Келісемін.
Балқаш аудандық білім бөлімінің басшысы ________ Н.Нурпеисова
«__» қаңтар 2014ж
«0 5» января 2010г
АОМКДИ институтының директоры_______ К.Жәйшібекова
Бекітемін.
Алматы облыстық әдістемелік
кабинет меңгерушісі _____________А.Қабдұлова
«__» қаңтар 2014ж
АОМКДИ институтының директоры_______ К.Жәйшібекова
Балқаш аудандық әдістемелік кабинет жұмысының 2014 жылға
арналған жұмыс жоспары
Бақанас ауылы, 2014 жыл
Аудандық әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарының құрылымы
Балқаш аудандық әдістемелік кабинетінің 2013 жылға арналған жылдық жоспары негізінде атқарылған жұмыстарының талдауы
Алдағы мақсат, міндеттері
Әдістемелік кабинет Кеңесіне қаралатын мәселелер
Ұйымдастырушылық – әдістемелік шаралар
Жалпы педагогикалық өзекті мәселелер бойынша аудандық іс-шаралар
Пәндердің оқытылу жағдайын зерделеу бойынша ұйымдастырылатын әдістемелік көмектер, әдістемелік күндер
Педагогтардың кәсіби байқаулары
Жас мамандармен жұмыс
Педагог мамандардың білімін жетілдіру
Озат педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату
Оқушылармен өткізілетін іс-шаралар
Дарынды балалармен жұмыс
БАЛҚАШ АУДАНДЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТІНІҢ 2013 ЖЫЛҒЫ ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАР НЕГІЗІНДЕ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАЛДАУЫ
Балқаш аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинеті аудан мектептерінің және мұғалімдерінің ғылыми - әдістемелік орталығы болып табылады. Білім беру саласын реформалау, ұлттық білім беру моделін қалыптастыру мұғалімнің кәсіби құзіреттілігіне негізделеді. Аудандық әдістемелік кабинет 2013 жылы «Нәтижеге бағдарланған құзіретті білім беру жағдайында әдістемелік жұмыстарды тиімді ұйымдастыру» атты проблемалық тақырыпты басшылыққа алды. Осы проблеманы жүзеге асыруда «Әдістемелік жұмысты тиімді ұйымдастыра отырып, мұғалімдердің кәсіби құзырлық және педагогикалық шеберлік деңгейлерін үздіксіз жетілдіру» атты мақсатпен алға қойып жұмыс жүргізді.
Педагог мамандардың оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі тиімді әдістерді игеруі, шығармашылықпен еңбек ету ұмытылыстарын арттыру мақсатында жұмыс істеу аймақтары- ұстаздардың кәсіби деңгейінің өсуі, білімін жетілдіру, АҚ «Өрлеу« АОПҚБАИ, АҚ «Өрлеу ББЖКБАРИ институттарымен байланыс, пән бірлестіктерімен жұмыс, жас ұстаздар мектебі, озат тәжірибе мектебі, шығармашылық топ, дарынды оқушылармен жұмыс, әдістемелік қызмет, инновациялық білім және ақпараттық технологиялар, ЖОО байланыс болып табылады.
Осы бағыттағы жұмыстарды іске асыру үшін бүгінде мектепке жоғары деңгейдегі маман, мемлекет сұранысын қанағаттандыратын, тәуелсіз Қазақстанның азаматын тәрбиелейтін мұғалім ғана емес, мемлекеттегі болып жатқан өзгерістерге сәйкес, жаңаша ойлайтын, инновациялық даярлығы қалыптасқан құзіретті мұғалім қажет.
Әдістемелік кабинетте кабинеттің аға әдіскері және 5 әдіскер жұмыс істейді. Олардың барлығы да жоғары білімді.
Ауданымыздағы 889 педагогтың 760-ы жоғары білімді, аяқталмаған жоғары білімді мұғалімдер саны – 24, арнайы орта білімді мұғалімдер саны – 96. Біліктілігі жоғары санаттағы мамандар 83, бірінші санаттағы – 295, екінші санаттағы - 246.
2012 жылы жоғарғы оқу орындарын бітірген 32 жас маманды жұмысқа қабылдадық. 2013 жылы 21 жас маман келді. Келешектің бастамасы киелі шаңырақ –мектепте. Ондағы балаға берілетін білім үлкен ізденісті талап етеді. Яғни ұстаз- үнемі үздіксіз «ізденуші». Бұл сөз жоқ мұғалімдерге бұрынғыдан да зор жауапкершілікті, заман ағымына бейімділікті талап етеді.
Әрбір күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде заман көшінен қалып қоймай уақыт талабына сай ертеңгі болашақ – жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапершілікті жүктейді. Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді, өз білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Өйткені еліміздің ертеңі- бүгінігі жас ұрпақтың қолында. Ал ұрпақтың білімді, саналы болуы ұстаздарға байланысты екені даусыз. Осы талапты орындау мақсатында мұғалімдердің білімін жетілдірудің жоспары жасалып, пән мұғалімдері уақытында арнайы облыстық мамандар кәсібін дамыту институтына барып өз білімдерін жетілдіріп қайтты. АОПҚБАИ – нан қысқа мерзімді білім жетілдіру курсында аудан мектептерінен осы кезге дейін 202 мұғалім білім жетілдірді. «Назарбаев зияткерлік мектептерінен» Кембридж бағдарламасы бойынша 3 айлық курстан 2012 жылы 22 мұғалім қосымша даярлау курсынан өтсе, 2013 жылы 34 мұғалім – екі жылда барлығы 56 мұғалім қосымша даярлықтан өтті. Алдағы жылы Кембридждік білім беру бағдарламасы бойынша 37 мұғалім қайта даярлықтан өтеді деп жоспарлануда.
Сонымен бірге өткен жылғы мектеп түлектерінің облыс бойынша ең төмен балл жинап, аудан көрсеткіші соңғы орын көрсеткені белгілі. Алдағы оқу жылы осы көрсеткіштен көтерілу, жіберген кемшіліктер мен олқылықтарды жолға қою мақсатында ҰБТ сынағындағы міндетті пәндер қазақ тілі, Қазақстан тарихы, орыс тілі және математика пәндері бойынша мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында арнайы көшпелі курс ұйымдастырылды. Оған аудан мектептерінен 98 мұғалім қатысып сертификат алды. 2012-2013 оқу жылдың қараша айында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ,үйірме жетекшілері, еңбек пәні және ақпараттық технология бойынша аудан мұғалімдеріне АОПҚБАИ-нан көшпелі курс шақыртып, білімдерін жетілдірді.Осы аталған үш пәннен 100-ден аса мұғалім курсқа қатысты.
Сонымен қатар, шығармашыл ұстаздардың біліктілігін арттыру, оларды өз кәсібіне ынталандыруға бағытталған үш айлық курстарға аудан бойынша 11 мұғалім қатысып, олардың 8-і арнайы сертификатқа ие болды. Аталған жылдың 10қыркүйек 25 қараша аралығында аудан бойынша 10 мұғалім АОПҚБАИ-нан үш айлық білім жетілдіру курсына қатысты. Қатысқан барлық мұғалімдер арнайы тестілеуде жақсы нәтиже көрсетіп, сыннан сүрінбей өтті.Алдағы уақытта да аудан мұғалімдері жоспар бойынша кәсіби білімін арттыру курстарына қатысады.
Ұлтты ұлт етіп, оны әлемдік деңгейгі көтеретін – дарынды да талапты ұрпақ. Сондықтан әрбір ұстаз алдындағы міндет-өзі оқытатын пәнінен көкірегінде сәулесі бар, талапты шәкіртті тани біліп, оқушы дарынын ашып, оны дамыта білу. Адамзат баласының үшінші мыңжылдықта дамуындағы білім беру ісі мен тәрбие үрдісі күрт жаңа арнаға бет бұрғаны баршамызға аян. Оның үстіне дербес ел болып, жаңа қоғамдық – экономикалық формацияға көшкен Қазақстан Республикасындағы педагогика жүйесі ерекше ізденіске, өзгеше құрылымға құрылуы асқан қажеттіліктен туындап отыр. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев оқыту жүйесін білім берудің әлемдік стандарты деңгейіне көтеру, 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жолындағы балабақшалардың рөлін айқындау мәселесіне баса назар аударып отыр.
Балқаш ауданында 6 балабақша жұмыс істейді. Онда 810 бүлдіршін тәрбиеленуде. Сонымен бірге 14 мектептің жанынан ашылған шағын орталықта 508 бүлдіршін тәрбиеленуде. Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеуде 171 педагог жұмыс жасады. Оның ішінде 33 мұғалім мектепалды даярлық сыныбында, 50 мұғалім шағын орталықта қызмет атқаруда.
Аудан бойынша 0 және 7 жас аралығында 4776 бүлдіршін бар. Оның ішінде 1 жастағылар - 509 (оның ішінде балабақшада - 0) , 2 жастағылар - , 454 (оның ішінде балабақшада - 0) 3 жастағылар – 596 (оның ішінде балабақшада – 218, шағын орталықта - 144), 4 жастағылар – 662 (оның ішінде балабақшада –225, шағын орталықта - 198) 5 жастағылар -657, (оның ішінде балабақшада – 214, шағын орталықта -74, МАД-та 314, бастауыш сыныпта- 17) 6 жастағылар - 556, (оның ішінде балабақшада – 30, шағын орталықта -0, МАД-198, бастауыш сыныпта- 325) , 7 жастағылар - 643, оның ішінде мектеп алды даярлық сыныбында - 0, бастауыш сыныпта – 643 оқушы оқиды. Биылғы 0 жастағы балалардың саны өткен жылғы балалардан 12 балаға артық. Жалпы балалар саны өткен жылғы балалардан 27 балаға артық.
Өткен жылы аудан көлемінде балабақшаларға қосымша компьютерлер алынған жоқ. Биылғы жылы 12 компьютер алу жоспарлануда.
Балқаш ауданында аталған балабақшалардың ішінде «Балапан» бағдарламасы бойынша 4 балабақша ашылған: Ақдала ауылындағы «Балауса» балабақшасында 120 бүлдіршін тәрбиеленуде, Қарағаш ауылындағы «Балдәурен» балабақшасында 80 бүлдіршін, Қарой ауылындағы «Бөбек» балабақшасында 80 бүлдіршін, «Бірлік» ауылындағы «Толғанай» балабақшасында 140 бүлдіршін – барлығы 420 бүлдіршін тәрбиеленуде. Сонымен бірге «Береке орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесіндегі шағын орталықта 50 бүлдіршін, «Көкжиде орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесіндегі шағын орталықта 25 бүлдіршін, «Топар орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесіндегі шағын орталықта 50 бүлдіршін, «Үшжарма орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесіндегі шағын орталықта 25 бүлдіршін, «Аралтөбе орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесіндегі шағын орталықта 23 бүлдіршін, «Н.Бозжанов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесіндегі шағын орталықта 50 бүлдіршін - барлығы 6 мектеп жанынан ұйымдастырылған шағын орталықтарда 223 бүлдіршін тәрбиеленуде.
Аудандағы балабақшалар жоспарларын жасауда 2013 жылдың 1 қыркүйегінен қолданысқа енгізілген ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы №557 Бұйрығы ҚР-ның Әділет министрлігінде 2013 жылғы 17 қаңтардағы №8275 санды тізбеде тіркелген құжат - Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім берудің үлгілік жоспарын басшылыққа алуда. Барлық шаралар «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 6-тармақшасына сәйкес және Қазақстан Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысымен бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын бойынша іске асырылуда. Аталған құжаттың 1-қосымшасында 1 жастан 5 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға арналған үлгі жоспар қамтылса, 2-қосымшасында 5-6 жастағы балаларды мектепалды даярлау сыныптары мен топтарына арналған үлгілік жоспар желісінде жасалған. Балабақша қызметкерлері бұйрық негізінде берілген үлгі жоспарда бұрынғы жүйе негізінен ауытқымай, «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық» және «Әлеуметтік орта» сынды білім беру салалары қамтылған. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің аясынан тыс мектепке дейінгі мекемелердің тақырыптық бағыты бойынша жұмыс, эксперимент жұмысы, тәрбиеші-педагогтардың шығармашылық жұмыстары, дарынды балалармен жұмыс, ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінен тыс балалардың қызығушылығы бойынша жұмыс және шетел тілдерін үйретуге қадам жасау қамтылған. Өткен жылы осы бағытта жоспарланған барлық шаралар талапқа сай жүзеге асырылды.
Жас ұрпаққа тағылымды тәрбие беру, эстетикалық талғамын қалыптастыру мақсатында барлық балабақшалар мен шағын орталықтарда «Алтын күз», «Кел, Жаңа Жыл», «Қыс қызықтары», «Әнім сенсің, туған ел» т.б. тақырыптарында ертеңгіліктер өткізілді. Тәрбие жолдарын ізгілендіру, бала бойындағы танымдық қабілеттерін дамыту мақсатында «Балауса» және «Жасұлан» балабақшаларында Монтессорий технологиясы бойынша жұмыстар мен шаралар ұйымдастырылды. Аудандағы өзге балабақшаларда Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы бойынша шаралар өткізілді. Жыл бойы мектепке дейінгі білім мекемелеріндегі және шағын орталықтарда жұмыс істейтін 22 тәрбиеші білім жетілдіру курсынан өтті. Барлық курстан өткен тәрбиешілер біліктілікті арттыру курсынан келген бетте тәрбие технологиясын ізгілендіру мақсатында түрлі шаралар өткізді. Теориялық білімін практикада қолдану жолдары туралы әдістемелік алмасу шаралары жүзеге асырылды. Ауданның барлық мектепке дейінгі және білім мекемелерінде тәрбиешілердің кәсіби біліктілігін арттырудың перспективалық жоспары жасалған. Алдағы жылы курстан өтетін тәрбиешілер бойынша сұраныстар жинақталды.
Қазіргі педагогикалық зерттеулер жаңартылған әдістемелік жүйенің тәрбие үрдісінде де іске асуы үшін тәрбие саласын да технологияландыруды басты міндет ретінде жүктеді. «Баланың бас ұстазы атанған» ата-аналармен, қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, бірлескен түрлі шаралар өткізілуде. Түрлі бағыттарда сауалнамалар алынып, интерпретациялар жасалып, ұсыныстар сараланып жүзеге асырылуда. Балабақшалар, мектепке дейінгі мекемелердің ата-аналармен байланысын жетілдіру мақсатында кері байланыстар алынып, ұсыныстары талданып, сараланып, ең тиімді қажеттіліктер жоспарланып, жүзеге асырылуда.
«Білім мен тәрбие қашан да егіз» екендігі - білімді ұрпаққа саналы тәрбие беру жағын да терең ойластырған балабақша қызметкерлерінің басты қызметі. Аудан балабақшаларында жүргізілген тәрбие жұмыстары Қазақстан Республикасының ұлт тәрбиесінің ұлағатымен ұштастырылған кешенді бағдарламасына сәйкес жүргізілді. Аудан балабақшаларында үнемі жасөспірімдердің бойына елжандылық, патриотизм рухын қалыптастыру мақсатында «Егемендікті насихаттау – Отанды сүюге тәрбиелеу негізі» айдарымен насихаттау жұмыстары (әңгіме, түрлі көрмелер, бейнебаяндар т.б.) жүргізілуде. Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру мақсатында «Сіз қандай ата-анасыз?» тақырыбында ата-аналар арасында сауалнама жүргізіліп, қорытынды шығарып, талдау жасалынды. Ата-аналармен бірлесе отырып, «Атам, анам және мен, бір жүреміз спортпен», «Аталар жолы бізге үлгі» танымдық, спорттық шаралары өткізілді.
«Қоғам байлығы – адам, адам байлығы - дені сау ұрпақ» деген қағида үнемі назарымызда. Осы бағытта түрлі медициналық шаралар өткізумен бірге тәрбиеленушілеріміздің спорт саласына бейімдеу шаралары жүзеге асырылуда. Балабақша және мектеп жанындағы спорт алаңдары жас ұрпақты спортқа бейімдеуде, салауатты өмірге бейімдеуде тиімді пайдалануда.
ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан қабылданған нормативті құжаттарды басшылыққа ала отырып, «Балауса» және «Бөбек» балабақшаларындағы мектепке дейінгі білім беру стандартын іске асыру барысындағы оқу-тәрбие үрдісін ілеспелеу туралы 2014 жылға арналған әдістемелік жұмыстар жоспарларын жасау және жүзеге асыру жолдары зерттелді. Аталған мекемелердегі жоспарлау мен жүргізілген жұмыстар жан-жақты сараланып, 2013 жылы 19 желтоқсан күні өткізілген аудандық әдістемелік кабинеттің №5 кеңесінде талқыланып, аталған мекемелеріне тиісті нұсқаулар мен тапсырмалар берілді.
Балқаш ауданындағы балабақшалар мен шағын орталықтар жұмысын жандандыру мақсатында арнайы әдістемелік көмек көрсету күндері жоспарланып, жоспарланған барлық шаралар талапқа сай атқарылды. Наурыз айында «Балдәурен» балабақшасына «Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту жолдары» тақырыбында, мамыр айында «Бөбек» балабақшасында «Тәрбиеленушілердің ойлау және сөйлеу қабілеттерін жетілдіру жолдары», қазан-желтоқсан айларында «Бала тәрбиесін жетілдірудегі жоспарлаудың ролі» тақырыптарында зерттеу жұмыстары жүргізіліп, әдістемелік көмек көрсетілді. Аталған бағыттарда жасалған жұмыстар нәтижелері қайта талданып, талқыланды. Қосымша ұсыныстар берілді.
Жоғарыда аталған нормативті құжаттарды басшылыққа ала отырып, «Балауса», «Жасұлан», «Бөбек» және «Арман» балабақшаларындағы мектепке дейінгі білім беру стандартын іске асыру барысындағы оқу-тәрбие үрдісін ілеспелеу туралы 2014 жылға арналған әдістемелік жұмыстар жоспарларын жасау жолдарына жүргізілген зерттеулерде кемшіліктер байқалған, оған төмендегідей бағыттарда әдістемелік көмектер берілді.
«Арман» балабақшасында І санатты 4, ІІ санатты 2 тәрбиеші, санатсыз 15 тәрбиеші жұмыс істейді. Оқу өндірістік жоспарында балабақша тәрбиешілерінің өткен оқу жылында республика, облыс, аудан көлемінде жарияланған іс-тәжірибелері туралы мәлімет берілген. Аудан балабақшалары арасында өткізілген семинарларға қатысқан тәрбиешілер жайлы мәлімет берілген. Сонымен бірге байқауларға қатысқан, марапатталған тәрбиешілер туралы мағлұмат бар. Білім саласындағы 5 бағыт бойынша жүргізілген жұмыс қорытындысы мониторинг бойынша берілген. Жас мамандармен жұмыс, педагогтарды аттестаттау, оқу-тәрбие жұмысына басшылық жасау, бақылау және сол ауылдағы №1 Жамбыл атындағы орта мектеппен байланыс жоспары жасалған. Ата-аналармен жұмыс түрлері қамтылған. Балабақша тәрбиешілерінің сапалық құрамы туралы мониторинг жасалған. Курстан өткен тәрбиешілер көрсетілген. Бірақ тәрбиешілердің кәсіби біліктілігін арттырудың даму жоспары қамтылмаған. Балабақшаның оқу-тәрбие жоспарында басшылық арасындағы функционалдық міндеттер белгіленбеген. 2012-2013 оқу жылына арналған талдау мәтіндік жүйеде жазылмаған. Жоспарда Чиксентмихаймның «Мұғалімдер үні» теориясы негізінде жүзеге асырылатын шаралар қамтылмаған. Сауалнамаларға психолог тарапынан интерпретация жасалмаған. Басшылыққа ұсыныстар туралы ақпараттар берілмеген. Бұл көріністер жоспарда шынайылықтың өз дәрежесінде болмағандығын байқатады. Оқу жылында атқарылатын мамыр айына дейінгі айлық, апталық жоспарлар тігіліп қойылған. Апталық жоспарлар қосымша берілген тапсырмаларды қамти отырып жасалатыны ойластырылмаған. Бұндай жағдайда оқыту жүйесіндегі прагматикалық, стратегиялық бөліністер негізінде түрлі қосымша шараларды жүзеге асыру қамтылмайтыны анық.
«Балауса» балабақшасында жасалған жоспарда «Мамандар туралы сипаттама» жасалған. Сапалық мәліметтер берілген. Қолданылатын оқу құралдарының тізбелері көрсетілген. Балалардың құзыреттілік индикаторы мен бағалар экраны қамтылған, мониторинг жүргізілген. Жоспардың ІІ бөлімінде пән мұғалімдерінің талдаулары көрініс тапқан. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының орындалу барысы талданған. БҒМ-ның соңғы бұйрығында көрсетілген 5 бағыт бойынша жүргізілген жұмыстар сараланған. Мектеп жасына дейінгі ауызша сөйлеуге қабілетті көптілді тұлға тәрбиелеудің алғашқы қадамдарында жүзеге асырылар шаралар талқыланған. Тәрбие жұмыстары талданған. Жалпы жұмыстарды зерделей келе төмендегідей бағыттарды жүзеге асыру қамтылмағаны байқалды. Аталған жоспарда өткен жылғы атқарылған шаралар жан-жақты талданбаған. «Жоспарланған шаралардың ішінде қайсысы жүзеге асырылмады немесе талапқа сай толық жүзеге асырылмады» деген мәселе талдауда көрініс таппаған. Балабақша өнімін қабылдаушы Ақдала орта мектебімен сабақтасқан жұмыстар шынайы емес. SMART талабына орай қолжетімділік, шынайылық көрініс таппаған. Өзге мекемелермен желілік байланыс жоспары болмады. Мектеп психологымен бірлескен жұмыстар жоқ. Ата-аналар, тәрбиешілермен кері байланыстар орнатылмаған. Психологтың алған сауалнамалары, интерпретациялары, соның желісінде мекеме басшыларына берілген ұсыныстар болмады. Жоспарлауда бұл мәселелер мүлдем қамтылмаған.
Аталған бағыттағы шараларды жоспарлаудың «Жасұлан» балабақшасындағы жүзеге асырылу деңгейі төмендегідей көрініс тапты. Аталған балабақшада жоғарыдағы жүзеге асырылған шаралар толықтай қамтылған. Өткен оқу жылына талдау мәтіндік сипатта жазылған. Мониторингтер жасалған. Өзге мектептермен байланыс жобасы жасалған. Дегенмен жоғарыда аталған балабақшалардағы кемшіліктер бұл балабақшада да көрініс тапты. Талай шаралар жоспарланған, жүзеге асырылған. Бірақ дәлелдеме жоқ және дәлелдемелер негізінде жоспарланған шаралар қамтылмаған. «Жасұлан» балабақшасы аудан орталығындағы Бақанас орта мектебі мен Б.Бейсекбаев атындағы мектептермен сабақтасқан байланыс орнату керек. Аталған мектептерден алынған кері байланыс жұмысты жандандырудың басты кепілі. Әдіскер мен психолог арасында алынған барлық талдауларға интерпретация бойынша бірлескен шаралар жоспарлау туралы кеңес берілді. Аудан бойынша 3 балабақшадағы жоспарлау бағытындағы жұмыстарды зерттей келе, төмендегі бағытта ұсыныстарды жүзеге асыру міндеттелді. Желтоқсан айының соңындағы аралық зерттеуде жекелеген кемшіліктер жолға қойыла бастағаны байқалды.
Алдағы мерзімде жасалатын жоспарларға тәрбиешілердің, ата-аналардың ұсыныстарын енгізу, білім берудің демократиялық сипатын арттыруда аясы кең тақырыптарда конференция немесе дөңгелек столдар өткізу жолдарын қамту, барлық балабақшаларда перспективалық жоспарлар қамтылмақ. Аталған бағыттар бойынша шаралар жоспарланып, жүзеге асырылады. Барлық балабақшаларға жасалған даму жоспарларында да жоғарыдағы айтылған ұсыныстардың ескерілуі міндеттелген. Ата-аналармен байланысты жетілдіру, ұжым мүшелері арасында психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында психологтар жұмысына қосымша шаралар белгіленген. Әдістемелік кабинеттің жұмыс циклограммасына сәйкес жүргізілетін әдістемелік көмектерде аталған бағыттарда арнайы шаралар қамтылмақ. Сонымен бірге бастауыш сыныптардағы мұғалімдермен кәсіби қауымдастық құру арқылы байланыс орнатылатын болады.
Өткен жылы әдістемелік кабинеттің жоспары бойынша мұғалімдердің біліктілігін қалыптастыру, шығармашылығын насихаттау мақсатында өткізілген «Үздік бастауыш сынып мұғалімі -2013» аудандық байқауының бас жүлде иегері Ә.Ахметов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жазира Сырманақова облыстық байқауда ІІІ орынға ие болды. Сондай-ақ, «Үздік балабақша әдіскері» байқауында бас жүлдеге ие болған Бақбақты ауылындағы «Арман» балабақшасының әдіскері Г.Эрданаева облыстық кезеңде Алғыс хатпен марапатталды. «Үздік тәрбиеші-2013» ауданында бас жүлде алған «Жасұлан» балабақшасының тәрбиешісі Тастандинова Римма облыстық байқауда Алғыс хатпен марапатталды.
Ұлтты ұлт етіп, оны әлемдік деңгейге көтеретін – дарынды да талапты ұрпақ. Сондықтан әрбір ұстаз алдындағы міндет-өзі оқытатын пәнінен көкірегінде сәулесі бар, талапты шәкіртті тани біліп, оқушы дарынын ашып, оны дамыта білу.
Дарындылықты анықтау ол – олимпиадалар, оқушылардың ғылыми жарыстары, конференциялар, байқаулар өткізу арқылы анықталады.
Өткен оқу жылында бойында қабілеті, белгілі бір пәнге дарыны бар балалармен жүйелі түрде ұйымдастырылған шаралар талапқа сай жүзеге асырылды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 26 қарашадағы №469 бұйрығы мен облыстық білім басқармасының бекітілген жоспарына сәйкес (323-ө бұйрық) 2014 жылығы 7-10 қаңтар аралығында өткен облыстық пән олимпиадасына аудан мектептерінен 16 оқушы қатысып, 12 жүлделі орынды иеленіп, 4 алғыс хатпен марапатталды.
Олимпиадаға Бақанас, Б.Бейсекбаев, Ы.Алтынсарин, Ақдала, Аралтөбе, Н.Бозжанов, №1 Жамбыл, Бірлік, Береке, Ә.Ахметов, Ж.Бәрібаев, Ақдала орта мектептерінен қатысқан оқушылар өз біліктіліктерін көрсетіп аудан намысын қорғай білді. 16 оқушының 12-сі жүлделі орындарды иеленіп қайтты.
Еліміз егемендік алып, білім беру саласында көптеген өзгерістер мен жаңалықтар болып жатқан тұста, Елбасының өзі білім саласына бәсекеге қабілетті тұлға дайындау талабын қойып отырған кезеңде аудан мұғалімдерінің осындай жетістіктерімен қатар кемшін соғып жатқан тұстары да бар екенін айта кету керек.
Мысалы аудандағы 21 мектептің 11-і ғана облыстық пән олимпиадасына қатысты. Қалған мектептердің әлі де болса заман талабына ілесе алмай жатқаны байқалады.
Оқушылардың білімі мен біліктілігі республикалық интеллектуалдық жарыстарда соңғы жылдары көп байқалып жүр. Биылғы қазан айындағы «Ақбота» интеллектуалдық марафонына аудан бойынша 457 оқушы қатысты. Басқа да интеллектуалды ойын төмендегідей:
№
|
школа
|
интеллектуальный марафон "Акбота"
|
международный конкурс "Русский медвежонок"
|
международный конкурс "Британский бульдог"
|
интеллектуальная игра "Кенгуру-математика для всех"
|
интеллектуальная игра "Кенгуру-лингвист"
|
количество участников
|
количество призеров
|
количество участников
|
количество призеров
|
количество участников
|
количество призеров
|
количество участников
|
количество призеров
|
количество участников
|
количество призеров
|
|
|
398
|
57
|
199
|
15
|
98
|
8
|
297
|
30
|
122
|
10
|
Достарыңызбен бөлісу: |