Тіліміздегі осы күні қолданып жүрген сөздер мен сөз тіркестерінің бәрі
бірдей 1920-1930 жылдары пайда болған жоқ.
Терминология саласы да
ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық ретінде инновациялық бағытта
дамып,жаңа терминдермен толықтырылып отырады. Ғылым мен техниканың
158
дамуы,әлеуметтік, саяси,тарихи, мәдени өзгерістер өмірімізге көптеген жаңа
ұғымдарды алып келіп,терминжасам үдерістерінің өзектілігін арттыруда.
Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың
жаңа мүмкіндіктері»атты Қазақстан халқына Жолдауында терминология
тұрғысынан қазақ тілін халықаралық деңгейге жақындату керек деп
тапсырма бергені бәрімізге аян.Терминология саласындағы неологизация
құбылысы үшін саналы түрде басқарылатын фактор тән. Яғни ,жаңа
жасалымдар қатарынан тек қажеттілері ғана емес,сонымен бірге қазіргі әдеби
тіл нормалары мен талаптарына сәйкес келетін ең үздік үлгілері іріктелініп
алынады.Мәселен,әуежай,жағажай,саяжай-қазақ
тіліндегі
аффиксоидтар
құбылысы.
Өзіміз қазақ тілі бай тіл деп дәлелдегенімізбен,іс жүзінде сол байлықты
А.Байтұрсынұлы мен оның замандастары тәрізді шебер пайдалана
алмауымыздан ,термин жасау ісінде тіліміздің мүмкіндігін сақа пайдалануға
дағдыланбағанымыздан термин жасау жүйелі даму жолына түсе алмай отыр.
Термин жасауда жетекшілік етеді деген Республикалық терминологиялық
комиссиясының өзі бұл бағытта белгілі бір ұстанымға ие бола алмай
келеді.Мысалы, «процесс» деген халықаралық терминнің қолданылу саласы
да мағыналық аясы да кең екеніне қарамастан,оны «үдеріс» деп бекітті.Бұл
ретте онымен түбірлес «процессор», «процессинг» деген сөздердің қалайша
аударылатыны белгісіз.
Қазіргі кездегі терминжасамның негізгі принциптерін анықтау үшін
ғалымдардың
ұсынған
терминжасам
қағидаттарын
білуді
қажет
етеді.Академик
А.Қайдар,
профессор
Ш.Құрманбайұлы
ұсынған
терминжасам қағидаттарының А.Байтұрсынұлы терминжасамға қойған
талаптарымен сабақтастығы,ұқсастығы байқалады.
1.Байырғы лексикалық байлығымызды сарқа пайдалану
2.Туысқан түркі тілдері тәжірибесін іске қосу
3.Орыс тілінен (жалпы славян тілдерінен) енген терминдік атауларды
мүмкін болғанынша қазақшаға аударып қолдану,аударуға келмейтіндерін
қазақ тілінің фоно-морфологиялық ерекшеліктеріне үйлестіре қабылдау;
4.Терминдер мен атаулардың емлесін тіл заңына, жазу дәстүріне сәйкес
реттеу.
Бұл салада А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының
терминология бөлімі біршама жұмыстар атқаруда. Институт жұмысының бір
парасы- ұлттық маркерлік лексика молайып келе жатқандығынан шет тілдік
терминдерді қазақшаға аударылу бағытында жұмыс жасауда. 2023 жылы
қоғамдық және әлеуметтік ғылымдар бойынша 20 салалық терминологиялық
сөздік бітеді.2024 жылы техника ғылымдары бойынша 15 салалық
терминологиялық сөздік және 2025 жылы жаратылыстану ғылымына
арналған 15 томды әзірлеу жоспарлануда.
Қазақ алфавитінің латын жазуына көшірілуіне байланысты терминжасам
ісін жетілдіру-жылдар бойы атқарылатын ,жүйелі жүргізілуге тиісті
|