілі формасы бар, дөңгелек пішінді, кілегейдің түбінде жатады. Оның клетка қабықшасы, талшығы болмайды. Қауымының ұлғаюы клеткаішілік затының бөлінуі арқылы болса, көбеюі қауымының фрагментациялануы және зооспора не гемиавтоспора арқылы болады. Қолайсыз жағдайларда циста құрады.

Тармақталған гельминтоглия- Heterodendron туысы - кілегейлі қауым. Төменгі кең жағы арқылы бекініп тіршілік етеді. Жоғарғы жағы ретсіз тарамдалғап кілегейден тұрады. Мұндай әрбір тарамдалған кілегейдің ішінде ретсіз орналасқан протопласттан кұралған клеткалар жатады.

Глеохлорис планктоника- түрі шар не эллипс пішіндес қауым. Сопақтау пішіндес клеткалары қауымның шетіне қарай орналасқан. Әрбір клеткада бірден төртке дейін қабырғалық қабатқа қарай орналасқан пластинкалы хлоропласты, бір-екі жиырылғыш вакуолясы, күңгірт келген көзшесі болады. Қор заты ретінде май тамшылары және лей- козин жиналады. Екі талшықты зооспора арқылы жыныссыз көбейеді. Көктемде шыңырауларда, еріп жатқан суық суларда кездеседі.

Ксантококкалылар - Xanthococcophyceae класы



Бұл класс бір клеткалы, сирек қауымды, қалың клетка кабықшасы бар коккоидты құрылысты. Клетка қабықшалары тұтас не екі жартыдан тұрады, сырттарында ою-өрнектері дс болуы мүмкін. Кейбір түрлерінде кремнезем сіңген қабықтары болады. Көбею вегетативті, жынысты. Жыныссыз көбеюі зооспоралар жок, апланоспоралар арқылы. Аплоноспраларында кейде жиырылғыш вакулялары және көзшесі сақталады. Басқа кластарға қарағанда жиі кездеседі және саны жағынан да көп.

Ботридиопсистуысы - шар пішінді дән тәрізді көптеген хлоропластары клетканың қабырғалық қабатына қарай орналасқан организм.

Бір ядросы клетканың ортаңғы бөлімінде орналасады. Көбеюі көбінесе авто- споралар, сирек зооспоралар, синзооспоралар арқылы болады. Әр түрлі тіршілік жағдайында кездеседі. Көпшілік уақытта топырақта, бөгеттердің жиегінде, қалың шөптің арасында да кездеседі. Топырақтағы балдырды анықтау үшін аздаған топырақ алып, Петри ыдысына салады да, оның үстіне жабын әйнегін тастап, аздап дымқылдап жылы жерге қояды. Аз күннен кейін әйнектің үстінде өскен балдырларды байкауға болады.

Мишококкус- - ірі дихатомиялық бунақталып-бұтақталған түссіз кілегейлі қауым. Клетка қауымы шар пішінді, бунақтардың ұштарында орналасқан. Бұлардың бұта сияқты бунақталып тарамда-лып келуі, әрбір клетканың бір жақты кілегейлі затты бөлуіне байланысты, соның нәтижесінде клеткаішілік сияқты кілегейлі бунақтың ұшында қалып қояды. Клетка екіге бөліну арқылы кілегейлі бұтақтың ұшында көбейеді және олардың әркайсысы кілегей бөліп бұтақша береді. Зооспора құрауы да мүмкін. Әрбір клеткада қабырғалық қабатка қарай орналасқан бірнеше астауша пішінді хлоропласттары болады. Көбінесе ақ мүк батпағында жіптесінді балдырларға, көпшілік жағдайда трибонемаға немесе эдогонниумге бекініп тіршілік етеді. Топырақта, тұщы суларда, бір клеткалы тетраэдриелла, бумиллериопсис- және су астындағы заі гарға өсімдіктерге бе кініп, эр түрлі пішінді харациопсис балдырлары көп тарағап .

Ксантотрихалылар - Xanthotrichophyceae класы

Бұл класқа көп клеткалы тарамдалмаған және тарамдалған жіптесінді балдырлар жатады. Клеткалары көбінесе бір қатар болып ораналасқан, кейде

пластинкалы қабат құрауы да мүмкін, бұл жағдайда қабат бір пе бірнеше қабаттан тұруы ықтимал. Қабаттың өсуі клетканың бір, үш бағытта бөлінуіне байланысты. Бұл класқа ең күрделі құрылысты түрлер жатады. Сыртқы пішіндері жағынан улотриксті балдырларға ұқсас.


Трибонемалықтар-қатарының басты өкілі трибонема- тарамдалмаған көп клеткалы жіптесінді балдыр Трибонема улотрикеке ұқсас бір ядролы, бірнеше хлоропласты бар, күпшек пішінді бірқатар клеткалардан құралған балдыр. Клетка қабықшасы пектинді, шеттсрі арқылы бір-бірімен жабысып келетін екі жартыдан тұрады. Трибонема хром қышқылымен эсер еткенде клетка қабықшасы жабысқан жерлерінен ажырасады да, «Н» әріпі тәрізді бейнеге айналады. Жіптесінді қабаттың өсуі клеткалардың көлденең бөлінуі арқылы болады. Жіпшелерінің үзілуі акинеттер арқылы вегетативтік көбейеді. Жыныссыз көбеюі зоопоралар мен амебоидты клеткалар, аплоноспоралар арқылы болады. Трибонема басқа балдырлармен бірге салынды құрайды және тұщы, акпайтын не ақырын ағатын суларда, жас уақытында су түбіне бекініп тіршілік етеді.

Гетеропедия- туысы - пластинка пішінді организм. Тармақталған жалған жіпшеесі бөлінгеннен кейін ажырасып кеппей, бір-бірімен тығыз байланысқан паренхиматозды қабат құрайды. Кабаттың ортаңғы клеткалары көп жақты, уақ келсе, шеткі клеткалары бірге дөңгелектеніп келеді. Әрбір клеткада бірнеше дөңгелек хлоропластары болады. Көпшілік жағдайда ортаңғы клеткаларынан тең емес екі талшықты зооспоралар құрылып, жыныссыз көбеюмен бірге автоспоралар арқылы да көбейеді. Ылғалды топырақта кездеседі.

Ксантосифондылар- Хаnтһоsірһоnорһусеае класы



Қабаттарының сифонды кұрылымды немесе клеткалық құрылымының болмауымен сипатталады. Бұл класс ботридиялықтар мен вошериялықтар болып екі қатарға бөлінеді. Бұлардың көпшілігі - макроскопиялық ірі балдырлар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет