0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет192/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

150 
 
байланыста тіл дамыту әдістемесі тұрғысынан тіл дамыту жұмыстарын 
жүргізуде жеңілден ауырға қарай ұстанымын басшылыққа алған. Бұдан 
ғалымның дидактиканың заңдылықтарын терең біліп, оны оқулықта шебер 
қолданғанын көруге болады.
Біріншіден, ол ғалым ұсынған үлестірмелі карточканың мақсатынан 
көрінеді. Мәселен, 1-карточка ойын түрінде беріліп, сөзді шырпымен жазу 
ұсынылады; 2-карточкада жазуға жаттығу, санақ үшін ұпай ойыны беріледі; 
3-карточкада сөйлем құрастырып, сөздерді алмастырып қосып, алты сөзден 
оннан аса сөйлем құрастыру мақсат етіп қойылады. Бұдан біз ағартушының 
тіл дамыту, тілдік тақырыптарды дамыта оқыту жолында жеке сөздермен 
таныстыру принципін ұстанғанын, осыдан барып жекелеген тақырыптар 
арқылы оқушылардың сөздік қорын байытуды мақсат еткенін байқаймыз.
Екіншіден, А.Байтұрсынов тілдік тақырыптарды түсіндірумен 
байланыста бала тілін дамытуға аса қажетті материалдар ретінде жаңылтпаш, 
мақал-мәтелдер, жұмбақтарды береді де, осыдан кейін сюжетті мәтінге 
көшеді. Қазіргі эссе жазудың талабына сәйкес келеді. Жаңылтпашты жаттап, 
мақал-мәтелдің мазмұнын ашып, жұмбақтың шешуін таба білген балаға одан 
кейін берілген өтірік өлең, сюжеті қысқа мәтіндердің мазмұнын түсіну 
қиындық келтірмесі сөзсіз.
Үшіншіден, ғалымның тілдік тақырыптармен байланыста бала тілін 
дамытуда қолданған әдістерінің бірі – сөз ұқсастығын пайдалану, яғни, 
дыбыстардың алмасуынан сөз мағынасының өзгеретінін таныту, мысалы:«ол, 
олар, орлар, шаш, шаша, шашақ, керек, кезек, терек, төсек, елік, есек, зор, 
Ораз, ор, ора» т.б. Бұл жерде қайталау әдісінің материалды есте сақтауда 
маңызының зор екенін, сөздерді ұмытпай есте сақтауы, жеке қолданыста, 
сөйлемде, жаттығу кездерінде қолдана білулері үшін ең керек әдіс екенін 
байқаймыз. Әрі оқушы дыбыс алмасқан сайын сөз мағынасының өзгеретінін, 
сонымен қатар кез келген дыбыс тіркесі сөз жасамайтынын, оның өзінің 
заңдылығы бар екендігін берік есте сақтайды. Сонымен қатар ғалым тілдік 
материалды тек теориялық тұрғыдан ғана үйретіп қоймай, оқушылар 
күнделікті өмірде білімдерін кеңінен қолдана алатын дағдыларды 
қалыптастырудың негізін қалаған. Әсіресе, ғалым оқулықтарында тілдік 
материалдарды оқушыларға меңгертуде дидактикалық ойындарды кеңінен 
қолданғаны байқалады. Мұның себебін ол: «бала білімді тәжірибе арқылы 
өздігінен алу керек. Мұғалімнің қызметі оның білімінің, шеберлігінің керек 
орны, өздігінен алатын тәжірибелі білімнің ұзақ жолын қысқарту үшін, сол 
жолдан балалар қиналмай өту үшін, балаға жұмысты әліне шағындап 
беруінен, бетін белгілеген мақсатқа түзеп отыруынан», – деп түсіндіреді.
Ғалым оқулықтарын құрастырған кезде теорияның тәжірибемен байланысы 
ұстанымын басшылыққа алған. А.Байтұрсынов оқушының меңгерген білімін 
тәжірибеде орынды қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін тілдік 
материалдарды үш кезеңде ұғындыру жұмыстарын жүргізу қажеттігіне 
ерекше назар аударған:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет