0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет218/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

173 
 
«Қазақ» газетінің рәміздік-бейне ретінде киіз үй белгіленген. Киіз 
үйдің түндігі батыстан ашылып, есігіне «Қазақ» деп жазылды. Мұны 
түсіндірген ұлт зиялылары газетте 
«Қазақ ішіне Еуропа ғылым-өнері 
таралсын, «Қазақ» газеті қазақ жұртына әрі мәдениет есігі, әрі сырт 
жұрт жағынан күзетшісі болсын» деп жазды.
«Аталы жұртымыздың, ауданды ұлтымыздың аруақты аты деп, 
газетіміздің есімін 
«Қазақ»
қойдық. 
Бұл «Қазақ» газетінің №1 санында шыққан Ахмет Байтұрсынов 
«Құрметті оқушылар» атты кіріспе мақаласында қазақ үшін баспасөздің не 
үшін керектігі туралы негізгі төрт себепті атап өтті.
«Әуелі, газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ тіл 
қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Газеті жоқ жұрт басқа газеті 
бар жұрттардың қасында құлағы жоқ керең, тілі жоқ мақау, көзі жоқ соқыр 
сықылды....
Екінші, газет – жұртқа қызмет ететін нәрсе, олай болатын мәнісі 
жұрттың білімді, пікірлі, көргені көп көсемдері, оқығаны көп адамдары газет 
арқылы халықтың алдына түсіп, жол көрсетіп, жөн сілтеп, басшылық айтады.
Үшінші, газет – халыққа білім таратушы. Олай дейтініміз, газеттен 
жұрт естімегенін естіп, білмегенін біліп, бірте бірте білімі молайып, зейіні 
өсіп, пікірі ашылып, парасаты жетікпекші.
Төртінші, газет – халықтың даушысы. «Жұртым» деп халықты арын 
арлап, зарын зарлап, намысын жоқтайтын азаматтары газет арқылы 
халықтың сөзін сөйлеп, пайдасын қорғап, зарарына қарсы тұрып, қарғаға 
көзін шоқытпасқа тырысады» 
Жалпыұлттық «Қазақ» газетін шығару арқылы олар халықты оқуға
көшпелі шаруаларды отырықшылыққа шақыруда, шаруашылықты жүргізудің 
прогерссивті формаларын, әйел теңдігін насихаттауда, патша үкіметі 
тарапынан жүргізіліп отырған отаршылдық саясатқа қарсы қоғамдық пікір 
қалыптастыруда айтарлықтай оңды істер тыңдырды». 
Алаш қайраткерлері «Қазақ» газетін қазақ ұлтының тағдырына қатысты 
барлыс істерге пайдаланды. ХХ ғасырдың әр салада білім алып келген зиялы 
қазақ азаматтарының басын біріктірген негізгі ұйытқы «Қазақ» газеті 
болғандықтан, аталмыш басылым бетінде ұлттық, әлеуметтік-экономикалық, 
құқықтық, мәдени мәселелер жарияланып тұрды.
Басылымның таралымы қазақ мекендеген барлық аймаққа жетіп жатты. 
Тіпті Ресей, Қытай қазақтары да тапсырыс беріп, алдыртып оқыған. Бұған 
төмендегі мәлімет айқын дәлел болады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет