Мерзімі Сыныбы



Дата25.08.2017
өлшемі58,81 Kb.
Қысқа мерзімді жоспар

Пән мұғалімі – Сағындықова Күлпаш Тұрғынбекқызы



Мерзімі




Сыныбы

5 А

Пәні

Қазақ тілі

Тақырыбы

Лексикалық жолмен жасалған туынды сөздер

Мақсаты- SMAPT тәсілі

Лексикалық жолмен жасалған туынды сөздерді ажырата алуға үйрету.

Оқудың ресурстары

Ноутбук, қима қағаздар, постер.

1.Әлімов Асхат, Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері, оқу құралы, Алматы, 2013 ж.

2. Бұзаубақова К.Ж., Жаңа педагогикалық технология, Алматы, 2004

3.Сарманов Е., Сапаров С., Сабақта жаңа технологияларды қолдану, Шымкент, 2006 жыл.

4. Тұрсынова Г.Т., Қасымбек А.А., Қазақ тілі, әдістемелік нұсқау, Астана, «Арман-ПВ» баспасы, 2012 жыл.




Күтілетін нәтиже

Оқушылар туынды сөздердің жасалуының лексикалық тәсілін, бір сөздің бірнеше мағынаға ие болу қабілетін, бір сөздің бірнеше мағынасына талдау жасай алуды біліп шығады.



Сабақ кезеңдері

Мазмұны

уақыты

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

І.

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Жеке заттары бойынша сынып оқушыларын топқа бөлу: әр оқушы өзінің жеке заттарын береді, сол заттарын топтарға іріктеу арқылы топқа бөлу жүзеге асырылады. Топтағы тәртіпті қадағалау, жұмысты ұйымдастыру мақсатында топ басшысын сайлау.Топ ережесін қайталау.

Топ ережесі

  1. Ынтымақтастық.

  2. Қолдау көрсету.

  3. Мәдениеттілік.

  4. Әділдік.

  5. Тапқырлық.

  6. Уақытты тиімді пайдалану.

  7. Сыйластық.

  8. Тәртіп.

  9. Белсенділік.

  10. Ойын еркін, ашық жеткізу.

3 минут

Диалогтік оқу.

ІІ.

Үй тапсырмасын тексеру.

Сөзжасам. 361-жаттығу.



10 минут

Жұптық жұмыс

ІІІ.

Сергіту сәті. «Қара жорға» биі.

2 минут

Ұжымдық жұмыс

ІҮ.

Проблеманы айқындау.

-«Лексика» сөзінің мағынасы. Тіл білімінің лексика саласының зерттеу аясы.

- Табыс критерийлерін оқушылармен бірлесе отырып құру.

Табыс критерийлері:

1. Лексикалық жолмен жасалған туынды сөздердің ерекшелігін білу.

2. Сөздердің мағыналарын ажырата алу.

3. Сөздің жаңа мағыналарына талдау жасай алу.


5 минут

АКТ-ны қолдану
СТО

Ү.

Проблеманы шешу кезеңі.

Мәтінмен танысу. «Туынды сөздердің лексикалық жолмен жасалуы дегеніміз – сөздің сыртқы түрі өзгермей-ақ, жаңа мағыналарға ие болуы».




2 минут

Жеке жұмыс

ҮІ.

Проблема шешімін қолдану кезеңі.

  1. Топтарға жеке сөздер жазылған

постер таратылып беріледі. Тапсырма - бір сөзден лексикалық жолмен жасалған бірнеше жаңа мағыналы туынды сөзді тауып жазу.

8 минут



Топтық жұмыс



1-топ 2-топ

3-топ 4-топ




5-топ

Әр топ өз постерін қорғайды.




  1. Жаттығу жұмысы.

362-жаттығу. Мына сөздердің қанша

мағынада жұмсалатынын табыңыздар.
Жол, қырық, тоқсан, тамаша, ашық, тәтті, жаз, бас.
363-жаттығу. Қарамен жазылған сөздерді жақша ішіндегі сөздермен тіркестеріп айтқанда, мағыналарында қандай өзгеріс болатынын түсіндіріңдер.
Арам (шөп, тамақ, тер, ойлы, ас); адал (ас, адам, жүрек, кәсіп, құс, сөз, дос); суық (су, сөз, хабар); сары (май, уайым, уыз, ауыз, қотыр, бауыр, су); қалың (киім, жұрт, бет, қамыс); қоңыр (сиыр, жіп, дауыс, салқын, күз, қаз, жел, тарту, аю).


10 минут

СТО

ҮІІ.

Толғаныс бөлімі. Бағалау – өзара бағалау.

Үй тапсырмасы, талдау: 364-жаттығу.



Рефлексия – кері байланыс парағын толтыру.

5 минут

СТО

Рефлексия.

Оқушылармен топ ережесін қайталау олардың белсенділігін арттырды, тапсырмаларды орындауда жүйелілікке қол жеткізуге септігін тигізді. Оқушылармен бірлесе құрған табыс критерийлері оқушыларды сапалы іс-әрекетке жұмылдыруға мүмкіндік жасады. Оқушылар, әсіресе, жұптық, топтық жұмыстарда белсенділік танытып, тапсырмаларды орындауға аса қызығушылық танытты. Топтық, жұптық жұмыстар оқушылардың сабаққа түгел қатысуын қамтамасыз етеді деп ойлаймын. Топтық, жұптық жұмыстарды тиімді пайдалану оқушылардың тақырып бойынша берілген материалды толық игеруге қол жеткізеді. Себебі оқушы өз ойын білдіре отырып, жаңа тақырып бойынша берілген мәліметті постер дайындауда практикалық түрде қолдана отырып, топта бірлесе ынтымақтаса жұмыс істей отырып, лексикалық жолмен жасалған туынды сөздерге талдау жасай алуды үйреніп шықты деп ойлаймын. «Оқушы үні» жобасы аясында оқушылардың кері байланыс парағына жазған жазбаларына талдау жасаған кезде сабақтың олар үшін қызықты және тартымды өткенін білдім.



Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу