0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет194/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

152 
 
педагогикалық ой-тұжырымдарының түпкі нәтижесі білім алушының 
қатысымдық, танымдық, проблемалардың шешімін табу ақпараттық 
құзіреттілігін қалыптастыруға бағытталған. Ал бұл бүгінгі білім беру 
жүйесінің – басты мақсаттарының бірі.
Олай болса, бүгінгі мектептің білім жүйесі «Мәңгілік ел» болу үшін 
«Мәңгілік тілін» сақтауға, «Ұлы дала елінің» «Рухани жаңғыруына» жол 
ашуға, сол идеяларды жүзеге асыруға бағытталуы керек.
1. «Қазақ тілі» пәнін оқытуды өзіміздің дәстүрлі жүйемізге сәйкес қазақ 
тілінің грамматикасына негіздеу керек. Бірақ оны таза теориялық тұрғыдан 
емес, фунционалдық қызметіне сәйкес түзіп, оқушының логикалық ойлау 
қабілеттерін дамытуға, оның тіл туралы дүниетанымын қалыптастыруға мән 
бере оқытуға назар аудару қажет. Бұл бағытта оқушының теориялық 
тақырыптарды дүниетанымдық тұрғыдан игеруі маңызды саналады. Осы 
жерде А.Байтұрсынұлының «нәрсенің атын алмай, затын алып оқыту керек» 
деген қағидасы басшылыққа алынуы заңды. Бала дұрыс сөйлеуге үйрену 
үшін ол алдымен дұрыс ойлауға үйренуі керек. Ойлау қабілетін жетілдірудің 
бір тетігі – оқушының тіл туралы дүниетанымын қалыптастыру.
2. Оқушының қазақ тілін саналы меңгеруі тілдік терминдерге мән бере 
оқытумен тікелей байланысты. Тілдің теориясын сапалы игеру оның атауына 
айналған термин сөздің мағынасын дұрыс түсінуден басталмақ. Тіл 
терминдерінің негізін қалаған А. Байтұрсынұлының ұлылығы сол: әр
терминді жасауда халықтың тілдік қорынан дәл сол тілдік құбылыстың 
өзіндік ерекшелігін, оның бүкіл табиғатын ашатындай ойға оралымды, 
көңілге қонымды сөздерді сәтті таңдай алуында. Мысалы «зат есімді» 
оқытқанда, оның атауы «зат» және «есім» деген сөздердің бірлігінен 
тұратынын, яғни, заттың атын білдіретін сөздер екенін ұғындырса, ол білім 
оқушы ойында біржола бекіп қалады. Сосын ғана зат, ұғым, құбылыс 
атауларына тоқталып, олардың әрқайсысының ерекшеліктерін таныту 
арқылы білім бекітілмек.
3. Қазақ тілі пәнінде теориялық ережелерге мән бере оқыту да оқушы 
түсінігін қалыптастыруда, ойын дамытуда маңызды орын алады. Сын есімді 
түсіндіріп тұрған мұғалім тақтаға алманың суретін салып, оның сындық 
белгілерін оқушылардың өзіне тапқызуына болады. Мәселен, қызыл сөзі 
алманың түсін; үлкен – көлемін; хош иісті – иісін; шырынды – сапасын; 
тәтті – дәмін т.б. білдіретіндігін балаларға «ой шақыру» әдісі бойынша
тапқызып, ең соңында өздеріне ереже шығартуға болады. Сын есімді оқыту 
үдерісінде нәрсенің сан түрлі белгісі мен сынын ажыратуға төселу 
оқушылардың әр нәрсеге, әр құбылысқа мән бере қарауына, оларды сипаттап, 
суреттеуге үйренуіне ықпал етеді.
4. Тілді оқытуда оқушының сөйлесім әрекеті түрлерін өзара бірлікте 
меңгертуге мән берудің де маңызы зор. Бала қаншалықты дұрыс сөйлеуге 
үйренсе, қоғамда өз орнын таба алу мүмкіндігі соншалықты арта түспек.
Жас ұрпақтың бойында шебер сөйлеуге деген құлшыныстың оянуы адам 
сауаттылығы айрықша рөл атқаратын қазіргі таңдағы бәсекелестікке 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет