0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет206/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

163 
 
... Жоғарыда көрсетілген «Адамдық диқаншысы» деген бернелеудің айрықша 
баяндауы жоқ. Бірақ кімге айтылып отырған сөз екенінің ұшығы көрсетілген.
«Көңілін көгертуге құл халықтың» деген сөз бернелеудің астыртын 
мағынасының ұшығын көрсету болады. Шетін сездірген соң, ар жағының 
бәрі түсінікті. Бернелеу шығарманың неғұрлым жайнақы, ойнақы келсе, 
әдемі болып шығады»,-дейді [1.358]. Сонымен «бернелеу» сөзінің астарына 
үңілсек: «Бернелеу. Бір нәрсенің, көбінесе адамның мінезн, құлқын, ғамалын 
екінші нәрсенің мысалында көрсетіп айту бернелеу болады. Қазақтың 
бернемен сөйлеп отыр дегені осы бернелеу болады»,-деп айқындай түседі 
және тағы көптеген мысалдар келтіреді: 
Отқа ұшар көбелек, 
Қарамай, сорлы, алды-артын. 
Ойына кіріп шықпайды 
Күйдірер деп от-жалын. 
Шырқ айналар ентелеп 
Жүрер де, бір уақ ол қонар... 
Ұмтылған оты сорлыны 
Күйдірер де бір тынар [1.359]. 
Қазіргі жалпы мектептің 5-сыныпқа арналған әдебиет оқулығында 
«аллегория», «пернелеу» терминіне былайша анықтама беріліп жүр: 
«Аллегория (пернелеп, тұспалдап айту» – оқырманның санасына, қиялына 
ерекше әсер ететіндей образ жасаудың бейнелеуіш құралы, көркемдегіш 
құралы. Әдебиетте, өнерде дерексіз ұғымды деректі образдар арқылы 
көрсету. Мысалы, түлкі–қулық, арыстан–зорлық, қасқыр–қастық, қоян–
сужүректік, аққу–адалдық қасиеттерін білдіреді [3.59]. Қазіргі ұлттық 
әдебиеттану ғылымы қолданып жүрген негізгі терминдер, категориялар,
ұғымдардың қазақша дәл, ықшам, оңтайлы баламаларын білім алушыларға
«Әдебиет танытқыш» еңбегі бойынша оқытсақ, сапалы нәтижеге жетеріміз 
анық. Сондықтан да жаңартылған білім беру бағыты бойынша «Қазақ 
әдебиеті» 
пәні 
аясында 
әдеби-теориялық 
ұғымдарды 
Ахмет 
Байтұрсынұлының еңбектеріне негіздеп оқыту аса маңызды деп санаймын. 
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ұсынған «ҚР орта 
білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 
оқу жылындағы ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатта: «Қазақ 
әдебиеті» пәнін оқытудың мақсаты – оқушылардың бойында гуманистік, 
адамгершілік-эстетикалық, ұлттық құндылықтарды тәрбиелеу; ұлттық әдеби 
туындылармен қатар әлем әдебиеті туындыларымен таныстыру; көркем 
шығарманы тануда қажетті біліммен қаруландыра отырып, шығарманы 
мазмұн мен түр бірлігінде көркемдік тұтастық пен көркемдік бейнені талдау, 
жинақтай білу, шығарма идеясын, жазушы ұстанымын бағалай білу 
дағдыларын қалыптастыру,-деп көрсетілген[4.94]. Осы мақсатқа сай жұмыс 
нәтижесіне жету үшін З. Қабдоловтың «Ахмет Байтұрсынұлының «Әдебиет 
танытқышы» әдебиет теориясына ұлттық сипат дарытқан сөз өнерінің басы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет