0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет205/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

162 
 
астарында адам болу деген жалпыадамзаттық үлкен құндылық жатқандығын 
ұғындырады. «Ізгі адам» бейнесін қалыптастыруда Ахмет шығармаларының 
мазмұны айрықша ықпал етеді. «Егіннің бастары» мысалында автор өз ойын 
былай түйіндейді:
...«Елде көп бұл бидайдай адам дейді, 
Тәкаппар, оны халық жаман дейді. 
Қалпы емес тәкаппарлық данышпанның, 
Тұтынба бұл мінезді, балам» дейді. Жас ұрпаққа осы түйін сөзі арқылы 
«жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деген өнегелі сөзін өсиет етеді. Ахмет 
мысалдарының бір тобы адам бойындағы алауыздық, мақтаншақтық, 
қайырымсыздық, тәкаппарлық, күншілдік, зорлық, топастық, надандық, 
қулық, күндестік, үлкенді сыйламау, тойымсыздық, достықты қадірлемеу, 
жалақорлық, қанағатсыздық сияқты келеңсіз мінездерді мінеуге құрылады. 
Кейбір мысалдарда тұтас халықтық әлеуметтік мәні бар, зорлық пен 
зомбылыққа қарсы халық санасына қозғау салатын, қайрат пен жігерге, 
намысқа шақыратын тақырыптар да қозғалады. Халық арасында кең тараған 
«Аққу, шортан һәм шаян» мысалы арқылы алауыздықты шеней отырып, 
қазақ халқын бірлікке, ынтымаққа шақырады. Бұл мысалдарды оқи отырып, 
ақынның шын мәнінде адамдық дәнін шашқан кемеңгер ағартушы екенін 
аңғаруға болады.
«Адамдық диқаншысы» өлеңін білім алушыларға игертуде сәл 
қиындық туындайды. Олай дейтін себебіміз, өлең мағынасын автор астарлап 
жеткізеді. Бұл туралы «Әдебиет танытқыш» еңбегінен көре аламыз: 
«Мәселен, мынау түрлі сөздер бейнелеуден ұлғайып, бернелеуге айналып 
кеткен болады:
Адамдық диқаншысы – қырға шықтым, 
Көлі жоқ, көгалы жоқ құрға шықтым. 
Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім. 
Көңілін көтеруге құл халықтың. 
Қор болған босқа кетіп еңбек, бейнет, 
Құлдарға құлдықтан жоқ артық зейнет. 
Оттай бер, жануарым екі аяқты, 
Адамдық хайуанға қанша қажет? 
Жаратқан малды құдай не керекке- 
Мінуге, сою, соғу, жүндемекке. 
Жорта бер қамыт киіп, қамшыңды жеп, 
Бұйрық жоқ ұрасың деп үндемекке. 
Таяққа еті үйреген қойшы жайлап, 
Көк есек қозғала ма түрткенге айдап. 
Есептен алданғандай болғандар көп, 
Жасықты асыл ма дп білмей қайрап. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет