157 пікір болатын.Бұл әрбір іс-әрекеттің байыбына бармай берілген солақай
баға.А.Байтұрсыновтың термин жасаудағы «қазақшылығының» негізі бар
екендігін,яғни бұл ретте ұстаған принциптері мен бағытының дұрыс
екендігін көреміз.Ол қағидат-жас ғылым салаларының терминдерін жасауда
қазақ тілінің өз қорына иек арту.Жасанды болса да,қазақ сөздері оқушының
тез жаттығып,есінде жақсы сақтауына әрі сол сөздің мағынасына
қарап,терминдік семантикасын өзі аңғарып,игеріп кетуіне мүмкіндік
береді.Саналы ғалым осыны білген.Термин жасауда ана тіліміздің сөздік
қазынасын мейлінше пайдалану-сол кезең түгіл,бүгінгі күнде де өнімді
,басты принциптердің бірі екендігі белгілі.
Сонымен қатар А.Байтұрсынов интернационалдық терминдерден мүлде бас
тартпағандығын да айту керек.Тек тіл білімі емес,өзге салаларда да
А.Байтұрсынов
қаламынан
шыққан
материалдарда
проект,дума,депутат,фракция,доктор,фельдшер,микроб,флот,корпус,миллион
, батарея,шрапнель, солдат, пулемет,завод,телефон,телеграм,план деген
интернационалдық терминдер мен орыс сөздерін кездестіреміз.
А.Байтұрсынұлы жасаған терминдердің түгелге жуық сәтті шығуының
сыры-оның нағыз терминші ретінде терминге лексикология тұрғысынан
да,концептология тұрғысынан да қарай білуінде жатса керек.
Әдебиетші ғалым Р.Нұрғалиев Ахаңның еңбегіне жазған алғысөзінде «сан
алуан фольклорлық шығармаларды топтап саралауға мүмкіндік беретін
сауықтама,зауықтама,сарындама, салттама,ғұрыптама, қалыптама деген
терминдер қазіргі ұғымымызға өзі сұранып тұр.
Қазақ сөзінің табиғатына сәйкес келмейтін шет сөздер,біріншіден, олардың
бойында
біздің
тілге
жат
дыбыстар
керекті
дыбыстармен
ауыстырылады.Екіншіден,олардың
суффикстері
қазақшасымен
алмастырылады,үшіншіден,қосарлы
дыбыстардың
бірі
алынып
тасталады,төртіншіден, қазақ тіліне тән емес қосымшалар қазақша айтылу
ыңғайына көшеді.Мысалы, Оренбург-Орынбор,пуховой-бөкебай, т.б.
Терминологияға қатысты айтқанда,1910-1930 жылдар аралығын қазақ
терминологиясы дамуының « Байтұрсынұлы кезеңі»деп атасақ та болады.
А.Байтұрсынұлын тарихи құбылыс ретінде тану керек.Оның
еңбектері,әсіресе, терминжасам тәсілдері әлі күнге ғылыми зерттеу
объектісіне айнала алмай келеді.Ал мұның тарихи тағылымдық тұрғысынан
да,бүгінгі күн зәрулігі тұрғысынан да маңызы зор.
Сонымен, А.Байтұрсынов қазақ оқығандары жасап, ресми бекіткен
терминология қағидаттарын бүкіл түркі халықтарына ұсына отырып, түбі бір
туыстас тілдердің терминологиялық қорының ортақтық сипатын арттыруды
көздеген кең тынысты түрколог ғалым.