160
елшілдік ұран – «Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің 1916 жылдағы
қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы
қажымаған қайраты, біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын»,-
депұлт ұстазының өлшеусіз еңбегіне баға береді [1.20].
Қазақты өнер-білімге
жетектеу өзгелердің емес, өзі секілді
оқығандардың парызы деп түйе білген ақын халықты ояту, оның сезіміне,
жүрегіне әсер ету жолдарын іздейді. Осы кезде қазақ жеріне орыс
шаруаларының көптен көшіп келуі жергілікті халықтың тілін,
мәдениетін,
елдігін сақтап қалу мақсатын күн тәртібіне қояды. Тіл құрыса, халық та
құриды. Ұлт атымыз өшпесін десек, қазақ әдебиеті мен тілін өркендетуді
қолға алу керек деп ойлаған Ахмет осы мақсат жолына ден қояды. Ахметті
қазақ даласында бала оқыту мәселесі ерекше толғандырғаны анық.
Ағартушылық жолға түсіп, «қайтсем,
халқыма пайдамды тигізем, қалай
көзін ашамын, ұйқысынан қалай оятамын» деген ұлы мақсат Ахмет
Байтұрсынұлын әдебиетке алып келеді. Әдебиетті халыққа ықпал етер күш
санайды. Осы мақсатпен мысал өлеңдерді аударып, «Қырық мысал» атты
кітабын 1909 жылы Петербургте бастырып шығарады. Алуан-алуан ойға
жетелейтін «Қайырымды түлкі», «Ала қойлар», «Үлес», «Қартайған
арыстан», «Өгіз бен бақа», «Аққу, шортан һәм шаян» мысалдарында
әлеуметтік-қоғамдық
жағдайларды меңзей отырып, тағылымды да ғибратты
ойлар айтады. Ақынның тұспалды ойлары 1911 жылы жарық көрген «Маса»
жинағында одан әрі көрініс береді. Бұл жинақтағы өлеңдеріне ел тағдыры,
халық қамы, бостандық арманы, қуғын-сүргін, өз басынан өткерген ауыр
жолдар, жетімдік-жоқтық секілді әлеуметтік мәселелер де арқау болады.
1910 жылы Орынборға жер аударылып келгеннен кейін ағартушылық
іске, ел ішіне ғылым-білім тарату жұмысына ден қоя шұғылданады. Оның
қазақ елінің жоғын жоқтаған еңбектері елге тарай бастайды.
Газет шығару
ісін қолға алып, «Қазақ» газеті арқылы көкейінде жүрген мәселелерді
жариялауға мүмкіндік алады. «Қазақ» газеті оқу-ағарту, оқулықтар жасау,
әліппе, емле, грамматика, жер игеру, кәсіп істеу, қоғамдық күрес, мәдениет,
әдебиет мәселелерін тереңнен қозғап, сол кезеңдегі
қоғамдық-әлеуметтік ой-
пікірге ұйытқы болады. «Қазақтың бас ақыны» атты еңбегінде Абайдың
тарихи рөлі, рухани болмысымыздағы орны, шығармаларының көркемдік
сипаттарын талдап, алғаш рет қазақ оқырмандарына таныстырады.
Ахметтің «Оқу құралы», «Әліп-би», «Тіл– құрал», «Тіл жұмсар» және
14 жылдық ұстаздық тәжірибесі негізінде жазылған «Баяншы» кітапшасы
жарық көреді. Халқымыздың бай ауыз әдебиетін, ертегі-аңыздарын, эпостық
жырларын, шешендік сөздерін,
мақал-мәтелдерін, жоқтау өлеңдерін
жинақтады. Осындай еңбектерінің нәтижесінде әдебиет тарихына терең
үңіліп, теориясын жасап, «Әдебиет танытқыш» еңбегін жариялайды.
Ахмет Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыш» еңбегі қазақ ғылымы
үшін де, әлемдік мәдениет үшін де баға жетпес құндылық. Бұл туралы ғалым
Дихан Қамзабекұлы «Әдебиет танытқыш –әлемдік құндылық» мақаласында:
«Ахмет Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышы» – әр буын қайта оралып,