166 Ақын қазақ халқының дәстүрлі өмір сүру салтын сезіне отырып, ұлттық төл
туынды жасағысы келеді. Жасайды да. Алғашқыда емеурін, ишара, мегзеу,
астармен берілген ойлар мысалмен өріліп, өзі кешкен қиын-қыстау күндерге,
қуғын-сүргін, жетімдік пен жоқтыққа ұласады. Ел тағдыры, халық қамы,
бостандық таңы, бәрі-бәрі ақын жүрегінен ақтарылады. "Қартайған арыстан"
мысалында:
Бақ қонса, сыйлар алаш ағайын да,
Келе алмас жаман батып маңайыңа.
Басыңның бақыт құсы ұшқан күні
Құл-құтан басынады, малайың да, —
деп тұжырымды түйін жасайды.
«Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетін» сөзі қарапайым, ойы салмақты мұндай
мысалдарды алып келу Ахмет атамызға жаңа бір лептің белгісін
сездіргендей. Ондағы моральдық шешім, адамгершілік тағылымын ол қазақ
қоғамы үшін аса қажетті үлгі деп таныды және қателеспеді. Адам бойында
кездесетін түрлі әрекеттерді әшкерелей отырып, намыссыздық, жігерсіздік,
алауыздық, жалқаулық пен жағымпаздық, қулық пен зорлық, сараңдық пен
сатқындық сияқты келеңсіз мінездерді мысалмен беру, мысалмен сынау
анағұрлым қиын еді. Әр түрлі аңдардың аллегориялық бейнесін беру арқылы
адамдар арасындағы түрлі қарым-қатынас көріністерін көркем келтіріп,
ғибратты оймен ғажап жеткізеді. Ал тіпті кейбір мысалдарда тұтас халықтық
әлеуметтік мәні бар тақырыптар (отаршылдық, әкімшілдік, зорлық пен
зомбылыққа қарсы халық санасына қозғау салатын, қайрат пен жігерге,
намысқа шақыратын)қозғалады. Бұған «Қасқыр мен тырна», «Ала қойлар»,
«Қасқыр мен қозы», «Аңдарға келген індет», т.б.
жатады.
«Өзен мен қара су» мысалында:
Меңзеймін қара суды, қазақ, саған,
Талпынбай талап ойлап, қарап жатқан.
Барады қатар жұрттың бәрі озып,
Ілгері жылжымайсың жалғыз аттам.
Қандай көркем тіркестер. Теп-тегіс. Айналасы жұмыр. Сондай-ақ, «Қасқыр
мен тырнада» сүйекке қақалып өлгелі тұрған жерінен құтқарған тырнаға
қасқыр алғыс айтудың орнына, өзін бас салып, жемек болады. Мысалдағы
оқиға желісі көптеген мысалдарға ортақ болғанмен, авторлардың әр қайсысы
өзінше жазуға тырысады. Ахмет мысалы ұзақ кіріспеден басталады.
Қасқырдың тырнаға мақтау – монологін өз жанынан қосады. Мысал
соңындағы: