Ұ. су ресурстарына бай. Түсетін жауын-шашын мөлшерінің буланудан басым болуы себепті оңт батыстағы кейбір аудандардан басқа елдің бүкіл аумағында мол сулы өзендердің жиі тармағы қалыптасқан. Олардың ішіндегі ең ірілері — алаптары бір-бірімен



бет1/2
Дата01.12.2016
өлшемі279,72 Kb.
#2947
  1   2
КайманМонтесерратТерксКайкосОкеаниядатеңіздік сипаты жыл бойғы қалың тұмандар мен өтімді желдер болатын орнықсыз ауа райының басым болуынан байқалады. Қысы өте ылғалды және қалыптағыдан тыс жұмсақ.

  • Қаңтардағы орташа температура қиыр солт.-шығыстың өзінде 3,5°С-тан төмен түспесе, ал оңт.-батыста 5,5°С-қа жетеді, мұнда өсімдіктер бүкіл жыл бойы өседі. Оңт.-батыстан келетін жылы теңіз ауасы қысқы темп-раны көтергенмен күшті желдер мен штормдар болатын құбылмалы және жауын-шашынды ауа райын қалыптастырған. Шығыс пен солт.-шығыстан суық ауа жеткен кезде аязды ауа райы ұзақ мерзімге орнығады. Қыста ел аумағына қар біркелкі түспейді, қар жамылғысы шамалы уақыт қана сақталады. Англияның оңт-нде, әсіресе, оңт.-батысында қар өте сирек түседі. Шығыс аудандарындағы қыс неғұрлым суық және құрғақтау. Жазы салыстырмалы түрде салқын.

  • Шілдедегі орташа температура оңт.-батыста 16°С-қа, ал қиыр солт.-батыста 12°С-қа тең. Атлант мұхиты жағынан соғатын жылы әрі ылғалды ауаның әсерінен Ұ-ның батыс аудандарына жауын-шашын мол түседі. Бұл аймақта оның жылдық орташа мөлш. 2000 мм-ге жетсе, шығыс Англияда 600 мм, кей жерлерінде 500 мм шамасында ғана болады.

  • Ұ. су ресурстарына бай. Түсетін жауын-шашын мөлшерінің буланудан басым болуы себепті оңт.-батыстағы кейбір аудандардан басқа елдің бүкіл аумағында мол сулы өзендердің жиі тармағы қалыптасқан. Олардың ішіндегі ең ірілері — алаптары бір-бірімен шектесетін Северн (310 км) мен Темза (334 км) өзендері. Темза өз-нің Ұ. экономикасындағы маңызы зор. Оның алабында бүкіл ел халқының 1/5 бөлігі тұрады. Үлкен Лондон да осында орналасқан. Өзендердің көпшілігі бір-бірімен каналдар арқылы жалғастырылған. Солт.-батыс Шотландия мен Уэльстің қысқа, бірақ мол сулы өзендері электр қуатын өндіруге пайдаланылады. Мұнда 60-тан аса СЭС салынған.

Ұлыбританияның ең ірі өзендері:



Темза

 




Северн

 




Хамбер (59 км)

 




Мерси (109 км)

Оларда ірі теңіз порттары мен өнеркәсіп тораптары орналасқан. Ең ірі көлдері — Солтүстік Ирландиядағы Лох-Ней (аумағы 396 км², тереңд. 31 м-ге дейін) менШотландиядағы Лох-Ломонд пен Лох-Несс (аумағы 56 км², тереңд. 230 м-ге дейін). Таулы Шотландия мен Көлдер шеңберіндегі көлдердің табиғаты өте әсем, туристер демалатын орталықтар. Жазық бөлігінде ірі көлдер жоқ. Бірақ мұнда бұрын шымтезек өндірілген, құм, құмтас кеніштері болған жерлерде көптеген жасанды су қоймалары жасалған. Өсімдік жамылғысы кедей. Адамдардың ормандарды түп-тамырымен жоюы, батпақтарды құрғатуы мен кен орындарын игеруі жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің түр құрамын өзгертті. Қазіргі уақытта ормандар ел аумағының тек 10%-ын ғана алып жатыр. Олар негізінен өзендердегі жазықтар мен тау беткейлерінің төм. белдеулерінде сақталған. Англия мен Уэльстегі тау баурайларында емен, қызыл қайың, шегіршін, шамшат өседі. Шотландияның солт-ндегі Грампиан тауларында және солт.-батыс таулы өлкесінде емен, шырша, қарағай аралас өскен ормандар, биігірек жерлерінде қарағай және қайың ормандары сақталған. Жазықтарды егін алқаптары мен шалғындар алып жатыр. Аң аулаудың қызу жүргізілуіне байланысты Британ аралдарында баяғыдан аю, жабайы шошқа мен ирланд маралы тәрізді көптеген ірі сүтқоректі аңдар қырғынға ұшырап, қасқыр зиянкес ретінде жойылды. Қазіргі кезде сүтқоректі жануарлардың тек 56 түрі ғана тіркелген. Оңт. Англияда еліктер, таулы аудандарда жабайы ешкілер кездеседі. Биік таулардан басқа жерлердегі ормандарды түлкілер мен борсықтар, қояндар, кірпі, жертесерлер мекендейді. Кәмшат кең тараған, оны кәсіптік жолмен аулайды. Ұсақ жыртқыштардан ақтышқан мен ақкіс көп. Уэльсте сасықкүзендер, Шотландия тауларында жабайы еур. мысықтар мен америка сусарлары өмір сүреді. Британ аралдарын құстардың 130 түрі мекендейді. Өзендері мен көлдері балықтардың көптеген түрлеріне бай. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің жекелеген түрлерін қорғауға арналған 131 резерват ұйымдастырылған. Англия мен Уэльсте жалпы аумағы 12 мың км²-дей болатын 10 ұлттық бақ бар (ірілері Лейк-Дистрикт, Сноудония, Дартмур, Брекон-Биконе, т.б.).

Тарихы





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет