154 Пайдаланған әдебиеттер: 1.
Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992.
2.
Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер.-Алматы: Ғылым,1999.
3.
Қазіргі қазақ тілі.-Алматы,1954.
4.
Аманжолов С.Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы.-Алматы:
Санат,1994.
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ Төлегенова Ләззат Өтепбергенқызы Қазақ тіл білімінің ,оның ішінде ғылыми терминологияның
қалыптасуы мен дамуы туралы сөз қозғағанда,ұлтымыздың ең ардақты
ұлдарының бірі Ахмет Байтұрсынұлының есімін айрықша атауға тиіспіз.Ол
қазақ
филологиясының,
тіл-әдебиет
ғылымын,ұлттық
ғылыми
терминологияны қалыптастырудың қайнар бастауында тұрған аса көрнекті
ғалым.
А.Байтұрсынұлы-қазақ тіл білімінің терминологиясын жасаушы.Кез
келген ғылымды оқып білу,меңгеру немесе оны өзгелерге үйрету сол ғылым
саласында қолданатын арнаулы ұғым атауларынсыз мүмкін емес.Қазақ тіл
білімінің негізін қалаушы ғалым ретінде А.Байтұрсынұлы осы ғылым
саласындағы негізгі ұғымдарды және олардың өзара байланысын
анықтап,яғни қазақ тілінің табиғатын көрсететін ұғымдар жүйесін түзумен
қатар,сол ғылыми ұғымдардың атауларын да тұңғыш рет жасады.Ғылыми
ұғымдарға атау беру үлкен талғампаздықты,тілді шебер пайдалана білуді
қажет
ететін
шығармашылық
үдеріс.Атаудың
ықшам
болуы,бір
мағыналылығы және ұғым мазмұнын қарастыруы керек.
Қазақ тілі мен әдебиетіне қатысты «пән сөздерді» (термин сөздерді)
алғашқы мақалаларынан бастаған А.Байтұрсыновтың ең бастаған ұстанымы-
«пән сөздерді» жүйелеуде ұлттық тіліміздің өз сөздік қорына иек артып,оны
мүмкіндігінше пайдалану. «Пән сөздерді» қалыптастыру барысында ғалым
мынадай талаптарды қоя білді:1.ескірген сөздерді,яғни архаизм сөздерді
ретіне қарай қолдану;байырғы сөздерге терминдік мағына телініп,мағынасы
көмескілеу кейбір сөздерге қосымша қызмет жүктеп,оларды бұрынғы
қолданыс дағдымызда онша белсенділік таныта қоймаған ,жеке-дара
мағынада қолдану деген сөз. 2.өз тілінде бар сөздің орнына басқа жұрттан сөз
алудан ,яғни шет сөздерден қашу; 3.қазақ тілінің бай мүмкіндігін пайдалана
отырып,ұғымның мәнін ашатын «жаңа пән сөздер» ойлап табу керек.
1912 жылы «Айқап» журналында «Шаһзаман мырзаға» деген көлемді
мақала жариялап, қазақ тілінің дыбыс жүйесі мен оны таңбалайтын әріптер
туралы пікірін білдіріп,қазақ тілі дыбыстарына қажеті жоқ араб таңбаларын
әліпбиден алып тастауды сөздің жіңішкелігін білдіретін дәйекші деген белгі
енгізуді,қазақ тіліндегі төл дыбыстардың әрқайсысына жеке таңба белгілеуді
ұсынады.Осы мақалада дыбыс,әріп,дәйекші, жуан дыбыс,жіңішке