0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет214/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

169 
 
үһілеу 
сөздерімен қатар
 гауһар, жауһар, һауа, һеш, һәр, һәман, баһа, 
қаһарман, жаһат
тәрізді сөздерді таңбалау үшін алынғаны «Әліппеде» 
арнайы бөлек көрсетілген.
6) «Әліппенің» 4-ші басылымында үйретілетін 11-ші әріп ретінде ұ таңбасы 
алынған, ал 7-ші басылымында 11-ші әріп ретінде у таңбасы берілген және 
4-ші 
басылымдағы 
арұу, 
азұу, 
табұу, 
танұу
мысалдарын, 
7-ші 
басылымда
 ару, азу, табу, тану
деп өзгерткен. 
7) «Әліппенің» 4-ші басылымындағы и таңбасына қатысты берілген 
айұу, 
байұу, тайұу
мысалдарын, 7-ші басылымында 
айу, байу, тайу 
деп 
өзгерткен. 
8) А.Байтұрсынұлы 
ы

і
дауыстылары «бас буында һәм барша бітеу буында 
жазылмайды, ашық буында қалмай жазылады» деген принцип ұстанғаны 
мәлім. Бұл жүйе 4-ші басылымында да (
арқ, азқ, қанқ, алтн, салқн, жртқ, 
жл, жлы, жлқы, үйдң, дәрм
т.б.), 7-ші басылымында да сақталған (
арқ, 
қазқ, қабқ, балшқ, ырм, шлм

інм, тс, ісм 
т.б.). Бұны араб жазуындағы 
харакат белгісіне негізделген принцип деуге болады, өйткені араб тілінде 
шешуші нәрсе дауыссыз дыбыстар жүйесі, қысқа дауысты дыбыстар 
айрықша таңбамен белгіленбей, харакаттар арқылы беріледі. 
«Әліппе» туралы әңгімені әріден қозғауымыздың тағы бір сыры – 
мектептің бас кітабы әрқашан әрбір Білім министрінің басты назарында 
болды. «Әліппенің» маңыздылығы соншалық, еліміз тәуелсіздік алғаннан 
кейін жарық көрген жаңа буын «Әліппесіне» Елбасымыз Н.Назарбаев 
алғысөз жазып, мектеп табалдырығын аттаған жас буынды өзі арнайы 
құттықтаған еді. Сол «Әліппенің» оқу бағдарламасынан шығып қалуы 
барша ата-аналардың, ұстаздар қауымының, бүкіл қазақ қоғамының 
наразылығын тудырды. Енді Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы 
Аймағамбетов аяулы кітапты оқушыларға қайтарып, көптің ризашылығына 
бөленді. Әрине, Байтұрсынов «Әліппесін» тура сол күйінде бүгінгі мектеп 
оқушыларына ұсынуға бола қоймайтыны белгілі. Бізге керегі – 
А.Байтұрсынов қалыптаған үлгі арқылы жас ұрпаққа ана тілінің бар әуезін 
сіңіріп, ата дәстүрінің бар қасиетін дарыту. Бұл мақсатқа жетудің 
педагогикалық, дидактикалық және әдістемелік негізін де кезінде 
А.Байтұрсынов жасап берген еді. 
Ахаңның пайымдауынша, әріп – дыбыстың таңбалануы, дыбыстан – буын, 
буыннан – сөз, сөзден сөйлем құралады. 
Осының бәрін ұлт ұғымына сай үйлестіру арқылы ана тіліміздің асыл 
қасиеттерін меңгереміз. Ал ол бізді ұлтты тануға, ғылым-білімді игеруге, 
халыққа қызмет етуге бастайды. Ә.Жұмабаева, Н.Құрман, Б.Сабденовалар 
даярлаған жаңа «Әліппе» Ахаңның осы концепциясын ерекше басшылыққа 
алған. Әліппе шартты түрде үш бөлімнен құралған. Алғашқы беті жас 
достарына: «Білім жолындағы алғашқы қадамың құтты болсын!» деген ұлт 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет