0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет17/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

13 
 
Осы жолдардан «ызыңдап ұшқан мынау біздің маса» - сергектікті
қозғалыс күйді, сетпіліс пен ізденісті сәулелейтін астарлы бейне екені 
көрінеді. Ол қоғамның енжар, жалқау ұйқыдағы күйден оянуына қызмет 
етеді. Осы ағартушылық ойды басқа шығармаларында әрі қарай дамыта 
түседі.
Сол кітапқа енген мысалдардың бірі – «Аққу, шортан һәм шаян».
Бірлікке, достыққа, адамгершілік қасиетке үйрету. Мысалдың балаларға 
берер тәлімі:
- Ортақ істе ұйымшылдық көрсету; 
- Жаныңдағылармен тату өмір сүру; 
- Өзгелердің пікірлерімен санаса білу; 
- Өзіңнің ғана емес, өзгенің де қамын ойлау, көпшіл болу; 
- Достардың арасында бірлік, татулық, ынтымақ болу керек. Сонда ғана 
қандай болса да істі қолға алса, оның нәтижесі болады. 
«Масаның» негізгі идеялық қазығы – жұртшылықты оқуға, өнер-
білімге, рухани көтерілуге шақыру, адамгершілікті, мідениетті уағыздау, 
еңбек етуге үндеу. 

Маса” кітабына енген өлеңдерде ақын жеке бастың мұң- 
шерін, тұмыс-салт суретін емес, негізінен, әлеуметтік, қоғамдық ойлар, 
азаматтық идеяларды айтады. 
«Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттық дамудың талай жыл әбден тот басып 
қараусыз қалған, тіпті қараң қала жаздаған тегершігін бір өзі айналдырып 
көріп, мігірсіз қозғалысқа қосып берген. Ертегінің ерлеріндей ерен тұлға. 
Туған халқының рухани жаңғыруының сырын тап ондай біліп, сол жолда 
қалтқысыз еңбек етіп, мәңгі ескірмейтін ағыл-тегіл мол үлес қоса алған 
қайраткер қазақ топырағында оған дейін де, одан кейін де болған емес». Бұл -
жазушы Ә.Кекілбаевтің пікірі. Иә, қазақ даласында, қазақ ұлтында Ахметтің 
болғаны біздің де, келер ұрпақтың да мақтанышы, тәңірдің берген сыйы.
Жалпыхалықтық тілді қазақ әдеби тілінің негізіне айналдырған ұлттың 
ұлы ұстазы А.Байтұрсынұлы бар ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне, ұлттық мектеп 
қалыптастыруға, оның оқулықтарын жазуға ғылыми негізін жасақтауға, 
қызық ғылымы мен оқу-ағарту ісін ұйымдастыруға арнады. Ахметті тану – 
тілді тану. Тілді тану – ұлтты тану.
Әдебиеттің көркем бейнелеу құралдары, жанрлары жөнінде талдау 
жасай келіп, А.Байтұрсынұлы олардың, әрқайсысына әлемдік әдебиеттану 
ғылымындағы атауларға сәйкес дәлме-дәл қазақша балама атаулар береді. 
Бүгінгі қазақ әдебиеттану ғылымында қолданылып жүрген ұғымдар мен 
категориялардың атауларьш термин дәрежесіне көтеріп, қолданысқа енгізген 
Ахмет Байтұрсынұлы дейтініміз сондықтан. Әдебиеттің жанрларын 
айқындау, тарихи кезеңдерге, бөліп қарастыру мәселесінде де бұл еңбекте 
көптеген тұжырымды ойлар айтылады. Бұлардың кай-қайсысы да қазақ 
әдебиеттану ғылымындағы жаңалық болатын. 
"Өнердің ең алды — сөз өнері саналады. "Өнер алды — қызыл тіл" 
деген қазақ мақалы бар. Мұны қазақ сөз баққан, сөз күйттеген халық больп, 
сөз қадірін білгендіктен айтқан. Алдыңғы өнердің бәрінің де қызметін шама 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет