Умаждалған қағазбен баспа-таңба жасау. Суреттеу құралдары : дақ, фактура, түс.
Қажетті заттар: гуашь сіңген жастықша тәрізді жұқа поролон салынған табақша немесе пластикалық қорапша, түрлі түсті қатты қағаз, умаждалған қағаз.
Бейненің жасалу тәсілі: бала умаждалған қағазды боялған жастықшаға қатты басып, қағазға таңба жасайды.Басқа түсті алу үшін табақша да, қағаз да ауыстырылады.
Балауыз борлар+акварель Суреттеу құралдары : түс, сызық, дақ, фактура.
Қажетті заттар: балауыз борлар, қатты ақ қағаз, акварель, қылқаламдар.
Бейненің жасалу тәсілі: бала ақ қағазға балауыз борлармен сурет салады. Содан соң акварель бояуымен бір немесе бірнеше түспен суретті бояйды. Балауыз бордың ізі боялмайды.
Шырақ+ акварель Суреттеу құралдары :түс, сызық, дақ, фактура
Қажетті заттар: шырақ, қатты қағаз, акварель, қылқаламдар.
Бейненің жасалу тәсілі: бала шырақпен қағазға сурет салады. Содан соң қағаздың бетін бір немесе бірнеше түспен бояйды.Шырақпен салынған сурет боялмай ақ түсті болып қалады.
Затты монотипия Суреттеу құралдары:дақ, түс, симметрия.
Қажетті заттар: қатты қағаз, қылқалам, гуашь немесе акварель.
Бейненің жасалу тәсілі: бала қағазды екіге бүктеп, бір бөлігіне суреттің жартысын салады( симметриялық суреттер таңдалады). Сурет салынып болғасын бояуы кеппей тұрып қағазға таңбалану мақсатында оны екіге бүктейді. Содан соң суретті безендіруге болады. Безендірген соң қағаз бүктеледі.
Бүрку Суреттеу құралдары:нүкте, фактура.
Қажетті заттар: қағаз, гуашь, қатты қылқалам, қатты қағаздың немесе пластиктың қиығы.(5х5)
Бейненің жасалу тәсілі: бала қылқаламды бояуға малып қағаздың үстінде ұстап тұрған қатты қағазға қылқаламды соғады. Содан соң акварельмен қағазды бір немесе бірнеше түске бояйды. Бояу қағазға шашырайды.