АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ - БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ІРІ ТҰЛҒА АДАМДЫҚ ДИҚАНШЫСЫ Ибраева Ұлболсын Адамдық диқаншысы қырға шықтым,
Көлі жоқ, көгалы жоқ құрға шықтым.
Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім,
Көңілін көгертуге құл халықтың.
Осы өлең жолдарынан-ақ Алаш арысының өмірлік миссиясын аңғаруға
болады. Абайша айтқанда, азаматтық тұлғасына, адамдық болмысына қарай
отырып, бұл кісіні кемел адам деп танимыз.
«Бір
басында
сан
салалы
өнер
тоғысқан,
телегей
теңіз
энциклопедиялық білім иесі, қайшылығы мол тартысты ғұмырында қараңғы
қалың елін жарқын болашаққы сүйреуден басқа бақыт бар деп білмеген ірі
тұлға, халықтың рухани көсемі» деген ұлы жазушы М.Әуезовтің сөзі де ұлт
ұстазының бағасын асқақтата түскендей.