Стоунхэндж 2500б.з.б.
Ұлыбритания аум-ндағы адамзат тіршілігінің ежелгі іздері ерте және орта палеолит дәуірлеріне саяды. Соңғы қола және ерте темір дәуірінде (б.з.б. 800 — 700 ж.) Ұлыбританияға құрлықтан кельттердің қоныс аударуы басталды. Кельттер өздерімен бірге темір ғасыры мәдениетінің белгілерін ала келді. Британиядағы кельттер мен кельттердің ықпалына ұшыраған халық шартты түрде бриттер деп аталады. Болашақ Рим императоры Ю.Цезарь Галлияны жаулап алған соң Британияға екі жорық жасады (б.з.б. 55 — 54 ж.). Б.з. 60-жылдардың соңында Британия Рим империясының ең шеткі провинцияларының біріне айналды. 3 ғ-дың соңында Ұлыбританияға солт. герман тайпаларының (англдар, сакстер, юталар, фриздер) шапқыншылығы басталды. 5 ғ-дың бас кезінде Рим үстемдігі жойылып, Британия қайтадан тәуелсіз кельт аймақтарына бөлініп кетті. 8 ғ-да Даниядан келген нормандар елдің солт.-батыс бөлігін басып алды. Король Эгберт 9 ғ-да елдің үлкен бөлігін бір мемлекетке біріктіріп, ол Англия деп аталды. 1066 ж. Британияның ұсақ корольдіктерін нормандық қолбасшы Вильгельм басып алып, біртұтас мемлекетке біріктірді.
1265 ж. ағылшын парламенті құрылды. 1337 ж. Англия Франциямен Жүз жылдық соғысқа кірісті (1453 жылға дейін).
Бұл соғыс біте салысымен ағылшын тағы үшін соғыс (“Алқызыл” және “Ақ раушан соғысы”) басталып, ол Тюдор әулетінің жеңісімен аяқталды.
1588 ж. “Жеңілмейтін армаданы” (Испан флотын) талқандау Англияны дүние жүзіндегі аса ірі теңіз державаларының біріне айналдырды.
17 ғасырдың бас кезінде Ұ. жаңа құрлықтан өзінің алғашқы отарларын иемденді.
1603 ж. Шотландия королі ағылшын тағына Яков Қ отырып, Шотландия мен Англия бір мемлекетке бірікті.
1640—1649 ж. корольдік Стюарттар әулеті мен парламент арасындағы қақтығыс азамат соғысына ұласып, нәтижесінде Оливер Кромвель бастаған республика жарияланды. Кромвель қайтыс болғаннан кейін көп ұзамай Монархия тез арада қалпына келтірілгенімен, король құқығы біршама шектеліп, билік тұтастай парламент жағында болды.
1651 ж. Ирландия,
1652 Шотландия басып алынды.
1707 ж. Ұлыбританияна корольдігіне бірігу жөніндегі актіге қол қойылғаннан кейін Лондон біртұтас мемлекеттің астанасына айналды.
18 ғасырдада Британдық отарлық жүйе қалыптасты.
18 ғасырдың соңында Ұлыбритания 13 америкалық отарынан айрылғанымен (АҚШ-тың жариялануы), Канада мен Үндістандағы жағдайын күшейте түсті.
1805 ж. Трафальгар мүйісінде адмирал Нельсон испан-француз флотын талқандап, Ұлыбритания “теңіз әміршісіне” айналды.
1793—1815 ж. респ. және Наполеондық Францияға қарсы соғысқа қатысқан Ұлыбритания 1818 ж. Пруссия армиясымен одақтаса отырып, Наполеон Қ-ні түпкілікті жеңді. Осыдан кейін Ұлыбритания жүз жылдай бейбіт жағдайда өмір сүріп, өзінің отарлық иеліктерін кеңейте түсті.
1899—1902 ж. ағылшындар Оңт. Африкада бурларға қарсы соғыс жүргізді. Бірінші дүниежүзілік соғыста Ұлыбритания Антанта жағында Германияға қарсы соғысты. Соғыстан кейін Африка мен Азиядағы неміс отарларының біраз бөлігін иемденді. 1-дүниежүз. соғыстан кейін Ұлыбритания ауыр экон. жағдайды бастан кешірді. Ұлт-азаттық қозғалыстан кейін 1921 ж. Ирландия өз тәуелсіздігін жариялады. Ұлыбритания Екінші дүниежүзілік соғысқа (1939 — 1945) Гитлерге қарсы коалиция жағында қатысты.
1947 ж. Үндістан мен Пәкстанға тәуелсіздік берілді.
1945—1970 ж. британ отарларының барлығы дерлік өз тәуелсіздіктерін алды.
1949 ж. НАТО-ға мүше болды.
1982 ж. Атлант мұхитының оңт-нде Аргентина мен Фолкленд (Мальвин) аралдары үшін қарулы қақтығыс болып, қысқа мерзімдік әскери қимылдар нәтижесінде Ұлыбритания өзінің осы аумаққа бақылауын қалпына келтірді.
1979—1990 ж. Маргарет Тэтчер бастаған консерваторлар үкіметі экономикада ұтымды реформалар жүргізді. Соғыстан кейін Шотландия мен Солт. Ирландиядағы ұлт-тық мәселелер шиеленісе түсті. Әсіресе, Солт. Ирландиядағы оқиғалар ушығып, 1969 жылдан бастап мұнда азамат соғысы жүрді.
1994 ж. тамызда Ирландық Республикалық Армия (ИРА) ұрыстарды біржақты тоқтататыны жөнінде мәлімдеді. Алайда 1996 ж. ИРА жауынгерлері лаңкестік әрекеттерін қайта бастады. Отарларының барлығынан айрылғанына қарамастан Ұлыбритания әлемдегі жетекші елдердің бірі болып саналады.
Экономикасы
Ұлыбритания — жоғары дамыған өнеркәсіпті ел. Ол халықаралық еңбек бөлінісінде өнеркәсіп өнімдерін шығарады. Қазіргі заманғы Ұлыбританияның экономикадағы рөлі тек өнеркәсіптік қана емес, сондай-ақ банкілік, сақтандыру, кемелерді жалға беру және басқа да іскерлік қызметтермен анықталады. Ұлттық жалпы өнімнің 30%-ға жуығы өңдеуші өнеркәсіп пен 45%-ы көлік пен байланыс, жеке сауда, сақтандыру, банкілер мен басқа да қаражат мекемелерін, денсаулық сақтау мен білім беруді қамтитын қызмет көрсету саласынан түседі. Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемі бойынша Ұлыбритания дүние жүзінде бесінші орын (АҚШ, Жапония, Германия, Франциядан кейін) алады. Ұлыбритания өнеркәсібі негізінен сырттан әкелінген шикізаттарды пайдаланады. Бір жағынан Ұлыбритания өнеркәсібіне өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың озық технологиясы, ең жаңа құрал-жабдықтар мен басқарудың жетілдірілген әдістері қолданылатын қазіргі заманғы салалардың жылдам дамуы, екінші жағынан, ескі дәстүрлі салалардың артта қалуы тән.
Бірінші топқа электроника, жалпы және дәл машина жасау, химия өнеркәсібінің көптеген салалары, екіншіге — көмір өндіру, мақта-мата және жүн өнеркәсібі, кеме жасау, қара металлургия жатады. Ұлыбританиядағы өнеркәсіп орындарының негізгі бөлігі Лондоннан бастап Ланкаширге дейінгі, Батыс Йоркширден Глостерширге дейінгі графтықтарды қамтитын халық тығыз қоныстанған өнеркәсіптік белдеуде шоғырланған. Бұл белдеуден тыс жерлердегі аса ірі өнеркәсіптік аудандар — Оңт. Уэльс, Англияның солт.-шығысы мен Шотландияның орт. бөлігі. Өндірістің ескі, дәстүрлі салалары Шотландияның көпшілік бөлігінде, Солт. Ирландияда, Уэльсте, Англияның қиыр солт.-шығысы мен оңт.-батысының бір бөлігінде орналасқан. Ұлыбритания энергия ресурстарының қорлары жөнінен Еуропада 1-орын алады. Солтүстік т-нің шельфінде мұнай мен газдың көп мөлшері өндіріледі. Шетелдік шикізатпен жұмыс істейтін түсті металдар (аллюминий, мыс, қорғасын, мырыш) қорытатын кәсіпорындар негізінен ірі порттарда орналасқан. Өңдеуші өнеркәсіптің жетекші саласы — машина жасау. Көліктік машина жасаудың (жеңіл, жүк автомобиль, автобустар) орт-тары —Бирмингем, Ковентри, Үлкен Лондон, Лутон. Ұлыбритания аэроғарыштық өнеркәсібі жөнінен дүние жүзінде 4-орын (АҚШ, Германия, Франциядан кейін), дөңгелекті тракторлар шығарудан 1-орын алады. Елде 16 ірі мұнай өңдеу з-ты жұмыс істейді. Химия өнеркәсібі ғыл.-зерттеулерге негізделген өнім түрлерін, агрохимикаттар, пластмасса, дәрі-дәрмектер, хим. талшықтар мен синтет. каучук өндіруге маманданған. Қрі тамақ өнеркәсібі тағамдық концентраттар, кондитерлік және темекі өнімдерін, сусындар шығарады. Ұлыбритания алкогольдік ішімдіктердің дүниежүз. экспортының 20%-ын дайын (әсіресе, шотланд вискиі мен джин) береді. А. ш. өндірісі елдің азық-түлікке деген сұранысының 80%-ын қанағаттандырады.
Бұл салаға елдегі барлық жұмыс істейтіндердің 3%-ы қамтылған. А. ш. үшін ел аум-ның 24,8%-ы пайдаланылады. Ұлыбританияның табиғи жағдайлары егіншіліктен гөрі мал ш-ның дамуы үшін неғұрлым қолайлы. Сүтті, етті-сүтті ірі қара, шошқа, етті қой, құс өсіру дамыған. Егін ш-нда дәнді дақылдар (бидай, қара бидай) басым өсіріледі. Қант қызылшасы мен картоптан да мол өнім алынады. Курорттардың айналасында — көкөніс, бау-бақша өсіру, теңіздік азық-түліктер өндіру мен балық аулау дамыған. Ұлыбритания аралдық мемлекет болғандықтан шет елдерден тауарлар тасу мен сауда жүргізу теңіз және әуе көлігімен байланысты. Жалпы жүк айналымының 90%-ға жуығы теңіз көлігінің үлесіне тиеді. Батыс Мидлендтен басқа Ұ-ның барлық аудандары негізгі көліктік тораптардың қызметін атқаратын теңіз порттарымен тікелей немесе жанама түрде байланысқан.
Ең ірі порттары
Лондон порты
Саутгемптон,
Ливерпуль,
Гулль,
Харидж.
Лондон қаласы — дүниежүзлік қаржы орталығы болып саналады. Ұлыбритания құрлықпен Ла-Манш бұғазының түбіне салынған туннельмен, екі т. ж. (1993 жылдан) паромымен (Дувр-Дюнкерк және Харидж-Остенде) және көптеген теңіздік және жолаушылар паромдарымен байланысқан. Экспортындағы дайын өнімдердің үлесі 80%-ды құрайды (машина жасаудың әр түрлі өнімдері, автоматты станоктар, авиақозғалтқыштар, көлік құралдары, аспаптар, хим. тауарлар, тамақ өнеркәсібінің өнімдері). Сырттан темір кентастарын, түсті және сирек металдар, фосфориттер, мақта, азық-түлік, дайын өнеркәсіп өнімдері мен жартылай дайын өнімдер алады. Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы жылдық мөлш. 20700 АҚШ долларына тең (2004). NT компаниясының техникалық құралдар шығаратын зауыттары көбінесе осы қалада орналасқан. Олар 40-тан асады. Олардың бюджеттік қоры 1,7 трлн. АҚШ долларына тең. Бұл компания әлемдегі ең жас кәсіпкерлер арқылы құрылған. Қазіргі уақытта олар Қазақстан Республикасында тұрады. Олардың жас шамасы 19-20. Бұл компания екі адаммен басқарылатын тең төрағалы кампания. Times журналының 2011 жылғы сараптамасы бойынша әлемдегі ең үздік, жоғары қарқынмен дамып жатқан жас компания.
Негізгі сауда серіктестері
Германия,
АҚШ,
Франция,
Нидерланд,
Бельгия мен Люксембург,
Италия,
Ирландия.
Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылдан бастап орнады. 1994 ж. 19 наурызда Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания арасында достық пен ынтымақтастық, экономикалық ынтымақтастық туралы бірлескен декларацияларына, білім, ғылым және мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
1992 ж. Алматыда Ұ. елшілігі,
1996 ж. Лондонда Қазақстан елшілігі ашылды. Ағылшынның Бритиш Петролеум; Шелл және Бритиш Газ сияқты компаниялары Солт.-шығыс Каспий аймағында кен барлау, оны игеру жұмыстарына 1999 жылдан бастап араласты. Қазақстанмен жасалатын тауар айналымының көлемі жөнінде Ұлыбритания Еуропа елдерінің арасында 1-орын алды. 2006 ж. екі елдің арасындағы тауар айналымының жалпы көлемі 400 млн. фунт стерлингтен асты. Қазір Қазақстанда британиялық инвесторлардың қатысуымен 212 кәсіпорын тіркелген, оның 80-і бірлескен кәсіпорындар.
Әдебиеті
Томас Мор
Құрлықтан келген ағылшындардың арғы тегі — англо-сакстер өздерімен бірге ұрпақтан ұрпаққа ауызша беріліп отырған герман аңыздары мен жырларын алып келді. Христиан діні енгізілгеннен кейін ежелгі батырлық дастандар қағазға түсіріле бастады. 8 — 10 ғ-ларда британдық негіздегі англо-сакстердің діни лирикасы, құдай ілімі жөніндегі еңбектері, жылнамалар пайда болды. 11 — 13 ғ-ларда үш тілді әдебиет дамыды: шіркеу шығармалары латын, рыцарьлық өлеңдер мен дастандар француз, ағылшындық аңыз әңгіме, жырлар англо-сакс тілінде жазылды. 14 ғасырдыңдың ортасында жалпы ұлттық ағылшын тілі қалыптасып, әр түрлі әлеуметтік топтардың өмірі мен тұрмысын бейнелейтін поэзия пайда болды. Франциямен болған Жүз жылдық соғыс пен Алқызыл және Ақ раушан соғысы кезеңінде халықтық поэзия-аңыздық, тарихи, шым-шытырық оқиғалы сипаттағы балладалар дами түсті. 16 ғасырдың бас кезінде ағылшын жазушыларының басқа елдердегі гуманистермен байланысы күшейді, Томас Мордың “Утопиясы” жарияланды. Лирикалық поэзияның негізін Т.Уайет, Х.Х. Сари, т.б. авторлар қалады. Эпостық поэзияның ең жоғары жетістігі Э.Спенсердің “Сиқыршылар патшайымы” (1590) атты поэмасы болды. Қилы оқиғаларға, тұрмыстық, малшылар тақырыбына арналған романдар жарық көрді. 17 ғ-дың бас кезінде эссе (Ф.Бэкон) мен мінездеу (Т.Овербери) жанрлары қалыптасты. 1548 ж. епископ Дж. Бейлдің “Король Джон” атты тұңғыш тарихи драмасы қойылды. 16 ғ-дың ортасында антикалық үлгілерге еліктеп жазылған Т.Нортон мен Т.Сэксвиллдің, Н.Юдаллдың трагедиялары мен комедиялары қойылды. 16 ғ-дың 2-жартысында өзіндік ұлттық драматургия қалыптасып, оның көрнекті өкілдері К.Марло (1564 — 93), Р.Грин (1560 — 92), Т.Кид (1558 — 94), т.б. болды. Гуманистік драманың негізін Дж. Мили (1554 — 1606) қалады. Олардың шығармалары ұлы драматург У.Шекспирге игі ықпал етті. Ол Англия тарихына арналған пьеса-жылнамаларында (“Ричард ҚҚҚ”, “Генрих ҚV”, т.б.) тақ үшін күресті асқан шынайылықпен суреттеді. Шекспир шығармаларының шырқау шыңы оның трагедиялары (“Гамлет”, “Отелло”, “Король Лир”, “Макбет”, “Антоний және Клеопатра”, т.б.) болды. Талантты драматургтер тобына сатиралық комедиялардың авторы Б.Джонсон (ш. 1573 — 1637), Т.Хейвуд (ш. 1574 — 1641) және Т.Деккер (1609 — 66), Ф.Бомонт (ш. 1584 — 1616), Дж. Флетчер (1579 — 1625) енді. Ағылшын бурж. революциясы гуманистік драманың дамуын тоқтатып, ағылшын әдебиетінің жаңа кезеңінің бастамасы болды. Ағартушылық басты идеялық ағымға айналды. Әдебиеттегі біріншілік поэзиядан прозаға көшті. Д.Дефоның (1661 — 1731) “Робинзон Крузо” (1719) романында табиғатты бағындырған еңбек адамы, Дж. Свифттің (1667 — 1745) “Гулливердің саяхаттары” (1726) сатирасында сол кездегі Англияның өмірі суреттелді. Ағылшын романдары бүкіл еуропа әдебиетке ықпал етті. Р.Стилдің “Арлы ашыналар” (1722) атты сентиментальдық комедиясы, әсіресе, Дж. Лиллоның (1693 — 1739) “Лондон көпесі” (1731) атты трагедиясы драмада шынайы төңкеріс жасады. Әлеум. тұрмыстың күлкілі жағын әжуалаушы комедияның сатиралық ауқымы күшейіп, ол “Ұлы сөз мектебі” (1777) комедиясын жазған Р.Б. Шеридан (1751 — 1816) шығармаларында шарықтау шегіне жетті. Ағылшын романтиктерінің екінші ұрпағы — Дж. Т.Байрон (1788 — 1824), П.Б. Шелли (1792 — 1822), Дж. Китс (1795 — 1821) саяси консерватизмді батыл сынады. У.Блейктің (1757 — 1827) поэзиясына әлеум. утопизм тән болды. В.Скотт (1771 — 1832) тарихи роман жанрын дамытты. Ағылшын әдебиетінің жаңа кезеңі 19 ғ-дың 30-жылдары басталды. Романшы және публицист Т.Карлейль (1795 — 1881) романтизм тұрғысынан сол кездегі қоғамдық құрылысты сынға алды. Романтизмнен реализмге өту романшы әрі драматург Э. Дж. Булвер-Литтон (1803 — 73) шығарм-нан байқалды. 30 — 60-жылдар сыншыл реализмнің гүлдену кезеңі болып, ол У.Диккенс (1812 — 70), У.М. Теккерей (1811 — 63), Ш.Бронте (1816 — 55), Э.Гаскелл (1810 — 65) романдарынан көрініс тапты.19 ғ-да роман жанры басым болғанымен, поэзия да дамыды. Э.Фицджеральд Омар Хайямның шығармаларын аударды. О.Уайльд (1854 — 1900) декаденттік, символизм элементтері бар шығармаларымен танылды. Ағылшын символизмінің аса көрнекті өкілі, ирландық У.Б. Йитс (1865 — 1939) болды. 19 ғ-дың соңғы онжылдығы мен 20 ғ-дың бас кезі сыншыл реализмнің аса күшеюімен ерекшеленді. Б.Шоудың (1856 — 1950) пьесаларында қоғамды қайта құру идеялары қозғалды.
Реалистік тұрмыстық драма Дж. Голсуорсидің (“Күміс портсигар”, 1906), Х.Гренвилл-Баркердің (1877 — 1946) пьесаларында орын алды. Г. Дж. Уэллстің (1866 — 1946) әлеум.-фантаст. және филос. романдарына индустрияландыру процесі өзек болды. Голсуорси (1867 — 1933) “Форсайттар туралы сага” атты трилогиясын бір отбасының тарихына арнады. Реалистік роман мен новелла дәстүрлерін У.Сомерсет Моэм (1874 — 1965); Э.М. Форстер (1879 — 1970), А.Э. Коппард (1878 — 1957), Кэтрин Мэнсфилд (1888 — 1923) жалғастырды.
