«0 5» января 2010г аомкди институтының директоры К. Жәйшібекова Бекітемін



бет2/7
Дата25.08.2017
өлшемі1,05 Mb.
#27407
1   2   3   4   5   6   7

Оқушылардың білімі мен біліктілігі республикалық интеллектуалдық жарыстарда соңғы жылдары көп байқалып жүр. Алматы қаласындағы қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын мектепте ұйымдастырылған республикалық «Дарын жұлдыздары» атты мәдени-танымдық шараға қатысуда. «Русский медвеженок», «Британ бульдогы» сияқты марафондардан да күтер жүлдеміз алда.

2013 жылдың 21 қарашасында Б.Бейсекбаев атындағы орта мектебінің базасында аудандық КҒА-ның ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. 15 оқушының ғылыми жұмыстары үздік деп танылып, облыстық КҒА-ның конференциясына қатысуға сұраныс берілді.

Сонымен қатар, аудандық «Дарын» ғылыми жоба жарысы 2013 жылдың 25 қарашасында Бақанас орта мектебінің базасында өткізілді. Нәтижесінде 16 оқушы -І орын, 12 оқушы- ІІ орын, 13 оқушы –ІІІ орындарды иеленді. 2013 жылдың желтоқсан айының 13-15 күндері аралығында облыстық ғылыми жобаға 13 оқушы қатысып, 7 оқушымыз жүлделі орындарды иеленді.

2013-2014 оқу жылы аудандық пән олимпиадасына барлығы 319 оқушы сұраныс беріп, олимпиадаға қатысты. Олардың ішінен 37 оқушы жүлдегер атанып 1-орындарды жеңіп алды. Пәндер олимпиадасы бойынша Ақдала орта мектебі, Б.Бейсекбаев ат.о.м, Бақанас о.м, Бірлік о.м, Береке о.м, Ә.Ахметов, Ақдала о.м, Ж.Бәрібаев ат.о.м, Ы.Алтынсарин ат.о.м жақсы нәтиже көрсетті. Аралтөбе, №1 Жамбыл ат.о.м, Н.Бозжанов ат.о.м, Д.А.Қонаев ат.о.м оқушылары да өз білімдерін жақсы жағынан көрсете білді.

Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 26 қарашадағы №469 бұйрығы мен облыстық білім басқармасының бекітілген жоспарына сәйкес (323-ө бұйрық) 2014 жылығы 7-10 қаңтар аралығында өткен облыстық пән олимпиадасына аудан мектептерінен 16 оқушы қатысты. Нәтижесінде 12 жүлделі орындарды иеленіп, 4 алғыс хатпен марапатталды.

Аудан мектептерінде психологиялық қызмет көрсетудің кешенді жоспары жасалған. Психологтар тарапынан аудан білім мекемелеріндегі барлық педагогикалық ұжым мүшелері, ата-аналар және оқушылар Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы денсаулықты қорғау Ұлттық үйлестіру кеңесінің төрағасы Е.Орынбаевтың 2012 жылғы 10 сәуірде бекітілген «Суицидтің алдын алу жөніндегі ведомствоаралық іс-қимыл жоспары», Алматы облысы бойынша кәмелеттік жасқа толмағандар арасында өзіне-өзі қол жұмсауға ұмтылған және суицид оқиғасының алдын алу мақсатында 2013 жылға арналған өңірлік іс-шаралар жоспары, және облыстық білім басқармасының 2012 жылғы 18 қазандағы «Суицидтің алдын алу бойынша шаралар қолдану туралы» №335 бұйрығы таныстырылды. 2012 жылдың 3 қыркүйек күні кәмелеттік жасқа толмағандар арасында өзіне-өзі қол жұмсауға ұмтылған және суицид оқиғаларының алдын алу, өз-өзіне қол салуға(суицид) қарсы көзқарастар қалыптастыру мақсатында арнайы іс-шаралар жоспары жасалып, талқыланып бекітілді. Аталған шаралар жоспары барлық ата-аналарға таныстырылды. Сонымен бірге аудан көлемінде балалар мен жасөспірімдерді суицидке қарсы итермелейтін себеп-салдарды анықтау жөніндегі 5 адамнан құралған жұмыс тобы құрылып, арнайы бұйрық шығарылды. Осы мерзімге дейін жоғарғы құзырлы мекемелерден келген барлық нұсқаулар мен бұйрықтарды аудан мұғалімдеріне уақытында тарату жүзеге асырылды. Мектепте 35 психолог жұмыс істейді. Оның ішінде 29 психолог - жоғары білімді маман. Биылғы оқу жылының басында қыркүйек-қазан айларында мектепте оқитын 1 – 11 сыныпта оқитын оқушыларды жан-жақты зерттеу нәтижесінде екі рет диагностикалық карта жасалды. Оқушылардың темпераменттері анықталып, сынып жетекшілеріне, ата-аналарына таныстырылды. Барлық мектептерде және аудандық білім бөлімінде 5 адамнан «Суицидтің алдын алу және оның себептерін анықтау тобы» құрылып, арнайы шаралар жоспары құрылды. 5 – 11 сынып оқушылары арасында «Суицид – ғасыр дерті» екендігін түсіндіру мақсатында арнайы сауалнамалар алынып, саралау жұмыстары жүргізіліп, интерпретация жасалды. Суицидке бейім оқушыларды анықтау жұмыстары жүргізіліп, барлық оқушыларға осы тақырыптарда кеңестер берілді. Сап түзеу жиындарда балалардың өмірге қызығушылығын арттыру мақсатында «Біздің бақытымыз - өмір», «Өмір қымбат адамға» тақырыптарында баяндамалар оқылды. Ата-ананың бар бақыты – бала. Осы мақсатта «Суицидтің алдын алу – ата-ана бақыты» тақырыбында ата-аналар жиналыстары өткізіліп, «Суицидтен сақтайық балаларды!» тақырыбында сауалнамалар алынып, талдау жұмыстары жүргізілді.

Психологиялық қызметті жетілдірудің бірден – бір жолы өткізілетін шараларды технологияландыру мақсатында мектеп мұғалімдерінің білімін жетілдіру жолдары да жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, 2012 жылы 8 психолог, биылғы 2013 жылдың осы мерзіміне дейін 3 психолог курстан өтті. Алдағы мерзімдерде психологтардың суицидтің алдын алу, мектептердегі психологиялық қызмет көрсетуді жетілдіру жолдары туралы ой-толғаныстарын мерзімді басылымдарда жариялауды жүзеге асыру жоспарлануда. Психологиялық қызмет көрсету бағытындағы барлық жұмыстарда нәтижеге жету қарастырылды. Сонымен бірге республика, облыс, аудан көлемінде орын алған келеңсіз жағдайлар аудан мұғалімдеріне уақытында таныстырылып отырды. Атап айтқанда, № 1 Жамбыл атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы, 12 тамыз 1996 жылы туған Орунбаев Вадим Валерьевич 2013 жылдың 12 сәуір күні таңғы сағат 07.00-де белгісіз себептермен өз үйінің қорасында өзіне-өзі қол жұмсау салдарынан қайтыс болғандығы туралы барлық ата-аналарға арнайы жиналыс ашылып, таныстырылды. Осы шарадан кейін де мектеп бойынша «Суицидтік мінез-құлықтың ерекшеліктері» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізіліп, оған 72 ата-ана қатысты. Психологтар «Сенің отбасың» тақырыбында сауалнама алып, талдау, саралау жұмыстарын жүргізді. 9 – 11 сынып оқушылары арасында «Жүректен-жүрекке», «Гүл шоғы» тренингтері жүргізілді.

Аудан көлемінде арнайы суицидтің алдын алу жұмыстарын жүргізу жолдары туралы өткізілген семинарларға психологтар үзбей қатысуда. Сәуір айының 30-ы күні «Үшжарма орта мектебі МДШО» мемлекеттік мекемесі базасында арнайы «Суицид – қорқынышты қауіпті қадам» тақырыбында өткізілген семинар мақсаты ата-аналарға, барлық педагогикалық ұжым мүшелеріне таныстырылды. Білім алушы оқушылардың мектептен тыс кездерінде түрлі келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында жазғы каникул мерзімінде де «Суицидке қарсымыз» тақырыбында арнайы шаралар жоспарын жасап, жүзеге асыруды жоспарлаудамыз. Қыркүйек айында «Біз – бақытты балдырған» атты ән байқауын, қазан айында «Егеменді ел ұрпағы – бақытты ұрпақ» тақырыбында сурет байқауы, қараша айында «Біздің бақытты өміріміздің бейнесі» тақырыбында кітап көрмесі өткізілді. Жыл аяғындағы ауданда 2013 жылы суицидке байланысты атқарылатын іс-шаралар жоспарының орындалуы талқыланып, алдағы жылы атқарылатын шараларға ұсыныстар жинақталды.

1-сынып және 5-сынып оқушыларының бейімделуін қалыптастыру, 11-сынып оқушыларын ҰБТ сынағына дайындау, ересек сынып оқушыларын кәсіби бағытта дайындау шаралары жоспарланып, балалардың психологиялық бейімделу шаралары жүзеге асты. Сонымен бірге, ата-аналар, оқушылар және ұстаздар арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыру, психологиялық жылы қарым-қатынас орнату бағытында да шаралар өткізілді.

Балабақшаларда бүлдіршіндерге және ата – аналарға психологиялық қызмет көрсету бағытында 6 психолог штаты қарастырылған. Оның ішінде барлығы да жоғары білімді, 2 психолог ІІ санатты. Орташа жасы 36. Барлық психолог мамандығы бойынша курстан өткен.

Ауданның әр мектебінде мұғалімдердің әдістемелік деңгейін көтеру, мектептердегі озат тәжірибе жұмыстары арқылы да жүзеге асырылады. Біраз мектепте озат тәжірибе мектебі, шеберлік сыныбы жұмыс жасайды. Онда тәжірибелі педагогтар жас мұғалімдердің кәсіби деңгейлерінің көтерілуіне көмек береді, оларды шығармашылық еңбекке баулиды. Шығармашылық есеп береді. Мұғалімнің, оқушының шығармашылық жұмыстарының нәтижесі байқалады. Шығармашылыққа, ізденіске баулиды.. Әр мұғалімнің кәсіби өсу деңгейін анықтайды. Өз білімін көтеру жұмыстарына ықпал етеді. (курстарға, іскерлік ойындарға, тренингтерге, конференсияларға, дебаттарға, семинарларға қатысуға). Өз білімін көтеруге әдістемелік басылымдарды таңдауға көмектеседі. Тәлімгер мен жас мұғалім арасында байланыс, өзара сабаққа қатысу, талдау және бағыт-бағдар беріледі. Өз пәніне байланысты әдістемелік оқу құралдарын жазады. Кәсіби байқауларға, семинарларға, педагогикалық оқуларға қатысады. Алдыңғы қатарлы педагогикалық озық жұмыстарын таратады.

Мұғалім білімі мен ізденісін дамытуға бағытталған курстардың нәтижелері де аз емес. Оның бір нәтижесі - аудан педагогтарының курста алған білімдерін практикада қолдануы, нәтижеге бағытталған өз тәжірибелерін насихаттаған еңбектерінің арнайы жинақтарда жарық көруі. Өткен оқу жылында тың серпіліспен еңбек етіп жатқан ұстаздарымыздың еңбектері түрлі басылымдарда жариялануы да жалғасын тапты. Атап айтқанда, Үшжарма ом, Береке ом, Көкжиде ом және №2 Жамбыл атындағы орта мектептердің ұстаздары өздерінің іс-тәжірибелерін насихаттау мақсатында «Келешекке кемел біліммен» атты әдістемелік жинақ шығарды. Аудан мектептерінің мұғалімдерінің ізденістерге толы еңбектері «Шығармашылық ізденіс-нәтижелі білім беру негізі» тақырыбындағы әдістемелік жинағына енгізіліп, облыс бойынша іс-тәжірибелері таратылды.

Биылғы оқу жылында Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институты мен бірлесе отырып «Білім беру үрдісіндегі ақпараттық коммуникациялық технологиялар» тақырыбында мұғалімдердің іс – тәжірибесі жинақталған жинақ болып шықты. Бұл жинақта Ақкөл, Бірлік, Қарағаш, Бейсекбаев, Ахметов, Бәрібаев, Топар, №2Жамбыл мектептерінің мұғалімдерінің сабақ жоспарлары шықты. Сонымен қатар, облыстық «Бейінді оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында Б.Бейсекбаев ат.о.м А.Сәлімбаева, Ж.Әлімбаева, Н.Сматаева, Г.Сейсенбаева, Д.Қонаев а.о.м Қағазбекова М. сынды мұғалімдерінің қолданбалы таңдау курс бағдраламалары осы жинаққа шықты.

Аудан мектептерінің іс – тәжірибесі жинақталып басылып таратылған мектептер, атап айтсақ Бірлік о.м. «Өркениеттің өзегі -білімде», Ы.Алтынсарин а.о.м. «Мектеп – ауыл жүрегі», Ақкөл о.м. «Ақпараттық технологияны қолдану іс –тәжірибесінен» және «Ғылым -жанып тұрған шырақ, өнер-ағып жатқан бұлақ», Қонаев а.о.мектебінің «Ұлы тұлға ұлағатымен» тақырыбындағы оқу тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы іс тәжірибелері топталған.

Авторлық бағдарламаларының жарық көруі - аудан ұстаздарының жаңашылдыққа, ізденіске бет бұрып, осы кезге дейінгі аға буын ұстаздардың ізденісін жалғастырып келе жатқандығының айғағы. Атап айтсақ, аудан мектептерінің Үлгілі орта мектебінің әр оқу жылына бағдарламалары жарық көруі, атап айтсақ/«Қызықты математика» , «Құсбелгілік өнері», «Абай поэзиясы- тәрбие көзі» «Шешендік өнер» тақырыбындағы қолданбалы курс бағдарламасы/ , Ә.Ахметов атындағы орта мектептің «Бисердан әр түрлі бұйымдар жасау технологиясы» , «Абайтану» қосымша әдістемелік құрал ұйымдастырып баспаға ұсынуы , «Қазақтың интерпретациялық өлшем бірліктері» жинақтарға енді. Б.Бейсекбаев ат.о.м М.Достемесованың «Қазақ ою өрнегі» тақырыбында авторлық бағдарламасы облыс, аудан көлемінде таралды. Сонымен бірге Топар о.м. , Алтынсарин а.о.м. мұғалімдерінің авторлық бағдарламалары жинақталып басылып шықты.

Аудан мектептерінде эксперименттік - тәжірибе жүргізілуде. Республикалық ғылыми –эксперимент жұмысы 2010-2013 оқу жылына Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте «Халықаралық сапа стандарты контекстінде мектептің оқу–тәрбие процесін басқаруды педагогикалық құрастыру» тақырыбы бойынша /ғылыми жетекшісі п.ғ.к.,доцент Орақова Амангүл Шахарбекқызы/ ғылыми –эксперимент жұмысы жүргізілуде. Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институтының ғылыми жетекшілігімен «Мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық іс- әрекетін қалыптастыру –нәтижеге бағдарланған білім беру шарты» тақырыбы бойынша ауданымызда Д.Қонаев атындағы орта мектебі мен №1 Жамбыл атындағы орта мектебі ғылыми- эксперимент жұмыстары 2010-2013 жылдырына жоспарланып жүргізілді. Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институтының педагогикалық менеджмент кафедрасының меңгерушісі Майра Уалиқызының ұйымдастыруымен Д.Қонаевтың 100 жылдығына орай Д.Қонаев атындағы орта мектебінде облыстық семинар өткізілді. №1 Жамбыл атындағы орта мектепте «Мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық іс- әрекетін қалыптастыру –нәтижеге бағдарланған білім беру шарты» қорытынды аяқталу кезеңдік семинарына осы тақырыпта жүргіліп жатқан Алматы облысындағы аудандардан мұғалімдер қатысты.

Аудандық әдістемелік кабинеттің 2013 жылға арналған қызметі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 583 бұйрығымен бекітілген «Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру» Ережесіне, басқа да салаға қатысты заңнамалардың және ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы мен «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын», «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласын қамтамасыз етуге және әдістемелік бірлестіктердің оқу-әдістемелік жұмысын үйлестіруге, облыстық білім басқарманың 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын жүзеге асыруда алға қойған мақсаттар мен міндеттерді қамтамасыз етуге, 12 жылдық жалпы білім беруге көшуге дайындықты жалғастыруға және педагог кадрлардың кәсіби құзырлылығы арқылы білім сапасын арттыруға бағытталды. Қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндердің оқытылу барысында аудан мектептерінде қоғамдық-гуманитарлық бағытының бірлестік жетекшілері бұйрықпен бекітілген. Аудан бойынша бірлестіктерде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі –100, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі -54, тарих пәнінің мұғалімі –65 , неміс тілі пәнінің мұғалімі-4, ағылшын тілі пәнінен-48 мұғалім жұмыс жасайды. Педагогикалық технология –мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы.

Қазіргі кезде қоғамның әртүрлі саларында қарқынды түрде өзгеретін еңбек жағдайы күнделікті жұмыс технологиясының өзгеруіне әкеп соғады.Сондықтан да заман талабына сай, білімді, жан – жақты, сауатты азаматтар тәрбиелеу мақсатында мектептегі білім мазмұнын жетілдіріп, адамның ішкі жан дүниесін, рухани әлемін танып, дамытып жетілдіру мақсатында ізденістер жүріп жатыр. Оқушыларға қоғамдағы әлеуметтік экономикалық өзгерістерді түсіндіріп қана қоймай, оларды өмірге белсене араластырып, әлемдік өркениетпен сусындатуды көздеу мұғалімдердің мақсаттарының бірі.

Аудан бойынша шет тілі пәнінің мұғалімі -48, оның жоғары білімдісі- 43. 2 жоғарғы санатты мұғалім, 12 бірінші санатты мұғалім, 12 екінші санатты мұғалім, 22санатсыз мұғалім . Аудан бойынша ағылшын тілін оқыту жұмыстары, оның негізгі бағыттары мемлкеттік стандарт талаптарына сәйкес білім берудің сапасын арттыру жаңа технологияларды қолдану, олардың әдіс-тәсілдермен құралдарын тиімді пайдалану, ағылшын тілі мұғалімдерінің шығармашылығын дамыту, өз кезегінде жоспар кестеге сәйкес курстарға жіберілуді ұйымдастыру бойынша жүргізіледі. Сонымен қатар, педагог мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған семинарлар, конференциялар, педагогикалық оқулар, көрмелер, байқаулар ұйымдастырылып тұрады.

Шет тілін оқитын оқушылар саны 3791. 21 мектепте ағылшын тілі оқытылады. Оқушы саны-3748, қазақ сыныбында 3482, орыс сыныптарында-266 оқушы.

Аудан бойынша шет тілін оқытуда оқушылардың есте сақтау, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамыта отырып, тілді үйренуге, өзара қатынасқа және өзін-өзі бақылап баға беруге баулу, жаңа технологияны пайдалана отырып, жеке тұлғаны дамыту барысында мұғалімдер жұмыс жүргізуде. Н.Бозжанов ат. о.м. мұғалімі Арипбаева Гүльшат – «Ағылшын тілінің қазіргі таңдағы оқытылуы» тақырыбында баяндамасын оқыды; №1 Жамбыл ат. о.м. мұғалімі Азимбаева Арайлым – «Ағылшын тілі сабағында ойын технологиясын қолдану арқылы оқушылардың құзыреттілігін арттыру» тақырыбында іс-тәжірибесін таратты; Үлгілі о.м.мұғалімі Қартбаева Ғазиза озат тәжірибесін таратты; Жумадилова Каракоз – «Бастауыш сыныпта ағылшын тілінің оқылуы» тақырыбында баяндама оқыды; №1 Жамбыл атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі К.А.Молдакулова «Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды ағылшын тілі сабағында қолдану» тақырыбында баяндамасын оқып, аудан мұғалімдерімен іс-тәжірибе алысты.

Облыстық білім басқармасының 2012 жылғы 25 қазандағы №62-62/2327 хаты негізінде ауданнның 10 ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Сүлеймен Демирел атындағы университет базасында өткен дәстүрлі 11-ші «Шет тілдерін оқытудың заманауи әдістері атты» облыстық семинарға қатысты. Семинарға қатысқан мұғалімдер сертификаттар алды. Атап айтар болсақ, семинарға Б.Бейсекбаев атындағы орта мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ақмолдаева Динара, Береке орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Альпиянов Ласкер, Бірлік орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Нұсқабаева Сандуғаш, Н.Бозжанов атындағы орта мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Арипбаева Гулшат, Қарағаш орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Елубай Нұрсауле, Топар орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Арыстанбекова Меруерт, Үлгілі орта мектебінің ағыншын тілі пәнінің мұғалімі Дүйсенбекова Рауан, Бақанас мектеп-интернатының ағылшын тілі пәні мұғалімі Қосымова Базаркүл, Жиделі орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Рахметова Айгерім қатысты.

Шет тілі сабағында Актив-Студио бағдарламасын пайдалану мүмкіндігін арттыру мақсатында Бірлік орта мектебінде «Шет тілі сабағында Актив-Студио бағдарламасын пайдалану мүмкіндігі» тақырыбында аудандық пән мұғалімдеріне арналған семинар – практикум өтті. Семинарда №1 Жамбыл атындағы орта мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Әзімбаева Арайлым 5-сыныпта «Менің үйім» тақырыбында, Бақанас орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Қасенова Айнұр 3 айлық, деңгейлік курс бойынша «Қай бөлмені ұнатасың» тақырыбында 5-сыныпта үлгілі сабақ өткізсе, «Ағылшын тілі сабағында Актив-Студио бағдарламасын пайдалану мүмкіндігі» Бірлік орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Шинасылова Клара мен Үлгілі орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Дүйсенбекова Рауан «Шетел тілін оқыту үрдісінде жаңа технологияларды қолданудың маңызы» тақырыбында баяндама оқып, өздерінің іс-тәжірибелерімен таныстырды.

Аудан бойынша біліктілікті арттыру мақсатында 3 айлық, деңгейлік курстан өткен үш мұғаліміміз бар, атап айтқанда Береке орта мектебінің мұғалімі Альпиянов Ласкер, Бақанас орта мектебінің мұғалімі Касенова Айнұр ІІ деңгейге, ал Ә.Ахметов атындағы орта мектебінің мұғалімі Тынымбекова Мәншүк І деңгей бойынша білімдерін арттыру курстарынан өтіп, 2013 жылғы аудандық педагог қызметкерлерінің аудандық тамыз кеңесінде деңгейлік курстың ерекшеліктерімен таныстырып өтті.

Кабинеттер талапқа сай безендіріліп, мұғалімдердің күнтізбелік жоспарлары отырыстарда қаралып, жаңа оқу жылына жұмыс жоспары жасалынып бекітілді.

Дарынды оқушылармен жұмыс істеу және әр тоқсан сайын барлық сыныптарда өтілген материалдар негізінде тест жұмыстары, бақылау диктанттары, оқу жылдамдықтары алынып отыру жоспарланды. Аудан бойынша «British Bulldog» сайысына 5-10 сыныптардан барлығы 125 оқушы қатысып сертификат алды. Облыстық пән олимпиадасынан Үлгілі о.м. 11 сынып оқушысы Әлім Н. ІІІ орын, Ә.Ахметов атындағы о.м. 10 сынып оқушысы Айбын Бинұр ІІІ орын иеленді.

Аудан бойынша алдыңғы оқу-жылының қорытындысы бойынша ағылышн тілі бойынша білім сапасы төмендегідей:

5 сынып –60 пайыз; 6 сынып-42 пайыз, 7 сынып-58 пайыз; 8 сынып-45 пайыз, 9сынып-43 пайыз; 10 сынып-42пайыз; 11 сынып-60 пайыз. Жалпы аудан бойынша – 51 пайыз.

Оқушылар арасында өтілген оқулардың қорытындысы:

Білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ену, түрлі тәжірибелерден өткен білім саласының тиімді технологияларын оқу – тәрбие үрдісіне енгізу, мұғалім кадрлардың біліктілігін арттыру - бүгінгі заманның басты талабы. Бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруды мақсат тұтқан білім қызметкерлерінің негізгі міндеті - оқушыларды білім бәйгелерінде, білім сынақтарындағы бәсекеге бейімдеу. 2013 жылдың 8 - 9 қаңтар күндері Талдықорған қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиада өтті. Олимпиадаға аудан бойынша 17 оқушы қатысып, 4 оқушы ІІ орын, 7 оқушы ІІІ орындарды иеленіп, барлығы 11 оқушы жүлделі орындарға ие болды. ІІ орынға ие болған Н.Бозжанов атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Ульченко Анастасия орыс сыныбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиадада Алғыс хатпен марапатталды.

Аудан мектептерінде білім алып жатқан жас ұрпақты «Хантәңірінің қыраны» атанған ақиық ақын М.Мақатаев, «қазақ поэзиясының пайғамбары» атанған Абай мен Шәкәрім, «поэзияның Құлагері атанған» Ілияс шығармаларына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, поэзия әлеміне құштарлығын арттыру, өлең сөздің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету және жас ақындардың бойларындағы табиғи дарынын дамыту мақсатында өткізілген облыстық байқауларда, атап айтқанда «Махамбет» оқуларында Көкжиде орта мектебінің 10-сынып оқушысы Мұхит Гаухар ІІ орынға, Б.Бейсекбаев атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Санатбек Ақбота жүлделі ІІІ орынға ие болды. Сондай-ақ С.Иманасов оқуларында Бірлік орта мектебінің 7-сынып оқушысы Ақын Жандәулет ІІІ орынды иеленді. .

«КАТЕҮ» қоғамдық қорының бұйрығымен бекітілген «Жарқын болашақ» 5-республикалық олимпиадасының облыстық кезеңінде де Үлгілі орта мектебінің 8-сынып оқушысы Бейбіт Ердуман жүлделі ІІ орынды иеленді.

Аудан мұғалімдері жекелеген оқушылардың бойындағы ішкі қабілеттерін арттыру дамыту мақсатында аянбай еңбек етуде. Атап айтқанда «Бірлік» орта мектебінің музыка пәні мұғалімі Халидолла Жанботаның шәкірті, 11-сынып оқушысы Талғат Айжан халықаралық «Ғұмыр-дария» байқауында І орынды иеленсе, Б.Бейсекбаев атындағы о.м. 4-сынып оқушысы Рахмет Эленора IV республикалық, V халықаралық байқауында ІІ орынға ие болса, оған дейін республикалық ән-би телевизиялық байқауының «Эстрадалық вокал» номинациясының лауреаты атағын да иеленген. Сондай-ақ, осы мектептің қазақ радиосы ұйымдастырған ІІ республикалық «Тай-жарыс» радиофестивалінде ІІ орын иеленген 5-сынып оқушысы Әбдіхалық Ерлан, 6-сынып оқушысы Алмас Күнбота (мұғалімі Алсаева Эльвира) т.б. дарынды оқушыларымыз өнер әлемінде ауданның даңқын бір аспандатты.Талдықорған қаласында өткен «Дарын» ғылыми жоба жарысына аудан бойынша 6 ғылыми жұмыс ұсынылды. Нәтижесінде 1 жұмыс ІІ орынға, 1 жұмыс ІІІ орынға ие болды. Астана қаласында өткен «Дарын жұлдыздары» танымдық ауысымына «Дарын» ғылыми жобасынан жүлделерге ие болған 10 оқушымыз қатысып қайтты. «Дарын жұлдыздары» ұйымдастырған түрлі инттеллектуалдық шараларда Балқаш ауданынан қатысқан оқушылар тағы да жоғары белсенділік танытты. Атап айтқанда, «Астана-алтын бесігім» тақырыбындағы шығармалар байқауында «Көкжиде» орта мектебінің 10-сынып оқушысы Г.Мұхит І орынға ие болса, өзге шараларда 5 оқушы түрлі сертификаттар алды.

Ұлттық бірыңғай тестілеу – орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім беретін білім беру ұйымдарына түсу емтихандарымен біріктірілетін, жалпы орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау нысандарының бірі. Осы мақсатта «ҰБТ-ге дайындаудың тиімді жолдары» тақырыптарында Береке о.м. орта мектеп базасында Қазақстан тарихы, Көкжиде орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған семинар-практикум өткізілді.

Балқаш ауданы бойынша 2012, 2013жылдарындағы ҰБТ-ң пәндер бойынша салыстырмалы мәліметі





Пән атауы

02.06.2012 жыл

04.06.2013 жыл

 

 

Қатысқаны

Үлгерім %

Сапа %

Қатысқаны

Үлгерім %

Сапа %

1

Қазақ тілі (қаз.т.)

386

98,9

54,4

268

99

61,6

2

Қазақ тілі (ор.т.)

45

100,0

86,7

25

92

72

3

Орыс тілі (қаз.т.)

386

97,4

50,3

268

96,3

43,3

4

Орыс тілі (ор.т.)

45

97,8

42,2

25

100

44

5

Қазақ әдебиеті

27

100,0

66,7

15

100

100

6

Шет тілі

10

100,0

90,0

7

100

57,1

7

Қазақстан тарихы

431

98,4

47,1

293

99,3

70,4

8

Дүниежүзі тарихы

34

97,1

58,8

16

100

56,3




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет