89 грамматикасын танытатын және қазақ тілін пән ретінде оқыту әдістерін
баяндайтын тұңғыш оқулықтардың т.б.құ- ралдардың, ғылыми еңбектер мен
монографияларды иесі болған ұлы ғалым,өз уақытында: «Қазақтарда
балаларды оқытатын (программа), мини кітаптар (оқулықтар) жоқ»,–дей келіп,
оларды жазу қажетті- ліктерін және соған арнаулы педагогтық білімі бар
мамандарды даярлау керектігін және «Білімнің бар құралы – кітап» деп,
білім конкурсын жариялау арқылы оқу-ағарту ісіне ат салысуға болатынын
айтады.
1921-1922 жылдары Қазақ халыққа білім беру институтында ұстаздық
етіп, 1922-1925 жылдары ХАК ғылым комиссиясын басқарып, Ташкенттегі
Қазақ педагогика институтында, Алматыдағы Қазақ мем- лекеттік педагогика
институтында қызметтер атқара жүріп, ағартушы қай- раткер ғалым, жаңа
отандық ғылымның көшбасшысы ретінде қалып- таса түскен. Байтұрсынов-.
«...Баланың ойыны қайсы жұмысы қайсы, айыруға болмайды. Ойыны да
ойын, жұмысы да ойын, бәрін де ойын үстінде, ойын үшін істейді. Жас
балаларға жақсы іс, дұрыс білім үйрету дегенде мектеп балаларына сабақ
үйрету үлкендерге іс үйрету сияқты емес, әлгі айтылған сияқты балалар
табиғаты тілейтін жолмен үйрету айтылады. Яғни баланы ойынға үйрету,
қатыстыру арқылы ойыны қайсы, үйретуі қайсы екенін балалар айырмастай,
сезбестей етіп үйрету деп білу керек»,-деп айтқан.
А.Байтұрсынұлы сауат аштыру әдістерінің жөн-жобасын «Әліпби астарың»
атты
еңбегінде
де
көрсетеді.Мектеп
балаларына
оқулықтарында
иллюстративтік материалдарды қатар ұсынуда үлкен тәрбиелік әрі тіл
ұстарту мүддесін көздеген. Автор жалпы оқулыққа тән «жеңілден ауырға,
оңайдан қиынға, жайдан күрделіге» принципін ұстаған.1-басқыш мектеп деп
(яғни бастауыш мектеп) балаларына арналған материалдарды аса түсінікті
етіп беруді көздейді, сондықтан мысалдарды қазақ баласына таныс
(үлкендердің аузынан сан рет естіп, құлақтары үйренген) мақал-мәтел,нақыл
сөздерден,мысалдардан алады.Солардың барлығы дерлік адам- гершілікті,
адалдықты, еңбексүйгіштікті, тағы сол сияқты игі қасиеттерді уағыздайтын
дидактикалық мәні зор мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, өлең жолдары болып
келуі әрі олардың үзінділері әр әріпті өтуге байланысты орынды
пайдалануы және олардың тәлімдік те, танымдық та маңызын ескере
отырып іріктелуі еді. Ал белгілі бір тақырыпқа лайықты, өзі жасаған
мәтіндер ауыл балаларының күнделікті тұрмысынан алынып, олардың
арман-тілегін, талап-талпынысын, тағы басқаларды танытатын шағын
әңгімелер түрінде берілген. Бала дүниетанымы мен психологиясын, қиялын,
балалар табиғаты не тілейтінін шын танып-білген ұлы ұстаз Ахмет