Теңіз саяхаттарының романтикасы мен ерекше елдерді сезімтал психологизммен суреттеген Дж.Конрад (1857 — 1924) шығармалары ерекше көрінді. 2-дүниежүз. соғыстан кейін романшылардың жаңа ұрпағы пайда болды. Айрис Мердоктың “Тор астында” (1954), “Алқызыл мен жасыл” (1965), т.б. романдары реализмге ойысты. Б.Д. Дэвидсонның (“Өзен жағалаулары”, 1956), Д.Стюарттың (“Сай келмейтін ағылшын”, 1954) шығармалары отаршылдық саясатқа қарсы бағытталды. Д.Томас (1914 — 53) модернистік поэзияның елеулі өкілі ретінде танылды. 60-жылдары философия мен ғыл. жаратылыстану тақырыбына К.Уилсонның “Ми арамтамақтары” (1967), “Философиялық тас” (1969) романдары жазылды. Ұ. әдебиетінен Шекспирдің “Сонеттер” (1970), Дефоның “Робинзон Крузо” (1935, 1937, 1963), Свифттің “Гулливердің саяхаттары” (1951), Дж. Байронның “Таңдамалы шығармалары” (1969), “Еврей саздары” (1965), т.б. кітаптар қазақ тілінде жарық көрді.Сонымен қатар қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Жолжанов Бағдаттың "Аспанға қараймын" атты еңбегі көпшілік қауымды қызықтыруда.
Өнері
Көп ғасырлық даму нәтижесінде Ұлыбритания өнерінің сипатты ерекшеліктері — дәстүрлерінің орнықтылығы, тұрмыс және баспанамен тығыз байланыстылығы, қоршаған орта мен табиғат көріністерін тап басып, тамаша үйлестіру қалыптасты. Ұ-да энеолит пен қола ғасырларының аса ірі әдеттен тыс күрделі және біртұтас мегалитті кешендер (Стонхендж, Эйвбери),
1 — 5 ғ-лардағы рим құрылыстарының қалдықтары, кельттердің, пикттердің, англо-сакстердің тастан қашалған және металдан жасаған бұйымдары,
7 — 10 ғ-ларға тән, халықтық қаңқалы құрылыстардан пайда болған шіркеулер (Эрлс-Бартон, 10 ғ.) және күрделі қисық сызықты әшекейлері бар миниатюралар сақталған.
11 — 12 ғ-ларда роман үлгісіндегі қуатты шаршы мұнаралары бар ғибадатханалар мен қамалдар бой көтерді (Лондондағы Тауэр қамалы, ш. 1078 ж. салына бастады). 12 ғ-да дами түскен ағылшын готикасының үлгілері — Кентерберидегі, Линкольндегі, Солсберидегі, Йорк, Уэльстегі, Эксетердегі, Лондондағы Вестминстер абаттығының соборлары болып табылады. Кейінгі готика (“перпендикулярлық нақыш”, 14 ғ-дың 2-жартысынан бастап) шіркеулік және зайырлық ғимараттардың оймыштап жасалған өрнектерге бай жарық әрі кең ішкі көрінісімен [Виндзордағы Сент-Джордж, (1474 — 1528) Лондондағы Вестминстердегі Генрих VҚҚ-нің, (1503 — 19) капеллалары, банкет залдары, колледждер], портреттік кескіндеменің пайда болуымен ерекшеленді. Тоқымашылықтың, кестелеу, кілем тоқу, оймыштаудың, зергерлік істің ортағасырлық ескерткіштері ерекше әсем. Реформация (1534 ж. басталды) ағылшын мәдениетіне таза зайырлық сипат берді, ал 17 ғ-дағы Ағылшын революциясынан кейін Ұлыбританиядағы құрылыс пен күнделікті тұрмыста тиімділік пен қолайлылыққа ұмтылу күшейді. Қайта өркендеу дәуірінде табиғатпен үндестікпен байланысқан ағаш, тас, фахверк шебер қолданылған, әшекейі мол усадьба-үй типі қалыптасты. Мұндай ерекшеліктерді италиялық және нидерландтық сәулетшілерден көп нәрсені үйренген қамал-сарайларды салушылар да қабылдады.
16 — 17 ғ-лардағы кескіндемедегі негізгі орынды портрет иеленді. Ұлыбританияға келген Х.Хольбейннің дәстүрін ағылшын миниатюрасының шеберлері Н.Хиллиард, А.Оливер, С.Куперлер жалғастырды.
17 ғ-да Ұлыбританияға қоныс аударған шетелдіктер — А. ван Дейк, П.Лели, Г.Неллерлер енгізген ақсүйектер портреттері типіне олардың ағылшындық ізбасарлары — У.Добсон мен Дж. Райли қарапайымдылық, табиғилық пен қатаңдық қосты. Палладионың мұрасына сүйенген И.Джонстың айқын классик. ғимараттары (Лондондағы Банкет залы, 1619 — 22) байыпты, қатаң салтанаттылығымен, композициясының нақты ойлылығымен ерекшеленетін 17 — 18 ғасырлардағы ағылшын классицизмінің дамуына аттанар сөре қызметін атқарды. Бұған қалалық ансамбльдер (Лондондағы Гринвич госпиталі, 1616 — 1728, Фицрой-сквер, 1790 — 1800, Эдинбургтегі Шарлотта алаңы, 1792 — 1807, Бат қаласындағы ғимараттар), шіркеулер (Лондандағы 52 шіркеу мен Әулие Павел соборы, 1675 — 1710), қоғамдық ғимараттар (Оксфордтағы Рэдклифф кітапханасы, 1737 — 49), усадьбалық, секциялы қалалық үйлер, селолық коттедждер мысал бола алады.
18 ғ-дағы ағылшын өнерінің гүлденуі өмірге құштар адамдардың портреттері, уытты сатиралық картиналар мен гравюралардың авторы У.Хогарттың шығармаларынан басталады. Осы тұста А.Рэмзи, Дж. Рейнолдс, Т.Гейнсборо, Х.Реберн, Дж. Опи сынды тамаша портретшілер тобы дүниеге келді. Көпірлер мен ғимарат төбесін жабу үшін күрделі металл құрылымдар (инженерлер Т.Телфорд, Р.Стивенсон) қолдану, шыны қабырғалы құрастырмалы металл қаңқаларды кеңінен пайдалану (“Хрусталь сарай”, 1851, арх. Дж.Пакстон) жаңа архитектураға негіз жасады.
19 ғ-дың 1-жартысында У.Блейк пен табиғат суретшісі У.Тернер сияқты романтик-фантастармен қатар өмірлік пәктікке толы реалистік табиғат суреті жанрының іргетасын қалаушы Дж. Констебл, табиғаттың сезімтал суретшісі Р.П. Бенингтон, сулы бояумен салынатын табиғат көріністерінің шеберлері Дж. С.Котмен, Д.Кокс, Д.Уилки көпке танылды. Ұ-дағы музыканың қайнар көзі кельт тайпаларының музыка мәдениетінен басталады.
Музыкалық өнері
Ежелгы халықтық ауызша ән-жыр дәстүрлерін жалғастырушылар халық жыршылары мен батырлық дастандарды шығаратын — бардтар болды. Англияда христиан дініорныққаннан кейін (7 ғ-дың 2-жартысы) кәсіпқой саз өнері дами бастады. Орта ғасырларда ағылшын шіркеулік музыкасында католиктік хорал басым болды.
14 ғ-дың соңы — 15 ғ-дың бас кезінде қала мәдениетінің өсуі музыканттарды кәсіпқой шеберлерге айналдырды. Король сарайы мен ірі шонжарлардың қамалдарында вокалдық және аспаптық капеллалар пайда болды. Қайта өркендеу дәуірінде қалалықтар мен ақсүйектердің қоғамдық өмірі мен тұрмысында музыка маңызды орын ала бастады. Үй ішінде әр түрлі әуендер орындалатын консорттар (әр түрлі аспаптарда ойнайтындардың бірлескен тобы) қою дәстүрге айналды. Консорттың құрамына кірген орындаушылардың саны біртіндеп ұлғайып, 30 — 40-қа дейін жетті. Осылайша оркестрлердің бастапқы формасы пайда болды. Махаббат тақырыбына арналған өлең-мадригалдарға музыка шығарып, аспаптарда орындау, халық әндерін вариациялау, би пьесаларын жазу, драмалық шығармаларға музыка жазу пайда болды (16 ғ-дың соңы). Ағылшын ұлттық мадригал мектебінің негізін қалаушы — У.Берд, оның ізбасарлары — Дж.Булл, О.Гиббонс, кейінірек Дж.Блоу батыс еур. клавесинге арналған музыканың негізін қалаушылар болды. 1672 ж. скрипкашы Дж. Банистер Лондонда бірінші рет көпшілікке арналған концерт берді. Ағылшын ұлттық муз. театрын құрушы 17 ғ-дың аса көрнекті сазгері Г.Перселл (“Дидона мен Эней” операсы) болды. 18 ғ-дың соңында Лондонда И.К. Бах (“Лондондық Бах” — И.С. Бахтың ұлы), Й.Гайдн (ол мұнда 12 “Лондон симфонияларын” жазды, 100-ге жуық шотланд әндерін өңдеп, нотаға түсірді), италия сазгері, педагог, ағылшын пианистер мектебінің басшысы болған М.Клементи тұрып, жұмыс істеді. Көптеген муз. мекемелер, хор бірлестіктері мен қоғамдар құрылды: көп дауысты ән айтушылықтың әуесқойларынан тұратын “Кэтч-клуб” (1761), Корольдік муз. қоғам (1762), муз. баспа ұйымдастырылды (1778), дүние жүзіндегі пернелі аспаптар шығаратын фирмалардың ең алғашқыларының бірі — “Дж. Бродвудтың” (1773, рояльдар шығарады) негізі қаланды.
19 ғасырдың ортасында Ұ. сазгерлері негізінен опера жанрын (Г.Бишон, М.Балф) дамытты.
19 ғасырда Лондон еур. музыка мәдениетінің ірі орт-на айналды. Мұнда сол кездің аса танымал сазгерлері мен орындаушылары өнер көрсетті, 1855 жылдан муз. фестивальдар өткізіле бастады. Ұлттық сазгерлік мектептің орнығуын Э.Элгар бастады (“Геронтиустың түс көруі” ораториясы — 1900).
20 ғ-дың бас кезіндегі сазгерлер ұлттық дәстүрлерді дамыту арқылы Ұ. музыкасының мазмұны мен стилін жаңғыртуға ұмтылды (Дж.Айрленд, А.Бакс, Р.Боутон, т.б.).
20 ғасырда Ұлыбританияның муз. өмірі қауырт дами бастады, көптеген қалаларда муз. мектептер, оркестрлер, хор қоғамдары құрылды, музыкалық фестивальдар мен байқаулар өткізілетін болды (Бирмингем, Лидс, Норидж, Шеффилд, т.б.).
1934 жылдан бастап Глайндборнда жазғы дәстүрлі опера фестивалі өткізіліп тұрады.
20 ғ-дың 60-жылдары “поп музыка” атанған эстрада музыкасы қауырт дамыды. Әсіресе, негр джазы мен блюзінің белгілерін ұштастыра орындалатын әуендерге ән айтатын жас әншілердің “Битлз” (The Beatls) вокалды-аспаптық квартеті дүние жүзі жастарына аса танымал болды.
Киносы
Ұлыбритания киносы 1889 жылдан бастау алады. Алғашқы фильм бар-жоғы бірнеше секундқа созылды.
1896 ж. У.Пол ұлт-тық кино өндірісінің негізін қалаған бірінші ағылшын фильмін көрсетуді ұйымдастырды.
1929 ж. бірінші дыбысты фильм “Бопсалау” (реж. А.Хичкок, Ч.Бентонның пьесасы бойынша) түсірілді.
1932 ж. реж. А.Корда “Лондон филмс” фирмасының негізін қалады. Мұнда көптеген шетелдік кино қайраткерлері (Р.Клер, Ж.Фейдер, К.Фейдт, Р.Мате, Ж.Периналь), талантты ағылшын актерлері (Й.Лотон, Р.Донат, В.Ли, Л.Ходард, Л.Оливье) жұмыс істеді. “Лондон филмстің” үздік туындылары “Елес Батысқа кетіп барады” (1935, реж. Клер) комедиясы, тарихи-өмірбаяндық “Рембрандт” (1936, реж. Корда), т.б.
Хичкоктың шым-шытырық оқиғаларға негізделген фильмдері (“Өте көп білген адам”, 1933, “39 қадам”, 1935, “Ханым жоғалып кетеді”, 1938) көпшілікке танымал болды. 2-дүниежүз. соғыс жылдары Ұ-да деректі фильм түсіру дамыды.
Лондонда 1933 жылдан бастап кино саласындағы ғылылми-зерттеу және насихат жұмысының орталығы — Британ кино институты жұмыс істейді. Жыл сайын Эдинбургпен Лондонда кинофестивальдар өткізіліп тұрады.
Қ.Күржіманұлы атындағы №8 орта мектеп
Реферат
Тақырыбы:Ұлыбритания Тексерген:Масақова Айнұр Дайындаған:Айтқұлова Ақбөбек
2015 – 2016 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |