146 Оқулық, методика, тіл, әдебиет, әліппе, сауат ашу,білім беру мәселесі – бұлар
Ахмет Байтұрсынұлы көтерген мәселелердің маңыздысы, үлкені.Осы
тақырыптағы мақалаларын, ғылыми еңбектерін мектепте сабақ барысында
оқып білеміз, ақпарат құралдарынан да көріп, оқимыз. Сондықтан мен осы
кезге дейін өзектілігін жоймай тұрған жер, шаруа жайы туралы
жазғандарын қаузағым келеді.
Әуелі Ахмет те Абайша қазақтың надандығын сынайды, содан кейін
надандығымен қоса шаруаға қырсыздығына қынжылады. Жерім қазыналық
болмасын деген қазақтың айтқаны дұрыс емес, жері жеке болса, мұжыққа не
саудагерге не болса соған айырбастап, бар жерінен айрылар еді. Осы ойды
«жеріне жеткізе» жазып, автор жердің қазыналық болғандығын қолдайды,
қазыналық болмаған жағдайда мемлекет жерден айрылып қала ма деген ішкі
қаупін сездіреді. Жерді игеруде де шаруа жайын білмеген халқына жол
көрсетеді.Мал баға алам деген қазақ мал бағуға да білім керек екенін
түсінбейтінін, егін салам деген қазақтың білімінің тіпті төмен екенін айтады.
Малды бағып, көбейтіп отырса,бұл- жердің кеңдігінің пайдасы , яғни
жайылым көп.Егін егіп, өнім алса да, егіншілік жердің көлемділігі себебінен
көп өнім алып отыр.Аз жерден көп өнім алуды, жерді демалдыруды
білмейтіндігін жазып, көшпелі болып, егіншілікке енді ден қойып келе жатыр
деп жұбанғанымызбен, әлі бейғам, әлі марғау екендігін айта келе,осы
қамсыз, бейғамдықтан өнім мен пайдадан кем қалып отырғанын
мұжықтармен салыстыра отырып көрсетеді..
Бір-екі жыл бұрын Сыр еліне Кореядан күріш егуді зерттеумен
айналысатын ғалымдар делегациясы келіп, біздің «күміс дәннен»көп өнім
алуымыз сонша жерді жыртып,сонша жерге суды ысырап етіп, өнім жинау
кезінде жанар-жағар майды артық жұмсауымыздың «арқасында»алып
отырғанымызға сын айтып, өздерінің тәжірибелерін ұсынған еді. Кәрістер
күрішті біздегідей алқаптың үштен біріне егіп, өнімді біздің кең алқаптан
алған өнімімізбен тең дәрежеде алады екен.Біздің соншама кең
алқаптарымызды, ысырапты көріп таң қалса, одан алатын өніміміздің
шамасын айтқанда тіпті таң қалған. Кішкене ғана жерден , көп өнім алуы
кәріс халқының әрі білімінің, әрі еңбеккештігінің арқасы десек болар. Бұны
«Сыр бойы»газетінен оқыған болатынмын.Ал Байтұрсынұлының осы
тақырыптағы мақаласын сөзбе-сөз берсек, кәріс ғалымдарының айтқан сыны
мен Ахмет атаның сынының бір екенін байқаймыз. «... Егін жақсы шығуға
осындай шарттар бар екенін егіншілердің көбі-ақ білетін де шығар, бірақ ол
шарттарының орнына келтіріп егін егушілер аз. Сондықтан жері бірдей бола
тұрып,егіндері бірдей шықпайды. Мысалы, қазақтармен қатар еккен орыс