156
бунақ, буын) жасаған,төртіншіден,терминдердің жүйелілік ерекшелігін
ескере отырып,жалпы қолданыстағы бір үлгімен жасалған (модель) сөздерді
термин ретінде пайдаланған; бесіншіден,ғылыми ұғымдардың арасындағы
жүйелілік, құрылымдық байланысты көрсеткен.
А.Байтұрсынұлы тіл білімі,әдебиеттану ғылымдарының ғылыми
терминологиясын
жасаумен
бірге,көптеген
әдістеме,тарих
және
этнографияға ,жалпы мәдениетке қатысты терминдер жасаған ғалым.
Мысалы,қазақ тілін оқыту әдістемесінің де негізін қалаушы ретінде бұл
салаға қатысты көптеген терминдерді жасаған.Олардың қатарына
әдіс,әдісқой,сауаттау
әдісі,жалқылау
әдісі,жалпылау
әдіс,жалқылау-
жалпылау әдіс сияқты терминдерді жатқызуға болады.Мұхтар Әуезов 1923
жылы ғалымның «Мәдениет тарихы» атты кітап жазып бітіргендігін айтқан
еді.
А.Байтұрсынұлы ең алдымен,жеке өзінің тәжірибесіне,содан соң сол
салада атсалысып жүрген замандастарының,орыс және басқа үнді еуропа
мамандарының жетістіктеріне,араб, парсы сөзжасам үлгілеріне сүйенді.
А.Байтұрсынұлы терминжасам тәсілдерін анықтап,оларды өз тәжірибесінде
тұңғыш рет кеңінен пайдаланған ғалым.А.Байтұрсынұлының қазақ тілінің
сөзжасам тәсілдерін анықтаумен қатар,ол тәсілдерді термин жасауда
пайдаланудың үлгісін көрсеткендігін оның қаламынан туындаған жүздеген
терминдері
дәлелдейді.Мәселен,
ғалымның
жұрнақ,жалғау,буын,
рай,мүше,әдіс
т.б.
терминдері
семантикалық
тәсілмен,жақша,
сызықша,көсемше,
есімше,әліптеме,
ермектеме,
баяндауыш,мазмұндама,жалғаулық
есімдік
тәрізді
терминдері
морфологиялық тәсілмен,дауыссыз дыбыс,дауысты дыбыс,жайылма сөйлем,
болымды сөйлем,сабақтас сөйлем т.б. терминдер тобы синтаксистік тәсілмен
жасалған.Бұл аталған терминдердің кейбіреулері орыс тіліндегі терминдердің
калькалану арқылы жасалғандығы аңғарылып тұр (калькалау- сөзді немесе
сөз тіркесін сөзбе-сөз аударудың нәтижесі).
«Тіл-құрал» еңбегінде –уыш,-уіш,-ша,-ше,-лық,-лік жұрнақтары арқылы
жасалған сызықша,есімше, көсемше,бастауыш, баяндауыш, сұраулық
терминдерінің үлгісі 1927 жылы Мәскеуде басылған Ж.Күдериннің
«Өсімдіктану» оқулығында сабақша, тұқымша,қайықша, қаптауыш,аналық,
ал Е.Омарұлының 1928 жылы Қызылордада жарық көрген «Пішіндемесінде»
(геометрия) тікше, қиықша, өлшеуіш,өлшемдік түрінде жалғасын тапқанын
көруге болады.А.Байтұрсынұлының қаламынан туындаған тұрлаусыз мүше,
тұрлаулы мүше,одағай сөз, сабақтас сөйлем терминдері Е.Омарұлының
тұрлаусыз шама, тұрлаулы шама,одағай сан, сабақтас пішін терминдерінің
жасалуына себеп болғандығына да дау айту қиын. Бұл салаларда оның
термин жасаудағы негізгі принципі ең алдымен,қазақ тілінің өз
мүмкіншіліктерін пайдалану болды.Кезінде А.Байтұрсыновты жау етіп
танытуға күш салғандардың оған тағатын идеологиялық айыптарының бірі-
А.Байтұрсынов термин жасауда пуристік бағыт ұстады...яғни,қазақ тіліне
орыс сөздері мен интернационалдық терминді жолатпауға тырысты» деген
|