№ патент бойынша өнертабысты пайдалануға


КЕЛІСІМ ШАРТТЫ ҚОЛДАНУ МЕРЗІМІ



бет4/8
Дата21.09.2022
өлшемі37,02 Kb.
#150221
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
dogovor o predostavlenii prava na selekcionnoe dostizhenie licenziya
Эссе философия, Асылжан 1.pptx, среда
9. КЕЛІСІМ ШАРТТЫ ҚОЛДАНУ МЕРЗІМІ

9.1. Осы Шарт _____ жыл мерзімге жасалды және сараптама ұйымында белгіленген тәртіппен тіркелген күннен бастап күшіне енеді.


9.2 Осы шарт тараптардың өзара келісуі бойынша өзгертіледі және ұзартылады. Осы келісім шарттың қолдану мерзімін ұзарту жағдайы Тараптармен осы келісім шарт қолдану мерзімі аяқталғанға дейін _____ай ішінде белгіленеді.


10. ЕҢСЕРIЛМЕС КҮШ (ФОРС-МАЖОР) МӘН-ЖАЙЛАРЫ

10.1. Тараптар егер осы шарт бойынша мiндеттемелерiн орындамау Тараптар осы шартты жасасқаннан кейiн туындаған, Тараптар алдын ала болжай алмаған және ақылға қонымды шаралармен тоқтата алмаған жаңсақтық пен немқұрайлыққа қатысты емес еңсерiлмес күш мән-жайының (форс-мажор) салдары болып табылатын болса, орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн жауапкершiлiктен босатылады. Мiндеттемелердi орындау мерзiмi осындай еңсерiлмес күш мән-жайлары орын алған уақытқа тең мерзiмге кейiнге жылжытылады. Осы шарттың мәтiнiндегi жоғарыда көрсетiлген еңсерiлмес күш мән-жайларына мыналар жатады: табиғи зiлзалалар, соғыс және әскери iс-қимылдар, жаппай тәртiпсiздiктер, мемлекеттiк өкiметтiң билiк немесе басқару органының осы шартты орындамауға алып келген құқықтық актiлерi.


10.2. Егер осы шарттың 15.1. тармағында көрсетілген жағдайлар бойынша еңсерiлмес күш мән-жайларының зардабы ____ күнтiзбелiк айдан артық уақыт жалғаса беретiн болса, шарт кез келген Тараптың талабы бойынша бұзылатын күнге дейiн кем дегенде ____ жұмыс күнi бұрын басқа Тарапқа хабарлама жiберу арқылы бұзылуы мүмкiн немесе өзгерістер енгізу құқығына ие.




11.ӨЗГЕДЕ ТАЛАПТАР

11.1. Тараптардың әрқайсының құқықтары мен міндеттері осы шартта көзделген жағдайларды қоспағанда басқа Тараптың жазбаша рұқсатынсыз басқа заңды немесе жеке тұлғаға берілмейді.


11.2. Осы келісім шартқа барлық толықтырулар мен өзгерістер уәкілетті тұлға тарапынан жазбаша нысанда қол қойылуы және сараптама ұйымында тіркелуі міндетті.

11.3. Осы КЕЛІСІМШАРТТА қарастырылмаған қалғанын барлығы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама нормаларымен жүзеге асырылады.


201____жылы «_____»____________________ _________________ қаласында.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет