0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет204/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

161 
 
рухани нәр алатын, ұлт өнерін дәстүрлі таныммен, білікке суарылған
парасатпен байытатын еңбек. Мұны тек әдебиетші ғана емес, әлеуметтік 
ғылымдардың барша саласы өкілдері оқып, зерделей алады.
...Енді бұл еңбектің атауына келейік. Неге ол Ақаңның басқа 
кітаптарындағыдай «Көркем сөз қисыны» немесе «Әдебиет құрал» емес? Бұл 
атау (әдебиет танытқыш) А. Байтұрсынұлы негізгі миссиясынан туындайды. 
Яки «қазақта бай әдебиет бар, соның асыл мақсұтын таныту» дегенге саяды. 
Бұл тұста мына мәселені де айқындап алайық. Бүгінде біз үшін ұлт өнер 
тануы мен мәдениет тануының басы болып ұғынылатын «Әдебиет 
танытқыш» тақыр жерге шыққан жоқ. Оны өмір жүзіне әкелген – адамзаттың 
ақыл-ойы. А. Байтұрсынұлы заманынан озық туған білікті, парасатты тұлға 
ретінде көркем өнер туралы адамзат ғылымы қисын-ережесімен қазақтың 
телегей- теңіз рухани мұрасын талдап бере алды. Ұлт әдебиеті ерекшелігін,
сипатын, өрісін көрсете білді. Сол себепті бұл зерттеу – әлемдік 
құндылық»[2.9].
Қазақ халқының өнері мен мәдениетінің, әдебиетінің дамуына ерен 
еңбек сіңірген талантты ғалым, дарынды ақын-аудармашы, ұлт ұстазы
Ахмет Байтұрсынұлын қандай дәрежеде насихаттап, жас ұрпақ тәрбиесінде, 
білім беру ісінде құнды еңбектерін тиімді қолданып жүрміз бе? Әрбір өлеңі 
өнегелі ойға толы ағартушының шығармаларын оқыту, мол мұрасын 
насихаттау жұмыстары кемшін түсіп жатқаны рас. Олай дейтін себебіміз де 
жоқ емес. Қазақтың білім беру жүйесі жаңартылған білім беру жүйесіне 
көшкелі Ахмет шығармаларын оқыту жұмыстарының да қарқыны бәсеңдеді. 
Қазіргі мектеп оқулықтарында ағартушының өмір жолы шағын мәлімет 
ретінде ұсынылады. Әдеби және ғылыми мұрасы, мақалалары туралы 
мағлұмат кеңінен берілмейді. Алаш алыптарының көш басындағы Ахмет 
шығармаларын жалпы мектептердегі «Қазақ әдебиеті» оқулықтарында 
кеңінен қамту ұлт ұстазының еңбектерін жас ұрпаққа насихаттаудың төте 
жолы емес пе? Оқулықтарда ғалымның «Қазақтың бас ақыны» мақаласынан 
үзінді беру Абайды терең таныта түсуге жол ашатыны анық.
Жаңартылған білім беру аясындағы жалпы мектептердің 5-сыныпқа 
арналған «Қазақ әдебиеті» оқулығында Ахмет Байтұрсынұлының «Егіннің 
бастары» мысалы, «Адамдық диқаншысы» өлеңі және ғалымның өмірбаяны 
мен мұрасы туралы аз-кем қамтылған. Осы бөлімнің тақырыптарына 6 сағат 
берілген. Мұнда білім алушылар шығарманы оқи отырып, әдеби-теориялық 
терминдермен жұмыс жасайды.
«Егіннің бастары» мысалы адамгершілікке, ізгілікке, адами 
қасиеттердің маңызын терең ұғуға жетелейді. Пән мұғалімі «Егіннің 
бастары» мысал өлеңінің идеясын ашуда халқымыздың «Бидайдың кеудесін 
көтергені–дақылы жоқтығы. Жігіттің кеудесін көтергені – ақылы жоқтығы», 
«Жақсымын деп мақтанба, халық айтпай, Батырмын деп мақтанба, барып 
қайтпай» мақалдарын өзара сабақтастырады. Дана халқымыздың адамдық, 
адамшылық, адамгершілік деген ұғымдарды өте жоғары бағалап, ұлттық 
құндылық ретінде тани білгендігін жас ұрпаққа үйретеді. Осы сөздердің 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет