0 Қызылорда, 2022


АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ МЫСАЛДАРЫНЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ



Pdf көрінісі
бет208/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

 
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ МЫСАЛДАРЫНЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ 
Мырзағұлова Гауһар Абылқызы 
Ұлт ұстазына айналған, өмірбойы ұйқыдағы халқын «Маса» боп ызыңдап 
оятуды көздеген, «қазаққа қазақты сүюді үйреткен» Ахмет 
Байтұрсынұлының халқы үшін еткен қызметі ұшан-теңіз. Ол – ақын, ол – 
қоғам қайраткері, ол – қазақтың тұңғыш әдебиет зерттеушісі,көсемсөз 
шебері,
, лингвист, ағартушы-ғалым... Ол – Алаш көшбасшыларының бірі. Ол 
қазақ үшін бес рет түрмеге түсіп: «Асықпаңдар! Артымызда қазы бар...» 
деп, соңында атылып кете барған асыл боздақ. Оның өмір жолын, жасаған 
қызметін білу, бағалау – біздер үшін парыз. 

«Қазақтың Ахаңы» деген абыройлы атқа ие болған Ахмет 
Байтұрсынұлының қазақ үшін сіңірген еңбегі қаншалықты ұшан-теңіз болса, 
теңіздің әрбір тамшысы әр саладан құралып, танымы терең, табиғаты бөлек 
тың туындыларымен тоғысып жатты. Ең алдымен, ол – қазақтың қаракөз 
балалары үшін ана тілінде оқулық жазып, сауатын ашуға көп күш жұмсаған 
ағартушы, бәріміз жаттап өскен «Әліппе» оқулығының авторы. Өз 
заманының тұрмысын тоқтаусыз толғап, халықтың әлеуметтік өмірінің 
барлық саласына назар аударған қоғам қайраткері, өнер иесі, қазақтың әдеби-
мәдени деңгейін ұлттық сатыға көтерген ірі тұлға. Оның қазақ тілі үшін, 
қазақтың әдебиеті үшін жасаған ерлігі мен еңбегі қаншама жыл өтсе де құны 
қымбат асыл жәдігер. «Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті 
болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті 
болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек», – деп 
жазған Ахаңның бар арман-тілегі де осы еді. Жарығы мол шексіз әлемде 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет