151 Бірінші кезеңде тіл білімінің сыртқы болмысын таныту жұмыстары
жүргізіледі. Мұғалім түрлі әдіс-тәсілдерді орынды пайдалана отырып, тіл
заңдылықтары мен ережелерінің болмысын меңгертеді.
Екінші кезеңде оқушылардың тәжірибеде өз білімін қолдана алу
дағдылары мен біліктерін, білімдерін бекіту үшін «Дағдыландыру» және
«Сынау» жұмыстары жүргізіледі. Сөздердің мағыналары қандай, олар
сөйлемде қалай орналасады, бір-бірімен қалай тіркеседі, сөйтіп, тіл білімінің
заңдылықтары тәжірибе жүзінде танытылады.
Үшінші кезеңде оқушыларды шығармашылық ойлауға дағдыландыру
үшін дидактикалық ойындар қолданылады. Бұл ойындарды қолданудағы
басты мақсаты – оқушының жаңа білім жөнінде түсінігін қалыптастыру,
білімін жетілдіру, баланың тілдік ережелерді өздігінен ізденіп қолдануға
үйрету. Дидактикалық ойындарда оқушылардың шығармашылық қабілетін
дамытатын тапсырмалар беріледі.Көріп отырғанымыздай, жоғарыдағы
аталған ойлау сатылары айқын көрінеді. Себебі оқыту оқушылардың ой-
өрісін, ұлттық мәдениетін, ұлттық рух пен сана-сезімін дамытып, алғыр
тұлғаны қалыптастыруда мүмкіндік жасай алуы тиіс. Инновациялық
педагогикалық технологиялар кез келген пәнді оқыту барысында пән
мұғалімдерінің
ой-өрісін
кеңейтіп,
кәсіби
деңгейін
көтеріп,
шығармашылықпен жұмыс істеуге, жаңашыл ойларды кеңінен пайдалануға
және оқушыларға білім беруді жаңашылдық тұрғысынан жүзеге асыруға
мүмкіндік береді. Жаңа технология оқыту үдерісіне дәстүрлі әдістемені
модернизациялау, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастарды
ізгілендіру әрі демократияландыру негізінде, оқушының іс-әрекетін
белсендіру негізінде енгізіледі. Осы тұрғыдан келгенде, әр мұғалімнің
алдындағы мұраты, ең қасиетті міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған
жеке, дарынды тұлға қалыптастыру және өз пәнінен білім беріп қана қоймай,
әр баланың мүмкіндігін ашу, оны шығармашылық тұлға болуға жетелеу.
Жоғарыда айтып кеткеніміздей, оқыту мен тәрбие беру үрдістері ешқашан
«науқандықты» көтере алмайтыны белгілі. Бірақ адамзат баласының өз
ұрпағын оқыту, тәрбиелеудегі ең озық, тиімді ізденістерін, тәжірибелерін
жалғастырып, тағы да тың жолдар іздеу, классикалық педагогиканың озық
үлгілерін жаңа заман талабына сай дамыта отырып, еңбектену жалғасқаны
жөн.Сабақтың құрылым-жүйесінің белгіліден белгісізге, жалқыдан жалпыға
бастайтын сатылар бойынша таратылуы, мұғалімнің талдау мен дәлелдеу
тәсілдерінің байлығы, шешендігі, тақырыптың ғылыми тереңдігі мен
эмоциялық әсерлілігі оқушыны шығармашылық ойлауға дағдыландырады.
Ұлтымыздың көсемі – Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, «үйрену һәм үйрету
ең басында қиын. Балалар оқудың басында қиналмаса, оқудан тауы
шағылмай, көңілі қайтып мұқалмайды, оқуға ықыластанып, оқыған сайын
қызығады. Үйретушінің де жігері құм болмайды. Ісі ілгері оңай жылжыған
сайын көңілденіп оқытуға жаһады зорайып шабыттанады.» Байқап
отырғанымыздай,
ғалым
еңбектерінде
қазіргі
таңдағы
көптеген
технологиялардың нышандары барлығын көруге болады. Тілші-ғалымның