155
дыбыс,қағида деген қазақша лингвистикалық терминдерді тұңғыш рет
кездестіреміз.
Тіл-құрал»
оқулығында
қазақ
тілінің
дыбыстық
құрамының
классификациясы да,сөз таптарын ажыратып, сөз тұлғаларының түрлерін
көрсетуде де сөздердің өзгеру(септелу, жіктелу,тәуелдену) тәртібін танытуда
да, сөйлем түрлерін ажыратуда да-қысқасы, қазақ тілінің фонетикасы мен
грамматикасын талдап-таныту күні бүгінге дейін А.Байтұрсыновтың аталған
оқулықтарының негізінде беріліп келеді.Тілдік әр категориясының
классификациясынан бастап бүкіл терминдеріне дейін қазіргі мектеп
грамматикасы А.Байтұрсынов салған негізде ұсынылып отыр.Атап айтар
болсақ,зат
есім,сын
есім,сан
есім,үстеу,есімдік,етістік,шылау,демеулік,қосымша,
жалғау,жұрнақ,бастауыш, баяндауыш,толықтауыш,анықтауыш, пысықтауыш
,дауысты,дауыссыз
дыбыс,септіктер,атау,ілік,барыс,табыс,жатыс,шығыс,көмектес,леп
белгісі,сұрау белгісі,қыстырма сөз, қаратпа сөз, т.б. Ахаң қалыптастырған
авторлық терминдер жүйесі де қазақ тіл білімі дамыған сайын жаңа
элементтермен толыға түсуде.
А.Байтұрсынов-қазақ тілінің ғана емес,әдебиеттану ғылымының да негізін
салушы.Тұңғыш әдебиет теориясын жазған ғалым осы ғылым саласының
ғылыми терминологиясын да жасаған.
1926 жылы «Әдебиет танытқыш» деген еңбегін жариялады.Бұл еңбек
нәтижесінде әдебиетіміздің ғылыми негізі,басты әдеби терминдері
қалыптасты.Өнер түрлерін «Көрнек өнері» деп атайды да,оны бес түрге
бөліп,қазақша баламасын ойлап табады.Солармен бірге қазіргі әдебиеттануға
сіңген
кейіптеу,бейнелеу,әсірелеу,теңеу,бернелеу,алмастыру,кекесіндеу,бүкпелеу,ш
ендестіру,дамыту, түйдектеу...т.б.атауларын енгізген.
Өлең айшықтары,шумақ, тармақ түрлері,ұйқас түрлері сияқты өлеңтану
теориясын жасады. Арнау деген өлең түрін үш түрге бөлген ол сұрай
арнау,зарлай арнау,жарлай арнау деп оларды мысалдар арқылы ашып берді.
Терминделуші
ұғымдарды дәл білдіретін жүздеген әдебиеттану
терминдерін жасай отырып,ғалым олардың ғылыми терминге тән
дефинициясын (ғылыми анықтамасын) берген.Ол дегеніміз ғылыми
ұғымның,өзіне ғана тән белгілерін айқын көрсетумен қатар, олардың
ұғымдар жүйесіндегі алатын орнын да көрсету деген.Мысалы,«Айшықтың
әрбір тақтасы шумақ деп аталады. Жұрттың бір ауыз өлең дейтіні шумақ
болады,әр шумақта бірнеше тармақ болады. Тармақ дегеніміз-өлеңнің әрбір
жолы. Тармақ бірнеше бунақ болады. Бунақ дегеніміз-өлеңді айтқанда
сезілетін дауыс толқынының соқпа-соқпасының арасы.Бунақ ішінде буын
болады. Бұл мысалдан байқайтынымыз, ғалым,біріншіден,өлеңнің құрылым-
құрылысын анықтаған,екіншіден,әрбір ұғымның өзіндік ерекшелігін,басты
белгісін,іргелес
ұғымдардан
айырмасын
көрсететін
анықтама
берген.Үшіншіден,әр ұғымның ғылыми атауын (айшық, шумақ,тармақ,
|