0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет217/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

172 
 
1.
Үкіметтің бұйрық-жарлықтары
2. Мемлекеттік Дума мен Мемлекеттік кеңес жұмысы
3. Ішкі және сыртқы хабарлар
4. Қазақтың тарихы мен тұрмыс жайы
5. Этика, тарих, этнография және мәдениет мәселелері
6. Экономика, сауда, кәсіп, ауыл шаруашылығы, мал шарушалығы
7. Халық ағарту, мектеп, медресе, тіл және әдебиет мәселелері
8. Тазалық, денсаулық және мал дәрігерлерлігі жайы
9. Фельетондар
10. Корреспонденциялар мен жедел хаттар
11. Жергілікті хроника 
12. Суреттер
13. Почталар (хаттар) 
14. Құлақтандырулар
Басылымның қара жүгін арқалау міндеті – Әлихан Бөкейхан, Ахмет 
Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатовтардың мойнына түсті. 
«Қазақ» 
газетінің 
құрылтайшысы 
Мұстафа 
Ахметұлы 
Оразаев, 
ұйымдастырушы, редакторы — Ахмет Байтұрсынұлы, оның өкілетті өкілі 
М.Дулатұлы болды. 1918 жылы газетті Жанұзақ Жәнібекұлы басқарды. 
1913 
жылы 

ақпаннан 
бастап 
«Каримов, 
Хусаиновтар 
баспаханасынан» шығып тұрған басылымның бағасы былайша бекітілді: бір 
жылға жазылу - 3 рубль, жарты жылға – 1 рубль 75 тиын, 3 айға - 1 рубль, 
жекелеген нөмір бағасы - 5 тиын. Қазіргі теңгемен есептегенде 1913 жылы 
«Қазақ» газетін жазылу шамамен (2016 жылғы есеппен): 1 жылға – 10584 
теңге; 
6 айға – 6174 теңге; 3 айға – 3528 теңге; 
Газеттің жекелеген бір саны – 176 теңге болған.
Алаштанушы-ғалым М. Қойгелдиев: «Қазақ» газеті, белгілі дәрежеде, 
сол кезеңдегі қазақ ұлт-азаттық қозғалысының ең белсенді қайраткерлері
Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов және М. Дулатовтың үлкен еңбегінің ортақ 
жемісі еді» деп объективті бағасын берді. Басылымның «Қазақ» аталуында 
екі түрлі мағына барлығы аңғарылады.
Біріншіден, газет жалпыұлттық газет болғандықтан, мақсаты жері 
бөлшектеніп, елі бытырап жүрген қазақ халқын топтастырып, бір ортаға 
біріктіру болғандықтан да ұлт атын иемденіп «Қазақ» аталды.
Екіншіден, кітәби, әдеби, ғылыми айналымда қазақ атының өз аты 
аталмай, қырғыз аталып келгендігі белгілі, сондықтан, туған халқының төл 
атын қайта оралту мақсатында, қазақ зиялылары өз баспасөзін осылай атауды 
мақұл көрген. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет